Іі. Негізгі бөлім Қолхатқа сипаттама



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі15,26 Kb.
#137164
1   2   3
Кепілдік міндеттеме
1.борышкерден тиесілі соманың уақытылы төленуін қамсыздандыру үшін кепілгер несиелерге беретін құжат. Оның қолданылуы үшін кепілдік хатта көрсетілген бүкіл сома төленгеннен кейін тоқтатылады.
2. Жеткізілген тауардың келісім шартталап тарына ай келетінін қуаттайтын құжат. Онда сатып алушы пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда жабдықтың кідіріссіз жұмыс істейтіні жөнінде жеткізушінің кепілдігі мазмұндалады.
Кепілді несие - кепілдік ретінде сертификаттар яки биржаларға жоғарғы баға белгіленген және ипотекалық шарттар негізінде шығарылған құнды қағаздар немесе жалгерлік шарттар пайдаланылатын кепілдікті несие.
Кепілдікті мерзім - тауар жеткізуші немесе оны сатушы тауардың тиісті пайдалану және сақталу шарттары сақталған жағдайда оның қалыпты жұмыс істеуіне кепілдік беретін уақыт кезеңі. Кепілдікті мерзім ұзақ уақыт пайдалануға және сақтауға арналған өнімге белгіленеді
Мұсылмандық құқықта - өзінің алған қарызын уақытылы төлеп тұратынын растау үшін берешек адамның қарыз берушіге өз қора қопсысын немесе мал – мүлкінің бір бөлігін белгілі бір мерзімге дейін, яғни алған қарзынан құтылғанша беруі. Кепілге қатысты мынандай талаптар қойылады: екі жақтың өзара келісуі: Кепіл жөніндегі келісім жасаушылардың кәмелетке толған және ақыл – есі бүтін болуы; басы азат және өз мүлкіне өзі иелік етуге құқығы бар болуы; Кепілге берілген зат не мүлік қарыз алушыны қарыздан құтқармайды. өз кезегінде, қарыз алушының келісімінсіз кепілді ұстаушының кепілге берілген затты не мүлікті сатуына рұқсат етілмейді. Тек қарыз алушы қарызым уақытында өтемеген жағдайда ғана кепілге салынған затты не мүлікті салуға болады. Мұсылмандық құқықта кепіл міндеттемесі куәлардың көзінше ауызекі (кафалада)не куәлардың қатысуынсыз жазбаша (замана мен хауалада)жазылады.

Үлгісі
Кепіл хат


Кентау қаласы 2008жылдың он тоғызыншы ақпаны.

Мен, азаматша Паримбекова Жадыра Әмірбекқызы, мекен жайым: Кентау қаласы Аль – Фараби №94үй 31 пәтер, төлқұжатым 622259300, Қазақстан Республикасының ІІМ берген, Кентау қаласы Қонаев көшісі, № 11 үй, 7 – пәтерде тұратын азатша Керінбаева Жұлдыздан Жүз мың теңге (100000)алдым.


өз міндеттерімді орындауға:

  • келісімшартқа сәйкес процент төлеп тұруға;

  • алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;

  • келісім шарт талаптары орындалмаған жағдайда айып төлеуге;

  • мекен жайын өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға кепілдік беремін;

Осы кенілхат үш дана етіп жасалған, бір данасы Кентау қаласы нөмірі жетінші материалдық кеңесде тіркелген, екінші данасы азаматша Керінбекова Жұлдызда, үшінші данасы Паримбекова Жадыра Әмірбек қызында сақталады.


2008жылғы 19 ақпан Тараптардың қолы:________________


Қолхат пен кепілхаттың айырмашылығы Қолхат бұл қандайда бір жеке адамның уақытша пайдалануына материалдық бағалы заттың: мысалы: ақша, құжат, т.с.с. осындай заттарды алған жағдайдағы куәлендырылған ресми құжат болып табылады.


Бұл құжат жеке адамның өз қолымен жазылады. Мұнда айырбастау үшін, сыйға беру үшін көлемді көптеген бағаға алынған құнды заттарды алғандығы жайлы бағалау жазылады.
Сонымен қатар қолхатқа тек жеке адамның қолы ғана жүреді. Бұл жазылған құжатқа мекеме немесе басқа ұйымдар жауап бермейді, және де қолхатқа күні уақыты жазылып жеке адамның өзінде сақталады.
Ал кепілхатқа келетін болсақ Кепілхат бұл өзінің алған қарызын уақытылы төлеп тұратын растау үшін, қарыз берушіге өз мүлкін немесе мүлкінің бір бөлігін белгілі бір мерзімге дейін яғни алған қарызынан құтылғанша кепілге беруін айтамыз. Қолхатқа қарағанда Кепілхатқа көптеген талаптар қойылады. Ол талаптар мынандай болып келеді:

  1. екі жақтың өзара келісуі;

  2. кепіл берушілердің міндетті түрде кәмелет жасқа толуы сонымен қатар ақыл – есінің дұрыс болуы тиіс;

  3. ол міндетті түрде өз мүлкіне ие болып соған иелік етуге және жауап беруге толық құқығы болуы керек;

Кепілге берілген затты немесе мүлікті сатуға рұқсат берілмейді. Егер қарыз алушы қарызым өтей алмаған жағдайда болса сатуға болады.


Қорытынды


Қорытылай келгенде қолхат дегеніміз ақша, құжат, мүлік не басқа бір қымбат дүниені алғанын растайтын құжат түрі болып табылады. Құжат мәтінінде қолхат берушінің қызметі, аты- жөні, айы – күні толық жазылады және алған бағалы құнды заттардың атауы немесе алған ақшаның мөлшері кімнен алынғаны толық көрсетіледі. Қолхатта ең алдымен ақша көлемі санымен, содан соң сөзбен жазылып көрсетіледі.
Егер құжат мәтінінде қандай да бір жөндеулер, өшірулер, қате жазылған жағдайда, құжат күшін жояды.
Кепілдік – борышкерден тиісіні соманың уақытылы төленуін қамтамасыздыру үшін кепілгер несиелерге беретін құжаттың бір түрі болып табылады.
Кепілдің қабылданғаны туралы хаттама жазылып, оның көшірмесі кепіл берушіге тапсырылады. Кепіл міндеттемесі куәлардың көзінше не куәлардың қатысуынсіз жазылады.
Құжат мәтінінде кепілгердің аты – жөні, мекен жайы, айы –күні толық жазылуы керек және өз міндеттері жазылып көрсетіледі.
Пайдаланған әдебиеттер



  1. В. Салагаев. Б. Шалабай «Іс қағаздарын жүргізу»

Алматы 2002ж. 76-77 бет.

  1. Б.. Оспанова. Ж.Исмайлова

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»
Түркістан 2001ж 6-7 бет.

  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.

4-6 том 531 -532 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет