1.Ғалымдар зерттеулері нені дәлелдеді?
A) Спортшы адамдардың қанында холестериннің аз болатынын
B) Толық денелі адамдардың қанында сүт кышкылының болмайтынын
C) Қансорғыштардың барлық адамдарды бірдей шағатынын
D) Денелі адамдардың қанында холестериннің аз болатынын
E) Масалардың толық денелі адамдарды жиі шағатынын
2. Кансорғыш масалардың қызығушылығы неге байланысты?
A) Адамның иіссуына
B) Адам қанының құрамына
C) Адамкың жүдеулігіне
D) Адамдардың өңіне байланысты
E) Адам қанынын тәттілігіне
2-мәтін
1.Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі – Бурабай. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді.
2. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең: орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсак, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан сияқты балықтар еседі.
3. Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім «Бурабай», «Оқжетпес» демалыс және сауықтыру орындары бар.
4. Бурабай демалыс орны тұрғысында 1910 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен емдеу-сауықтыру орны ашылған. 1920 жылдан мемлекетгік маңызы бар демалыс орнына айналған.
5. Тәуелсіз ел болғалы, іргесіне Астана келгелі, Бурабай көлінің, мұндағы демалыс орыңдарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған.
Достарыңызбен бөлісу: |