Іі. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», оның құрылысы, маңызы Эссе



Pdf көрінісі
Дата05.03.2023
өлшемі66,78 Kb.
#71791
Байланысты:
ІІ. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», оның құрылысы, маңызы - Эссе



І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», оның құрылысы, маңызы -
Эссе


ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ МАМАНЫ – ІСМЕТ КЕҢЕСБАЕВ
Қазақ тіл білімінің маманы – Ісмет Кеңесбаев-
Биыл Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының
докторы, ҚазақКСР ҒА-ның академигі – Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың туғанына 115
жыл толады.
Белгілі ғалым 1907 жылы 15 қаңтарда Шымкент облысының Созақ ауданында дүниеге
келген. Алғашында ауыл молдасынан сауат ашып, кейінірек орыс тілді мектепте білім
алады. 1922 жылдан бастап Ташкенттегі Қазақ ағартушылық институтының дайындық
курсында, одан əрі Ленинград шығыс институтының түркология бөлімінде оқиды. 1931
жылы елге оралып, Абай атындағы Қазақ педагогика институтында қазақ тілінің ұстазы
қызметін атқарады. Сонымен қатар, Алматы медицина институтының тілдер
кафедрасының меңгерушісі жəне ҚазЦИК қарамағындағы Қазақ ұлттық мəдениетінің
ғылыми зерттеу институтында ғылыми қызметкер, КСРО ҒА Қазақ филиалының Тіл
жəне əдебиет секторында аға ғылыми қызметкер міндететрін атқарады. Ісмет
Кеңесбайұлы ғылыми қызметпен қатар, қоғамдық қызметтерді де қатар алып жүрген;
1942 жылы Коммунистік партияға мүше болады.
1946 жылы ашылған ҚазақКСР Ғылым академиясының алғашқы академиктерінің
қатарында Ісмет Кеңесбаев болған еді. Сонымен қатар, Ісмет Кеңесбайұлы жоғарыда
аталған ҚазақКСР Ғылым академиясының вице-президенті қызметін 1951 жылға дейін
атқарған. Өмірінің ширек бөлігін осы Ғылым академиясына арнап, Тіл жəне əдебиет,
Тіл білімі институттарын басқарған Ісмет Кеңесбаевтың мұрасы бүгінгі күні «Ғылым
ордасына» қарасты Қазақстан ғылымының тарихы музейінің қорында сақтаулы тұр.
Педагогикалық қызметін жүзеге асыру барысында І. Кеңесбаев қазақ тіл білімінің
маңызды мəселелерін зерттеумен айналысты. Тіпті 1944 жылы «Қазақ тіліндегі тұрақты
сөз тіркестер» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, 1945 жылы филология
ғылымдарының докторы атағын алады. Аталған «ғылым докторы» дипломының
көшірмесі музей қорында сақталған.
Академик тіл білімінің кез-келген саласын жіті меңгерген жəне қазіргі уақытта да
көптеген жоғарғы оқу орындарында оқу құралы ретінде пайдаланылатын қазақ тілінің
фонетикасы, лексикологиясы мен лексикографиясы, тіл білімінің жалпы мəселелері,
қазақ тілінің тарихы мен фразеологиясы бойынша ғылыми еңбектердің авторы. Ісмет
Кеңесбайұлының 250-ден астам еңбектері бар. Музей қорында ғалымның «Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілі грамматикасы. 1
бөлім», «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Часть 1.(А-К)», «Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі. Часть 2.(Қ-Я)», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», «Қазақ
тілінің буын құрылысы туралы», «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», «Қазақ тілі
грамматикасы. І-бөлім. Фонетика, лексика жəне морфология. Жеті жылдық мектеп пен
орта мектептің 5-6 кластарына арналған. Бесінші рет басылуы», «Қазақ тіл білімінің
мəселелері» сынды еңбектерін көре аласыздар. Еңбектердің арасында «Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі» – түркология саласы үшін үлкен жаңалық болды. Сөздікте бай
əдеби тілімізге тиесілі он мыңнан астам тұрақты сөз тіркестері мен олардың мағынасы,
жалпы фразеологияға қатысты теориялық тұжырымдамалармен таныса аламыз.


Ғалымның қырық жылдық еңбегінің нəтижесі – «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі»
еңбегі үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылады. Мемлекеттік
сыйлыққа ие болғанын дəлелдейтін құжаттың көшірмесе, ғалымның өзге де ресми
құжаттары, диплом, аттестаттары да Қазақстан ғылымының тарихы музейінде
сақталған.
Тіл білімінің маманы ғылым саласындағы ғұмырында филология ғылымдарының 7
докторы мен 50 кандидатын дайындаған. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты
өлмейді» - демекші, Ісмет Кеңесбаевтың шəкірттері бүгінде еліміздің таңдаулы жоғарғы
оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында қызмет етуде.
І. Кеңесбаевтың отандық ғылым саласына сіңірген еңбегі қашан да жоғары бағаланған.
Педагогикалық жəне ғылыми-зерттеу қызметі үшін Ленин орденімен, «Ерең еңбегі
үшін», «Қызыл Жұлдыз» ордені, ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен
марапатталып, «ҚазақКСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері», «Қарақалпақ
АССР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атақтарын иеленеді.
Сонымен қатар түрколог-ғалым Мəскеудегі халықаралық XXV конгресі, Түркиядағы
түркі тілі қоғамы конгресінде, ГДР, Венгриядағы Халықаралық алтаистика қоғамының
тұрақты конференциясы сияқты халықаралық деңгейдегі ғылыми форумдарда
баяндама оқыған. І. Кеңесбаевтың «Орал-Алтай қоғамының» құрметті мүшесі, «Түрік
тілі қоғамының» корреспондент мүшесі болуы, лингвисттің ғылымдағы жетістіктерінің
алыс-жақын шет елдерде де белгілі екенін көрсетеді.
Ісмет Кеңесбаев 1995 жылдың 16 қаңтарында Алматы қаласында дүниеден өтті.
Дегенмен, ғалымның артынан бай мұрасы – ғылыми еңбектері қалды. Қазіргі таңда
ғалымның есімін ұлықтау мақсатында І. Кеңесбаев атымен көше, мектептер аталған.
Қазақстан ғылымының тарихы музейі қорында қазақ тіл білімінің негізін
қалаушылардың бірінің мол мұрасы сақталған. Музей экспозициясында Ісмет
Кеңесбаевқа тиесілі ХХ ғасырдың 40-жылдары Германияда өндірілген «Rheinmetall»
(Rheinmetall-Borsig AG) баспа машинасы қойылған. Баспа машинасының басты
ерекшелігі – қазақ əліпбиі əріптерінің де болуы. Сонымен қатар, музей қорында Істем
Кеңесбаевтың жеке заттары, фотосуреттер, қолжазбалары, еңбектері мен сирек
кездесетін кітаптардан құралған жеке коллекциясы бар.
МЫСАЛЫ, Sozdikqor.kz сайты арқылы І.Кеңесбаев сөздігін қолдана аламыз яғни
телеграмм бот көмегімен, содан бір-екі сөзді алып қарасақ:
ЖƏУТІК
зат. (1) Қанжыр, мыршық (түлкінің аналығы); ескі кемірілген асық. (2) сын. Нашар,
əлжуаз, жаман * Жəутік сұрша шыбын.
Дереккөз: Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер"
баспасы, 2013. - 480 бет.
************************
Жəутік
зат. зоол. Қарға аунағанға дейінгі түлкі баласы (Ана тілі, 06. 11. 2008).


Түлкі, қоянның жəутігін, көжегін орға байлайды. Қасқыр, түлкі, қарсақ індерін қазу
арқылы олардың бөлтірік, жəутіктерін ұстайды (Б. Кəмалашұлы: Ана тілі, 11. 03. 1993,
4).
Дереккөз: Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2014. - 728 б.
************************
Жəутік
1. Нашар, əлжуаз, жаман. Жаман-жəутік.
«-Кедейдің жəутігін байдың жұлдызына ыстық қылып қоюын,- деді Ұлтуған жерге
ақырын ғана абайсызда түсіп кеткен кесе сыңғырындай сылқ-сылық күліп қойды.»
(Б.Қыдырбекұлы)
2. Түлкінің ұрғашысы. Мыршым.
Дереккөз: Журналист Тоқан Бодаухан жинақтап ұсынған сөздер
************************
Жəутік
сын есім. 1. Нашар, қолынан ештеңе келмейтін. Сонда айтыпты: Біздің Қошмəмбет
дейтін бір жəутік жігітіміз шəріге ұрланып көшіп кетіп еді (М.Қуанышбаев, Кек қылышы).
Қаулап шықты, қара табан аттанды, Жыртық үйден жалба жең, жəутік тымағың
(І.Жансүгіров, Шығ.). 2. Жаман-жəутік қос сөзінің екінші сыңары. Намаздыгерде
қаңғалақтаған жаман-жəутіктер қарсы алмасаң да қалмайды (Т.Əлімқұлов, Күрең өзен).
Артық-ауыс темір-терсек, жүн-жұрқаға дейін өткізіп, далада қалатын жаман-жəутікке
дейік пұл қылып, кəсібімді айырып жүрген жоқпын ба (Б.Тілегенов, Аққайнар).
Қазіргілер шетінен ас ішіп, аяқ босатар, кілең жаман-жəутіктер (Ө.Қанахин, Жас
дəурен).
Дереккөз: Қазақ əдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 6 - том / Құраст.: Ж.
Қоңыратбаева, Ғ.Қалиев, Қ.Есенова жəне т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
************************
Sozdikqor.kz:
Адалынан айырылды
Малдан жұрдай болды. Бір жұртта жиған қорасын Мыңғырған неше байларың Бір ақ
сирақ жұтқа кез болар, Адалынан айырылар (Базар жырау).
Дереккөз: Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800
б.
************************
Ағаш қазан қайнатты


Аз уақытқа құмар тарқату мағынасында айтылады. «Ағаш қазан қайнатайық» дегенім
насыбай атып алайық дегенім еді (Шешендік сөздер).
Дереккөз: Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800
б.
************************
Абылхаят [əбілхаят] суы
Мифологиялық ұғым бойынша, бұл фраза мұхиттың қиыр шетінде терең, тұңғиық йірім
болады, мұның суын ішкен адам өлмейді-міс, мəңгі өмір сүреді-міс деген нанымнан
туған. (Түрлі əдеби шығармаларда фразаның лексикалық өңі өзгеріліп, «асқан, асыл,
мейлінше қымбат су» ұғымында да қолданыла береді. Араб-иран тілдерінде аб деген
«су» мағынасындағы, ал һаят деген «өмір» мағынасындағы сөз). Бəйшешек, балауса
гүл, балдырғандай, Қаратып шырайына талдырғандай. Суындай əбілхаят шөлдеп
ішкен, Лебізі сусыныңды қандырғандай (I. Жансүгіров).
Дереккөз: Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800
б.
************************
Ағайын ала болды
Араздасты, жауықты, дұшпан болды. Жан түршігер жаман іс, Ағайын ала болғаны
(Шешендік сөздер).
Дереккөз: Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800
б.
************************
Ағайынды қоңыр қаз
Қатар-құрбы, замандас адамдар туралы айтылады. О да палуан. Екеуміз де
классикалық күреспен əуре болып жүргенбіз. Екеуміздің де салмағымыз бірдей. Жарыс
бола қалса, ағайынды қоңыр қаз белдесіп жатқанымыз («Лен. жас»).
Дереккөз: Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800
б.
************************
Абылай аспас асу [бел]
Тым қиын асу, өте ауыр жол. Темір- жолдар тартыла, Абылай аспас белдерден. Аса
соға, шарқ ұра, Сонау Сібір - Түркістан (I. Жансүгіров).
Дереккөз: Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800
б.
************************


Абылайдың ақ туы
Бұл сөз бұрын күллі қазақ атынан айтылар ұранның баламасы ретінде жұмсалатын
болған. Олар ана жақта партия құрып, ..Абылайдың ақ туының астына алаш
азаматын топтап, үш жүздің баласының басын біріктіріп жатқан көрінеді (Ə.
Нұрпейісов).
Дереккөз: Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800
б.
************************
Аға өлсе, іні мұра
Ескі салт бойынша, əмеңгерлік жасау. Аға өлсе, іні мұра дегендейін, Таз бастың
тоғызын да тамамдарсың (Айтыс).
Дереккөз: Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800
б.
************************
Ағама жеңгем сай, апама жездем сай
1. Мінез-қылығы үйлес. (Көбіне кекесін мағынасында айтылады). Ағама жеңгем,
апама жездем сай демекші, өзіңе балаң да сайма-сай екен ғой («Қаз. ертегі.»). 2.
Ұқсас іс-əрекет.
Дереккөз: Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800
б.
************************


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет