Сақа мал — жасы үштен асқан сиыр, бұқа, өгіз және тірідей массасы 350кг кем бір рет бұзаулаған сиыр.
Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығына төменгі көрсеткіштер бойынша жатқызады:
Етінің дамуы қанағаттанарлық, кеудесінің пішіні аздап сүйірленген, жауырыны онша байқалмайды, сан еті толық, омыртқа қыры, жамбас сүйектің басы, құйымшақ басы аздап
шығыңқы. Тері астындағы май құйрықта және құйымшақ сүйектің-басында байқалады. Өгіздің ұшасын аздап май басқан, жұмсақ.
Екінші дәреже - етінің дамуы аса қанағаттанарлық емес, кеуде пішіні қушықтау, жауырыны шығыңқы, сан еті ысылған, арқа және бел омыртқаларының жоталық өсінділері, жамбас
сүйектің, құйымшақтық басы шығыңқы тері астындағы май арқада. құйымшақ басында бөлшектене жиналған. Өгіздің ұшасы тартылған, май байқалмайды.
Бір тума сиыр — жасы 3-ке толмаған массасы 350 кг артық бір рет бұзаулаған сиыр.
Жас мал — жасы 3-айдан 3 жылға дейіңгі тана —
торпақ, өгізше, бұқашық.
Бұзау – жасы 14 күннен 3 айға дейінгі төл.
Ірі қара мал қоңдылығы
Бұқаның бірінші дәрежесі қоңдылығы төменгі көрсеткіштерден кем болмауға тиіс. Кеуделік жұмыр еті жақсы жетілген, арқасы, белі, сауыры жалпақ, қаңқа сүйектері байқалмайды, сан, жауырын еттері толық.
Екінші дәрежесі — кеудесі қушықтау, қаңқа сүйектері аздап шығыңқы, етінің дамуы қанағаттанарлық, кеудесі, арқасы, белі және сауыры жалпақ емес, саны,жауырыны тартыңқы.
Бір тума сиырдың I- дәрежелі қоңдылығы-кеудесі жұмыр, еті жақсы жетілген, жауырыны, белі, сауыры, сан еттері толық, омыртқаның жоталық өсінділері, жамбас сүйектің, құйымшақ басы байқалады, құйрық түбін май басқан. 2- дәрежелі қоңдылықты малдың кеудесі толық жұмырланбаған, етінің дамуы қанағаттанарлық, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы шығыңкы, тері астында май байқалмайды. Сүйегінің басы, құйымшақ сүйегі, қабырғалары байқалмайды. денесі жұмыр, арнасы тегіс.
779- 87 МС (1979ж ) бойынша ірі қара мал етін қоңына қарай 2 категорияға бөледі. Сиыр, өгіз және 3 жастан асқан сиыр етін 1деңгейдегі қоңдылыққа (1-категория) мына көрсеткіштер бойынша жатқызады:
Еті жақсы жетілген арқа, бел омыртқаларының жоталық өсінділері, шонданайдың басы, жамбас сүйектің сербегі байқалмайды, 8-ші қабырғадан бастап, шонданайдың басына дейін шел май басқан, бірақ майсыз аралықтар да болуы мүмкін. Шабында, мойны мен жауырынында, алдыңғы қабырғалары мен санында және жамбас қуысында майы бар.
2- категориялы қоңдылықты мал ұшасының орташа еті бар, сан еті қысыңқы, омыртқалардың жоталық ьөсінділері, шонданайдың басы және жамбастың сербегі көрініп тұрады. Шонданайдың басы, белдегі мен соңғы қабырғалардың үстінде ғана майы бар. 2- деңгейдегі қоңдылықты ұша етінің жетілуі қанағаттанарлық, жауырын -мойын және жамбас сан еттері толмаған, омыртқалардың жоталық өсінділері мен шонданайдың басы, жауырыны білініп тұрады
Бұзау еті бүтін немесе ұшаны ұзыннан екіге бөлінген түрінде шығарылады. Сонымен қатар ұшада ішкі белдеме еттері, бүйрек, бүйрек айналасындағы және жамбас қуысындағы май қалдырылады.
Ал сиыр еті ұзыннан бөлінген жарты ұша немесс төртке бөлінген түрінде және ішкі белдеме етсіз шығарылады. Ұшада ішкі ағзалар қалдықтары, ұйыған қан, қанталаған еттер, салпыншаққалдықтар болмауы тиіс.
Арық мал еті, бұқа еті, стандартқа сай өңделмеген ұша (жарты немесе ұшаның төрттен бірінің 15 пайыздан астамы тазаланған, шел майы жырымдалған, омыртқа арқылы ұшаны бөлу дүрыс жүргізілмеген, мойын еті қарайған және бір реттен артық мұздатылған) сатуға жіберілмейді. Мұндай еттерді тағамдық өндірістік өңдеуге жібереді.
1-категориялы сиыр етінің жарты ұшасына 5 домалақ таңба
басылады. Жауырынға, арқасына, беліне, санына және төсіне.
2-категориялы жарты ұшаға төрт бұрышты таңба жауырынға және санына басылады. Сонымен қатар жас мал етіне қосымша "М" (молодняк), ал бұқа етіне "Б" деген әріп басылады, ал арық етке үш бұрышты таңба басылады.
1 сурет. Сиыр қоңдылығын анықтау
2.2 Қой мен ешкінің қоңдылығын анықтау
Қой, ешкі қондылығы (МС 5111-55, 1979 жылы тексерілген) жоғары, орта, ортадан төмен үш дәрежеге бөлінеді.
Жоғары дәрежелі қондылығы-арқа және бел бұлшық
еттері жақсы жетілген, арқа, бел омырткаларының (шоқгықган басқа) жоталық өсінділері білінбейді. Тері астындағы май арқада, белде және қабырға үстінде
жақсы білінеді. Құйрықты қойдың құйрығы майға толы.
Орта дәрежелі қоңдылықта — арқа, бел еттері қанағаттанарлық жетілген, бел омыртқалардың жоталық өсінділері, жамбас сүйектің басы аздап шығыңқы, ал арқа омыртқаларының жоталық өсінділері шығыңқы; беліндегі, тері астындағы май қанағаттанарлық, ал арқасындағы және қабырғаларында аздаған май байқалады. Құйрықты қойлардың құйрығы майға толмаған.
Ортадан төмен қоңдылықта — еті төмен, омыртқалардың жоталық өсінділері, қабырғалары шығыңқы, шоқтығы және жамбас сүйектің басы жақсы байқалады, тері астында май байқалмайды. Құйрықты қойлардың құйрығында аздаған май
жиналған. Жалпы қойдың жүні қалың әрі тығыз болғандықтан, оның қоңдылығын ажырату едәуір қиындық туғызады.
Қой ұшасының қоңдылығы мемлекеттік стандартқа сәйкес (МС.1935-85), екі категорияға бөлінеді.
1- категориялы қой (ешкі) етіне, ұшадағы бұлшық еттері қанағаттанарлық Дамыған, арқа, шоқтық омыртқалардың жоталық өсінділері аздап білінетін қыртыс майы жұқа қабатпен жотаны, белдемені толық жауып, ал қабырғаны, құйымшақты және сан еттерін толық жаппайды (төменгі көрсеткіштері).
2-категориялы қой (ешкі) еті - ұшадағы бұлшық еттер нашар дамыған, сүйектері білініп — шығып тұрады. Еттің кейбір жерлерінде жұқа шел майын кездестіруге болады, бұл көрсеткіштерден төмен қоңдылықты ет арық етке жатқызылады.
1-категориялы қой ұшасына 5 домалақ таңба басылады; 2 жағынан жауырынға, санына және 1 таңба төске (оң жағынан) басылады. Ал басқа жағдайда жауырын және санға басылады (ұшада 4 таңба).
Ешкі ұшасына қосымша "К" (козлятина) таңбасы басылады. Ұшаның товарлық түріне қойылатын талап сиыр етіне сәйкес. Қой етінің шел майының жырымдалуы
жалпы көлемінің 10 пайыздан аспауы керек.
2-сурет. Қойдың қоңдылығын анықтау
3-сурет. Ешкінің қоңдылығын анықтау
2.3 Жылқы қоңдылығын анықтау
Жылқы қоңдылығы (МС 20079-74, 1986 ж, тексерілген). Жасына байланысты жылқы үш топқа бөлінеді. Сақа жылқы -жасы үштен асқан, жас мал — жасы бірден үш жылға дейін және құлын — жасы бірге толмаған массасы 120кг артық төл.
Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы — еті жақсы
дамыған, кеудесі жұмыр, арқасы, белі, саны, сауыры, жауырыны жақсы толған, омыртқалардың жоталық өсінділері, қабырғалары байқалмайды, жалы құйрық түбін май басқан.
Екінші дәрежелі қондылық-еті қанағаттанарлық дамыған, кеудесі қушықтау, жауырыны, арқасы, саны, сауыры толық. Арқа және бел омыртқаларының жоталық өсінділері аздап байқалуы мүмкін. Қабырғасы байқалады. Бірақ саусақпен ұстауға келмейді. Жалында аздаған май бар.
Жас малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы — кеудесі жұмыр,еті жақсы дамыған, омыртқалардың жоталық өсінділері байқалмайды, ал құйымшақ, жамбас сүйектердің басы байқалуы мүмкін, жалы майлы.
Екінші дәрежелі — еті қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішініқушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы аздап шығыңқы, қабырғасы байқалғанымен саусақка ілінбейді. Жалында аздаған май байқалады.
Құлынның тек қана бірінші дәрежелі қондылығын ажыратады — еті
жақсы немесе қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні жұмыр немесе қушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, жауырын қыры, иық белдеуі, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, ал қабырғасының байқалуы мүмкін. Жалында аздаған май болады. Сонымен катар мемлекеттік стандарт бойынша жылқының барлық қоңдылық дәрежесінде щоқтығының шығыңқылығы есепке алынбайды, майы аздау болғанымен еті өте жақсы дамыған болса бірінші дөрежелі қоңдылыққа жатқызуға болатыны көрсетілген. ұстауға келмейді. Жалында аздаған май бар.
4-сурет. Жылқы қоңдылығын анықтау
2.4 Шошқа қоңдылығын анықтау
Шошқаны тірі массасына, жасына және шел майының (шпигінің) қалыңдығына қарай 5 дәрежеге бөледі (МС 1213-74, 1985ж. тексерілген).
Бірінші дәрежелі — беконды жасы 8 айға дейінгі салмағы 80105кг жас шошқа. Олар арнаулы фермаларда жоғары сапалы бекон алуға лайықтандырып жемделеді. Түсі ақ, терісінде ешқандай пигменті, дақ, ісік, қанталау, жара болмауы керек. Желкесінен, құйрық түбіне дейінгі ұзындығы 100см кем емес шпиктің қалындығы (6-7 кеуде омыртқаның жоталық өсіндісінен жоғары) 1,5-3,5см.
Екінші дәрежелі-массасы 60-150кг, 6-7 кеуде омыртқаларының арасындағы шпиктің калыңдығы 1,5-4см болатын, етті жасшошқа және массасы 20-60кг, шпигінің қалыңдығы 1 см-ден кем болмайтын марқа торай (жасы 4-10 ай аралығында).
Үшінші дәрежелі- майлы семіз шошқа. Бұл топқа мегежін және азбан шошқаларды да жатқызады. Жасы мен массасы шектеусіз, шпигінің қалыңдығы 4,1 см-ден жоғары.
Төртінші дәрежелі- бұл топқа массасы 150кг жоғары азбан шошқаларды және салмағына қарамастан шпигінің қалыңдығы 1,54см болатын шошқаларды жатқызады.
Бесінші дәрежелі- салмағы 4-8кг болатын сүтпен қоректеніп жүрген торай. Терісі ақ немесе қызғылт, жара, қанды дақ, тіс ізі болмауы шарт. Қабырғасы, омыртқаның жоталық өсінділері байқалмайды.
Бірінші және екінші топқа мегежінді жатқызбайды. Бірінші дәрежеге жататын еркек шошқалар 2 айлығында, ал екінші, үшінші және төртінші дәрежеге кіретін шошқалар 4 айлығына дейін піштірілген болуы керек. Бірінші дәреженің талабына сай, бірақ терісінде жара, ісік, қанталауы бар шошкалар екінші дәрежедегі топқа жатқызылады.
1-категориялы шошқа етіне домалақ, 2-категориялы төрт бұрышты, 3-категориялы сопақша 4-категориялы үш бұрышты, 5 - категориялы домалақ (артқы аяғына домалақ таңба және "М" әріпі бар) жұқа тақтайшада таңба басылады.
басылады.
-сурет. Шошқа қоңдылығын анықтау
2.5 Түйе қоңдылығын анықтау
Жасына байланысты түйе де үш топқа бөлінеді. Сақа мал – жасы төрттен асқаны, жас мал – екіден төрт жасқа дейінгі және бота және салмағы 250 кг-нан артық, жасы екі жылға дейінгі тайлақ.
Қоңдылығына байланысты сақа және жас түйенің бірінші және екінші дәрежелі қоңдылығын, ал ботаның тек қана бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады.
Сақа және жас малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы – тұқыр жұмыр, еті жақы дамыған, сан және жауырын еттері толық. Өркеші тік немесе аздап жантайған, өркеш түбінде май жақсы байқалады.
Екінші дәрежелі қоңдылық – етінің дамуы қанағаттанарлық, сан еті аздап тартыңқы, өркеші майға жарымына дейін ғана толған, бір немесе екі жағына жантайған, арқасында өркеш маңайында май байқалмайды. Бота – салмағы 250 кг-нан артық, еті жақсы немесе қанағаттанарлық дамыған, кеудн тұрқы қушықтау, қабырғасы, жауырыны шығыңқы.
6-сурет. Түйе қоңдылығы
Қорытынды:
Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы — сойыс малының сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Малдың күйін оның етінің жетілуіне және тері астына жиылған май мөлшеріне қарап анықтайды. Ол үшін малдың сыртқы пішініне, арқасының тегістілігіне, ішіне, сан, жауырын еттерінің толықтығына назар аударады және тepi астындағы май жиналған жерлерін ұстап көреді. Астына май жиналған жердегі тepici оңай қозғалады. Tepi астына май алдымен құйымшақ, соңғы қабырғаларына жиналады, сонан соң алдыңғы жағына тарайды. Аса ceміз малда май жауырын және алдыңғы қабырғалар шамасында қалыптасады. Жас малда май тері астына қарағанда еттің арасына, ал кәpi малда ішкі ағзаларда және тері астына көбірек жиналады.
Жылқының коңдылығын етінің жетілуімен қатар арқасындағы, кеудесіндегі, беліндегі және жалындағы майды ұстап көру арқылы анықтайды.
Түйенің семіздігін оның өркешіне жиналған майға қарап ажыратады.
Қой және ешкіде олардың жүнінің тығыздығына және ұзындығына байланысты семіздігін сыртқы пішініне қарап ажырату қиын, тepi астындағы майды арқасын сипап анықтайды. Сонымен қатар құйрықты қойлардың құйрығына жиналған майдың шамасы байқалады.
Шошқаның қоңдылығын оның 6,7-кеуде омыртқаларының үстіне жиналған майдың калыңдығына қарап ажыратады.
Тауықтың семіздігін анықтағанда оны қанатынан басын өзіне қарата ұстап, төс еттерінің жетілуін байқайды және сан eтінe жиналған майды ұстап көреді. Қаз, үйректе май қанат астына жиналады.
Пайдаланылған әдебиет тізімі
С. Қырықбайұлы, Т.М. Тілеуғали. «Ветсансараптау практикумы», Алматы 2014
Позняковский В.М. Экспертиза мяса и мясопродуктов. Качество и безопасность. Новосибирск, 2005 г.
Ғаламтор желісі
Достарыңызбен бөлісу: |