Іі. Негізгі бөлім


Қорытынды Есімді сөз тіркестері



бет3/3
Дата29.09.2023
өлшемі27,68 Kb.
#111689
1   2   3
Қорытынды
Есімді сөз тіркестері - сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп кездеседі.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).
Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Т.Қордабаев, М.Томанов. Тарихи грамматика мәселелері. А.,1975.
2. Ғ. Мұсабаев. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. 1-2- бөлім. А.,1965.
3. М.Томанов. Қазақ тілі тарихы грамматикасының мәселелері. А., 1974.
4. М.Томанов. Қазақ тілі тарихи грамматикасы. А., 1988.
5. Щербак А. М. Сравнительная грамматика тюркских языков. М.,1970.
6. Рамстедт Т. Н. Введение в алтайское языкознание.М.,1957.
7. Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия.Казань.
8. Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков.М.,1962.
9. Курышжанов А.К. Исследование по лексике старокипчакского письменного памятника . А.,1970.
10. Жубанов Х. Исследование по казакскому языку. А.,1966.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет