Іі. Негізгі бөлім Қолхатқа сипаттама


Кепілхат. Кепіл зат азаматтық қүқықта



бет2/3
Дата11.12.2023
өлшемі15,26 Kb.
#137164
1   2   3
Кепілхат.
Кепіл зат азаматтық қүқықта: міндеттемелер дің орындалуын қамсыздандыру тәсілі; несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табу құқығы. Борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда бұл міндеттеме кепілге берілген мүліктің есебенінен өтеледі. кепілді иеленуші тұлға кепіл ұстаушы, кепіл нысанын ұсынушы тұлға - Кепіл беруші деп аталады. Борышкердің өзі де үшінші бір тұлға да кепіл беруші болуы мүмкін. Мүліктің меншіктенушісі не осы мүлікпен шаруашылық жүргізу құқығына ие
болған тұлға оны кепілге беруші бола алады. Бей материалдық құндылықтарды кепілге тек олардың меншіктенушілері ғана береді. Кез келген мүлік, соның ішінде айналыстан алынған мүліктен, кепіл берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптардан (мысалы, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптардан) басқазаттар мен бейматериалдық құндылықтар кепілге берілетін зат бола алады. Жылжымайтын мүлік кепілді (жер төлемдері, кәсіпорындар үкіметтер, пәтерлер т.б.) ипотека деп аталады. Егер айналыстағы тауарлар (тауардың босалқы қорлары, шикізат, дүмбілзат, дайын өнім т.б.). Кепілдік заты болса, олардың жалпы құны кепіл шартында көрсетілген құнының азаймайтын болған жағдайда кепіл беруші олардың құрамын, заттай нысанын өзгертуге құқылы;
Қылмыстық іс жүргізуде: бұлтартпау шарасы, яки алдын ала анықтау ісін жүргізушінің, тергеушінің, прокурордың, соттың шақыру бойынша айыпталушының, сезіктінің келуін қамтамасыз ету үшін айыпталушының, сезіктінің не басқа тұлғаның немесе ұйымның сот депозитіне салатын ақшасы немесе құндылығы. Оны тек прокурордың санкциясымен немесе соттың ұйғарымымен ғана қолдануға болады. Кепілдің қабылданғаны туралы хаттама жазылып, оның көшірмесі кепіл берушіге тапсырылады. Кепілдің сомасын осы бұлтартпау шарасын таңдаған орган істің мән-жайына (қылмыстың ауырлығына, айыпталушының мүліктік жағдайына, т.б.) қарай айқындалады. Кепіл салынған кезде кепіл беруші (айыпталушының өзі кепіл беруші болмаса) осы шара таңдалған істің мән-жайымен хабардар етілуге тиіс. Айыпталушы, сезікті алдын ала анықтау ісін жүргізушінің, тергеушінің, прокурордың, соттың шақыруына келмей қалған жағдайда кепіл соттың үйғарымымен мемлекеттің кірісіне айналысқа түседі. Кепілдік - тұлғаның өзінің контрагенті алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін кепілгер деп аталатын басқа бір тұлғаның құжат жүзінде рәсімделген кепілгерлігі. Мемлекеттік орган коммерциялық банк, ірі кәсіпорын, т.б. кепілгер болуы мүмкін. Өзіне қатысты кепілдік берілген тұлға міндеттемелерін орындамаған жағдайда кепілгер бұл міндеттемелерді кепілдікте көрсетілген мерзімде орындауға міндетті. Халықтардың саудада жүк жөнелтуші жүктің сан, сапасы, буып-түйілуі, таңбалануы, т.б. бойынша шағым - талаптардың бәрін өз мойнына алуға әзір екендігі жөнінде жүк тасымалдаушыға беретін кепілдікті хаттар кең таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет