Құмырсқаның көмегі. Зоологиялық үйірмеге қатысушылар үшін жануарлар скелетін дайындау өте қажетті. Алайда, ұсақ жануарлар: жылан, кесіртке, тасбақа, скелеттерін бүлдірмей тазалау әркімнің қолынан келе бермейді. Өйткені олардың етін сылып алу өте қиын. Міне, осы жерде құмырсқаларды көмекке шақыруыңа болады.
Ол үшін біраз еті сылынған скелетті құмырсқа илеуін тап та, соған таста. Құжынаған құмырсқалар «оңай олжаға» тап береді. Енді аз уақыттың ішінде тап – таза скелетті көресің. Сөйтіп, сенің кішкентай көмекшілерің скелетті мүжіп тазартады.
Құмырсқалар сөйлесе ме? Жануарлар тілін білетін адам жайында ертегілерден оқып, бұл қиял деп түсінетін едік. Соңғы жылдарда ғылым жаңалықтарынан жануарлар да өз ара сөйлесіп, бірін – бірі түсінесетіндігі анықталуда. Әрине, жануарлар тілін адам тілімен салыстыруға болмайды, дегенмен өз ара қарым- қатынас жасап, қорегін іздеуде, жауынан қорғануға, бірлесіп тіршілік етуге қолданылатын хабарды жануарлар өзіндік «сөзбен» жеткізетіндігі анық.
Құмырсқалардың ыммен сөлесу тілі де бар. Бұлай сөйлескен кезде құмырсқаның дене пішіні әр түрлі қалыпқа келеді. Суретте құмырсқаның ыммен сөйлесу кезіндегі мынандай сөздерді бейнелейтін қалпы көрсетілген: Қоректендіре гөр! Абайла! Келсең кел!
Қорытынды:
Құмырсқа «патшалығының» мызғымастығын қамтамасыз етіп келе жатқан қасиеттерінің бір себебі – алдында айтып кеткеніміздей бүкіл құмырсқалардың тіршілік әлемі «патшаға» бағынатындығы. Миллиондаған жылдар өтсе де, құмырсқаның қандай түрі болса да, өзгеріссіз қалған. Оның басты себебі- Бірлікте, Ынтымақта! Олардың өзара бірігіп, өмір сүруінде. Сөзімді қорытындылай келе мен барлық адамзат құмырсқа секілді ынтымақта, бірлікте өмір сүрсе екен деймін.
Аннотация
«Құмырсқаның біз білмейтін сырлары» атты ғылыми жобада, адам өміріне қажетті бал, дәрі – дәрмектерді құмырсқалардан да алуға болады. Тағы да құмырсқалардың біз білмейтін қандай сырлары бар екенін білу мақсатында осы тақырыпты таңдадым. Мен осы тақырыпты зерттей келе, көптеген мәліметтер іздеп, өзім де біраз мағлұмат алдым.
Кез – келген тіршілік иесін Алла өз орнымен, есеппен жаратқанын ұмытпасақ екен.
Аннотация
«Нами не известные секреты муравей». У муравей мохено взять нужные лекарства и мед для людей. Я выбрала эту тему чтобы узнать еще какие есть секреты у муравей. Исследьвая эту тему я нашелла к себе многие информации. Не забывайте что всевышный создал всех существующих.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Биология – 7 сынып
2. «Жүзге келгенде ақы сұра». «Айқын» газеті №42 (1466) 11/03/2010
3. «Биология ғажаптары» Қ.Сыбанбеков (1993).
4. «Қызықты биология» Қ. Қайымов (1975)
5. «Биолог анықтамалығы» журналы
6 «Биология және салауаттылық негіздері» журналы
7. «Негеш» Қазақ балалар энциклопедиясы. Алматы. 1995 жыл.
8. Сұрақ жауап балаларға арналған энциклопедия.
Пікір
Насенов Исмаил «Құмырсқаның біз білмейтін сырлары» атты тақырыпта ғылыми жоба жұмысымен шұғылданды.
Насенов Исмаил түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын тиімді, орынды пайдалана білген.
Құмырсқаны зерттеуге қызығушылығы артып, құмырсқа «патшалығына» қамқорлық жасап, асырап отыр.
Зерттеуде мол қажетті, маңызды деректерді пайдаланған, ізденген. Әсіресе құмырсқаның сырларын іздеп, пайдасы жайлы көп ізденіс жұмыстарын жүргізген.
Алдағы уақытта бұл оқушыдан көп үміт күтуге болады.
Бұл жоба тиянақты сипатталып барып, өз дәрежесінде жақсы мәліметтермен толықтырылған.
Пікір жазған:
Достарыңызбен бөлісу: |