қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).
тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды.
Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша:
өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.
нарықтық механизмнің әрекет етуінің дұрыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында нарықтық конъюнктура мен шаруашылық субъектілер қызметіне мемлекет тарапынан әсер ету. Әсер ету объектісіне байланысты экономиканы мемлекеттік реттеу ресурстарды, өндірісті, қаржыны реттеуді қамтиды. Ол экономикалық саясатты жүргізу арқылы жүзеге асады. Экономикалық саясат –экономиканы басқару бойынша әрекеттер жиынтығы, шаралар жүйесі.