Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата21.03.2017
өлшемі6,23 Mb.
#10101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

                           Пайдаланылған әдебиеттер:
4)
ҚР білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 
5)
Негізгі ережелері. 
6)
Қ.Бітібаева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (37-41беттер)
7)
«Қазақ әдебиетіжәне мем.-к тіл.» Республ. Әдіст. Журнал №4 2013ж.
8)
С.Кенжеахметов «Жеті қазына» 2-кітап.  (6-7бет.)
9)
Ділда Матайқызы Тасмағанбеткеліні «Ұрпағым, саған  айтам». (37 бет)
10) Қ. Мырза-Әлі.  «Шымыр жаңғақ, Көш.»   (31-48беттер.) (52-59беттер)
*****
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
№ 1 орта білім беретін мектептің жоғары білімді 
ІІ санатты   мектепалды мұғалімі Сембиева Айнур Хамитовна
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Ағаш»
Мақсаты: Балаларды ағаш түрлерімен таныстыра отырып батик әдісімен балаларды 
таныстыру, қолдануын үйрету. Балалардың қызығушылығын,шығармашылық қабілеттерді 
арттыру. Байқампаздығын, ойлау қабілеттерің, тілдерің дамыту. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: ағаш оюы суреті, керілген ақ түсті мата,тұз, жай 
қарындаштар,субояқтар, қылқалам.
Сөздік жұмыс: ою - өрнек, әшекейлеу, безендіру,батик әдісі, өрнектер.
Қостілділік компонент: ағаш-дерево, әшекейлеу, безендіру - украшать,өрнек – орнамент.
Іс – әрекет кезендері:
Тәрбиешінің  іс -әрекеті
Балалардың 
іс -әрекеті
І. Мотивациялық – 
қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді
Қайырлы таң
Қайырлы күн
Күліп шықты кун бүгін
Балалар шеңберге тұрып, 
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді
Қайырлы таң
Қайырлы күн
Күліп шықты кун бүгін
ІІ. Ұйымдастырушылық – 
ізденістік
Педагог кіріспе әңгіме өткізіп, балалардан қандай 
ағаш түрлерін білетіндерін сұрайды.
- Шынар, қайың, қарағай
- Балалар, мынасуретте не көріптұрсыңдар? Бұл 
ағаш деген ою балалар.Ою - өрнек – сан алуан ұлт 
адамдарының тұрмысынан өз көрінісін тапқан өте 
ежелгі өнер. Ою - өрнек ерте замандардан бері 
тұмар болып саналған. Ыдыс - аяқты, киімдерді 
жиһаздарды ою - өрнекпен әшекейлеген. Біздің ата -
әжелеріміз ою - өрнек символдарының құпия 
мағынасын оқи білген. Көбінесе өрнектер ақ пен 
қара болған. Бұдан кейінгі кездері қазақтың ою - 
өрнегіне әр түрлі ашық түстер қосыла 
бастайды.Бұлқазақтыңұлттықшеберлерініңбіртүрі 
Батик –ыстық балауызбен сурет салу.Бұл матаны 
ерітілген балауызбен әшекейлеу әдісі.Жібек, 
синтетика, жүн маталарына арнайы бояумен 
салынады. Бүгінгі ұйымдастырылған іс –әрекетте 
біздер ақ матаға батик әдісімен ағаш оюын саламыз.
Оған қажетті құралдар : ақ  мата, субояқ, 
тұз,қылқалам.
Жұмысты орындаудың реті
11)
Матамызға жай қарандашпен ою ағашын 
бейнелеп аламыз.
12)
Суға тұзды саламыз.
13)
Қылқаламды тұзды суға батырып алып 
субоятан керек түсімізга маламызда матамызды 
бояймыз. Бірінші ашықтау етіп жасаймызда үстіне 
қайта бояу арқылы түсін қанық қыламыз.
Балалардың жауаптары. Балаларға 
ағаштарды қарастырылады.Қайың, 
қарағай ағаш аттарын айтады.
- Ағаш.
Балалар педагогтың айтқанын 
тыңдайды.
Балалар педагогтың артынан 
қайталап отырып 
орындайды.Балалар сурет салуға 
кіріседі.
1) Матамызға жай қарандашпен ою 
ағашын бейнелеп аламыз.
2) Суға тұзды саламыз.
3) Қылқаламды тұзды суға батырып 
алып субоятан керек түсімізга 
маламызда матамызды бояймыз. 
Бірінші ашықтау етіп жасаймызда 
үстіне қайта бояу арқылы түсін 
қанық қыламыз.
Сергігу сәтін орындайды:
Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық. 
29

Сергігу сәті:
Ал балалар тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық.
ІІІ. Рефлексивті – 
түзетушілік
Балалар шығармалары көрмесі және талдау.  Іс - 
әрекет соңында соңыңда төрт - бес  үздік жұмыс 
балалардың көмегі мен таңдалынуы және мына 
сұрақтар бойынша талдау өткізілуі тиіс:
- Ою - өрнектің қандай элементтері қолданылған?
- Жұмыс ұқыпты орындалған ба?
- Бүгінгі әдіс сендерге ұнадыма?
Балалардың жауаптарын 
қорытындылап, барлық жұмыстарды
мақтанады.
Балалар салған суреттерін, алған 
әсерлерін көрсетіп айтады.
Сурет салуға деген 
қызығушылықтарын 
білдіреді.Қойылған сұрақтарға 
жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ағаш оюы, ою - өрнек туралы түсінік алады және маңызын біледі.
Игереді:батик әдісі арқылы ағаштың суретін салуды  игереді;
Меңгереді: ағаш ою - өрнекпен әшекейлеуге меңгереді.
*****
 Орал қаласы №1 ЖОББМ ІІ санатты мектепалды даярлық мұғалімі
Имашева Бахтыгул Файзуллиевна 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы  
Тақырыбы: «Ою - өрнек әлемі» 
Мақсаты: Ұйымдастырыған оқу қызметінде қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық 
қолданбалы заттар туралы түсінік беру. Ою - өрнек туралы мағлұмат беру. Дәстүрлі емес әдіс - 
тәсілдерді қолдана отырып, саусақпен ою - өрнекті салуды үйрету.Баланың есте сақтау қабілетін, 
елесін дамыту. Балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қолданатын әдіс - тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, көркем сөз, жұмбақ шешу, ойын ойнату, 
қайталау, мадақтау.
Көрнекіліктер:Киіз үй, үй жабдықтары әже суреттері; түрлі түсті картоннан қиылған ұлттық киім-кешектер мен 
жиһаздардың пішіндері; тіс пастасы, дымқыл шүберек.
Билингвизм:  ою-орнамент, өрнек-узоры
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Себепті 
қызығушылығ
ын ояту кезеңі
Амандасу
Армысың шұғылалы алтын күн!
Армысың мейірімді жер ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату дос болайық!
Қазір балалар, біздер киіз үйде тұратын Әженің үйіне қонаққа 
барамыз. (кедергілерден өтіп әженің үйіне келу.)
Әженің бізге арналған тапсырмасы бар екен орындаймыз ба?
Армысың шұғылалы алтын 
күн!
Армысың мейірімді жер ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату дос болайық!
Балалар кедергілерден мұқият
өтіп әжесінің үйіне келді.
Ұйымдастыру
шылық ізденіс 
кезеңі
Әже: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғалы отырмын қане 
табайық жауаб ын
1.Кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды. 
2.Текшелеп төрге
Жиғаным не? 
Тәрбиеші:Бұрынғы кезде біздің ата - бабаларымыз киіз үйде өмір 
сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық 
бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына 
сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге - кимешек, 
кажекей, мәсі, сырмақ жатады.
Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою - өрнексіз болмаған. 
Бүгін біздер ою - өрнектің «Қошқар мүйіз» деген түрімен танысамыз.
«қошқар мүйіз» - ата бабаларымыздың отар - отар қойы болсын 
деген арман тілегін, молшылықты білдіреді.
 Тақпақ жаттату:
Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз»
Орын алар тұрағы, көрпе - киіз.
Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде
Көз тартып құбылады оюымыз.
Балалар! Қараңдаршы, әжеміздің киім-кешектеріне, жиһаздарына не 
Балалар жұмбақты мұқият 
тыңдайды.
(сандық)
(көрпе, жастық)
Ою – өрнектер
Тәрбиешінің артынан 
қайталап отырып 
саусақтармен тіс пастасын 
жаға отырып ою-өрнек 
бейнелейді.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қылқаламды қояйық
30

жетіспейді? 
Олай болса әженің киім-кешектері мен жиһаздарына ою - 
өрнектермен безендіріп берейік. Біздер бүгін әдеттегідей бояумен 
немесе түрлі - түсті қарындаштармен салмаймыз. Бүгін біз кәдімгі 
тіс пастасымен, саусақтарымызбен саламыз(Тәрбиеші алдымен өзі 
үлгі ретінде көрсетеді.) 
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қылқаламды қояйық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң
Әсем сурет салайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң
Әсем сурет салайық
Іс-әрекеттің 
бағалау кезеңі
Қимылдық ойын: «Тақия тастамақ»
Қорытындылау, сұрақтар қою, тақпақты қайталау. Балаларды 
мадақтау.
Балалар түрлі - түсті қағаздан 
қиылған киімдер мен 
жиһаздарға ою салып болған 
соң, әжеге сыйға тарту етеді.
Күтілетін нәтиже:  
Білім:       Мүйіздердің түрлерімен танысады.
Білік:       Саусақпен жұмыстанады
Дағды:     Тіс пастасымен саусақпен бейнелеп үйренеді.
*****
Орал қаласы  Подстепный №1 ЖОББМ   өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Муратова Айдана Бисенғалиқызы
Мерзiм 
Тақырып:   «Текті білу тегін емес» (2-сағат)
Құндылық:   дұрыс әрекет
Қасиеттер:   тектілік
Мұғалiм:    Муратова Айдана Бисенғалиқызы   Сынып  
Сабақ мақсаты:
«Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары  туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
- ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
-ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу;
Ресурстар:
(құралдар, 
мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
 Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталап, сабаққа 
қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін
.Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
Тыныштық сәті           
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.  
Үй тапсырмасын тексеру 
Е.Өтетілеуовтың «Текті болу тегін емес» өлеңі
Сұрақтар:
«Жеті ата» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сабақ барысын 
талдау
Дәйексөз.
  «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл». Халық мақалы
 -Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)
Абайдың он тоғызыншы сөзі
   Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, 
жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған ада білімді болады. Естілердің айтқан 
сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден 
естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда ісе жарайды, сонда адам дее 
болады.
Сұрақтар:
5.
Әңгіме барысында не ұқтыңыздар?
Шығармашылық жұмыс
Отбасы мүшелерінің туған күндерін жазу;
Өз отбасындағы мерекенің жақсы өтуі үшін дәптерде берілген іс-әрекет және заттарды 
маңыздылығына қарай орналастыру
31

Топпен ән айту.
Мен әдепті баламын
Сөзі: У.Бекетов
Әні: И.Нүсіпбаев
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Қайырмасы:
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын!
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.
Үй тапсырмасы.
«Обал деген не?» әңгімесін оқу
Соңғы тыныштық сәтi. 
Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек
жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой 
ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге 
түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,  Төменарық ауылы
№223 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі
Майлыбаева Жадыра
  Қысқа  мерзімді  жоспар
І тоқсан
15.09.2016ж
Пәні: Қазақ әдебиеті
5
а 
– сынып
Сабақтың тақырыбы:
Мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
1. Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру                                                  
2. Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана 
білуге үйрету.
3. Өз халқының әдебиетін, мәдениетін дәріптеуге тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, 
табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу 
Күтілетін нәтиже:      
1.      Сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
2.      Шығармашылық қабілеттері өседі.                                                        
3.      Зерттейді, салыстырады, ой бөліседі                                                                 
4.      Оқушылар топта бірге жұмыс жасап, көмектеседі.
Негізгі идеялар:
Топта бірге жұмыс жасау арқылы оқушылар бірін бірі оқытады.ЖАДА жүзеге асады.Оқушылар 
жұптағы бірлескен әрекетке икемделеді.
Оқыту әдістері:
Жаңа әдістер
СТО
Оқыту үщін бағалау
1.Диолог
2.Жеке жұмыс
3.Топтық жұмыс.
4.Постер қорғау
Көрнекілігі:
Үлестірмелі қағаздар, стикерлер, маркерлер,қаламдар,тірек сызбалар, суреттер,5-сынып қазақ 
әдебиеті
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару
 Ойтолғау.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1. «Әдебиет» деген сөз қай тілден енген?
2. Әдебиеттің өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы неде?
3. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіне тән ерекшеліктерді ата?                                                                   
4. Тұрмыс –салт жырларын ата?
ІІ.Сергіту сәті.«Мен кіммін?» ойыны  арқылы оқушы көңілін көтеру
ІІІ.Сынып оқушыларын түрлі жемістер суреті арқылы топтастыру.
ІҮ. Жаңа сабақ
   Ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал - мәтелдер. 
Мақал – халық поэзиясының бір түрі,үлкен ойдың ықшамдалып,дәл айтылған нұсқасы.Мақал ойдың тура мағынасын да 
кейде астарлы мағынасында береді.Мысалы, «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақалойды білдірсе, «Шабан үйрек 
бұрын ұшар» деген нақты ойды білдіреді.
 Мәтел – мақалдың сыңары,халық поэзиясының бір түрі.Мәтел мақалға жақын,алайда өзіндік ерекшелігі де жоқ 
емес.Мәтелде көбінесе айтылатын ойдың тұспалы ғана болады.Мәтелде айтылатын сөіңе лайықты сөз қосып 
32

жеткізесің.Мысалы, «Сабақты ине сәтімен», «Қорыққанға қос көрінер»т.б
Ү.Мағынаны таныту.                                                                                                                                
І топ Мақал –мәтелдердің зерттелуі, тәрбиелік мәні /зерттеу/
ІІ топ Мақал мен мәтелдің айырмашылығы /салыстыру/                                                                                      
ІІІ топ Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшелігі /дәлелдеу/                                       
Қорғау.«Қарлы кесек» әдісі.                                                                                                                        
Бағалау.Смайлик арқылы.
ҮІ.Дәптермен жұмыс.                                                                                                                        
 І топ Жазылған әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған әріптерді тап. Сол әріптерді жалғастырып жазғанда жасырынған мақал 
шығады. Сол не мақал?                                                        
ІІ топ Сәйкестендіру тесті.                                                                                                                              
ІІІ топ Мына мақал-мәтелдерді аяқта
Рефлексия. «Жетістік баспалдағы»
Кейінгі тапсырма:
І топ «Мақал-мәтел –ғасыр шежіресі» /эссе жазу/
ІІ топ Көркем шығармалардағы мақал-мәтелдердің қолданылуы
ІІІ топ Мақал –мәтелдердің тәрбиелік мәні
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы  «Ғ.Абдуллин атындағы ОЖББМ» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Машанова Гүлсара Қисашқызы
Мектебі
БҚО.Жәнібек ауданы «Ғ.Абдуллин атындағы ОЖББМ» КММ
Пән мұғалімі
Машанова Гүлсара Қисашқызы
Сыныбы 
7 «а»
Пәні 
Қазақ әдебиеті 
Сабақтың 
тақырыбы
С.Сейфуллин «Сыр сандық»өлеңі
Сілтеме 
Оқулық, өлеңнің толық нұсқасы, ( интернет материалынан) «Аққудың айырылуы» А-ты, «Атамұра» 
2003
Мақсаты
  Ақынның   «Сыр   сандық»   өлеңін   оқи   отырып,   шығарманың   тақырыбы   мен   идеясына,   тілі   мен
мазмұнына талдау жасайды.
Өлеңнің   мазмұны   арқылы   оқушылар   адалдыққа,   шынайылыққа,   адал   достықты   қадірлеуге
 тәрбиеленеді, әсемдікті сезіне біледі. 
Оқушының ойын, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білу, өз көзқарасын әдеби, жүйелі
тілмен жеткізе білу дағдылары жетілдіріледі.
Міндеті
1. Мәтінмен жұмыс жасай отырып «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгереді; 
2. Өлең мәтіні арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани бағдар 
беріледі; 
3. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады.
Күтілетін 
нәтижелер
А) Ақынның өзіндік мұратын таниды өмірінен үлгі алады;
В) Сыни ойлауға үйрене отырып, өз пікірін айтуға дағдыланады;
С)  Ақын шығармаларында көтерілген адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлға 
дайындалады,адал достық пен жалған достықтың ара жігін ажырата алады; 
Д)Сөз өнерінің құдіретін түсінеді. 
Керекті  
жабдықтар
 интерактивті тақтадағы слайдтар, постер, маркерлер, түрлі түсті 
қағаздар,стикерлер
Сабақ  бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері 
(тапсырма)
Мұғалім әрекеті
 Оқушы әрекеті
Оқушыларға 
психология
лық ахуал туғызу
Оқушылармен амандасу. Сыныпты топқа бөлу. 
2 минут
Түс таңдау арқылы 
3 топқа бөлінеді. 
Кіріспе
Ой шақыру
 «Стикердегі диалог» 
«Стикердегі диалог» әдісімен 
Сәкеннің өмірі мен шығармашы-
лығы туралы мәлімет-
тер алмасады.
Негізгі
бөлім
 Өмірде жан екенсің қия алмайтын, 
Өлеңнің құшағына сия алмайтын. 
«Қазағың кәне?»- десе, «Мінеки!»- деп 
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын,- деп ақын Сырбай 
Мәуленов жырласа, 
«Буденныйдың мұртындай қайырып тастаған мұртты, қара 
толқынды келген шашты, өзі аққұба, көз қиығы ерекше, 
денесі сом, ердің ішіндегі аса бір сымбаттысы, кісілігінде 
еш міні жоқ»  деген екен  Ғабит Мүсірепов.
(«Ескірмейді естелік»кітабынан). 
Интерактивті тақтадағы слайдтар
арқылы ақын бейнесі көрсетіледі. 
«Сыр сандық » сөзінің мағынасы 
ашылады.
Түсіндірме сөздік: 
сыр- әркімнің өзіне тән, өзгеге 
белгісіз ойы;
сандық- әр түрлі бұйым салуға 
арналған, ағаштан жасалған үй 
33

 – Осындай сырты сұлу жанның іші де сұлу. Ішкі жан 
сұлулығынан шыққан өлеңдерінің бірі – «Сыр сандық».   
Балалар, жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
«Сыр сандық » сөзінің мағынасын ашайық.
«Сыр» деген не?
«Сандық» деген не?     «Сыр сандық» дегендегі «сандық» 
сөзі қандай мағынада тұр?
Ал, «адамның сыр сандығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Олай болса, Сәкен ағаның айтайын деген сыр сандығы 
адамның ішкі құпиясы екен.
Символ (рәміз) – әдебиетте ойды астарлап суреттейтін 
ерекше балама бейне. 
Бұл «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған.Ақын өлеңін 
«Досқа жазылған хат» деп атаған.Ақын өміріндегі 1923 
жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты 
туған.Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан 
күткен досы Шәріпжан Тотаев аяғын сындырып алады.Бірақ
кейінгі бір кездесуге Сәкенді жаңағы досы танымайды,
шақыртқанына келмепті.Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: 
«Үлкен шенділерге табынғыш,
жарамсақ.Былтыр күтіп,аяғын сындырған доссымағым ұлық
болсам ғана шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» 
дегенді ойлапты.
Әрине,бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде  
(фил.ғыл.докторы  С.Талжанов) осылай 
сақталғанымен, Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты 
тілге тиек еткен.
Мәтінмен жұмыс. 
1.«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу.
 Өлеңді топтың оқу жүйесі: 
І топ- 1,2, 3,4;
 ІІ топ- 5,6,7,8,9,10,11; 
ІІІ топ- 12,13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 шумақтары. 
2.Өлеңді талдау. 
І топ: Өлеңге әдебиет теориясы бойынша сатылы кешенді 
талдау. 
 ІІ топ:  Өлеңнің тіліне талдау жасап, айшықты сөздер мен 
сөз тіркестерін табады. 
ІІІ топ:  Екі жақты түсіндірме күнделігі .
Сатылы кешенді талдау:
1.Авторы: С. Сейфуллин 1894-1938 жылдары өмір сүрген 
ақын, қоғам қайраткері;
2.Тақырыбы: Адал достық пен жанама достық;
3.Идеясы: Адамгершілік асыл қасиеттерді 
дәріптеу,адалдыққа,
 шынайылыққа үндеу; 
4.Жанр түрі: Лирика (көңіл- күй лирикасы); Лирикалық 
кейіпкер: ақынның өзі;
5.Шумақ саны: 21;
6.Тармақ саны: 84;
7.Бунақ саны: 2;
8.Буын саны: 7- 8 буынды;
9.Ұйқас түрі: а-б-а-б шалыс ұйқас;
Әдеби- теориялық ұғымдар: 
 а) Эпитет: Нағыз дос, сымбатты тау, құзды шат, аққан су, 
сылдыраған бұлақ, шың басы, алтын жазу, қымбат жасау, 
асыл сым,алтын сарай, сұлу сым, мұз бұлақ, берік қойма, 
т.б.
ә) Омоним, көп мағыналы сөздер: қол, кілті, беті, жасау, 
т.б.
 б) Еспе қайталау:
Сыр сандықты ашып қара, ашып қара, сырласым,
Сым пернені басып қара, басып қара, жырласын.
Екі жақты түсіндірме күнделігі
жиһазы;
Өлеңнің жазылу тарихымен 
танысады. 
Лирикалық кейіпкер-өлеңдегі ішкі 
сезімін көңіл-күйін білдіретін 
ақынның өз бейнесі,жиынтық 
образы.
Символ – әдебиетте ойды астарлап 
суреттейтін ерекше  балама бейне.
Сынып оқушылары топпен жұмыс 
жасайды. Әр топ өлеңді 
композициялық, сюжеттік 
құрылымына сәйкес оқып, 
мазмұндайды. Топ мүшелері 
толықтырады.
Қорытынды
«Ой талқы сұрақтары» 
1Достық дегенді қалай түсінесің?
2. Жақсы досты қалай табу керек?
3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?
Оқушылар өз ойларын білдіріп, 
пікір алмасады. 
34


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет