Шетпе гимназиясы



бет1/2
Дата16.11.2023
өлшемі62 Kb.
#124225
  1   2
Байланысты:
Ашық сабақ. Қан топтары және қан құю. 8-сынып





Күні:
Сыныбы:

30.09.2023ж
8

Тақырыбы:

Қан топтары және қан құю

Мақсаты:

Оқушыларға адам қанының топтары, тромбоциттердің құрылысы және олардың қан ұюдағы рөлі туралы негізгі түсінік беру.

Міндеттері:

Қан топтары, тромбоциттердің құрылысы мен қызметтері туралы білім беру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар адам қанының топтары, қан құюдағы адам қанының үйлесімділігі, резус-фактор туралы білімді өз беттерімен меңгереді.

Әдіс-тәсілдері:

Диалогтық оқыту, топтық жұмыс, АКТ, СТО

Дерек көздері:

«Қан топтарының үйлесімділігі», «Қан топтарының генотиптері» кестелері, презентация, бейнекөрініс, бағалау парағы, смайликтер

Тапсырмалар:

«Ой шақыру», «Оқулықпен жұмыс», тест сұрақтары

Сабақтың барысы:

Сабақтың
кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдас-
тыру кезеңі
(2 мин)

1. «Өз орныңды тап»
Оқушыларды қан топтары бойынша топтарға бөлу: I, II, III, IY топтары
2. Психологиялық ахуал орнату

Оқушылар қиылған қағаздарға І, ІІ, ІІІ, ІY қан топтары жазылған қағаздарды суыру арқылы топтарға бөлінеді

Үй тапсыр-
масын тексеру
(5 мин)

«Ой шақыру»
1. Организмнің ішкі ортасы неден түзілген?

  1. Қан неден тұрады?

  2. Қан қандай қызмет атқарады?

  3. Қан плазмасының құрамын атаңдар.

  4. Эритроциттер қандай қызмет атқарады?

  5. Лейкоциттердің негізгі атқаратын қызметі қандай?

  6. Фагоцитоз құбылысын кім ашты?

  7. Тромбоциттердің қызметі қандай?

1.Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, қан мен лимфа құрайды


2.Қан плазмадан және қан жасушаларынан тұрады
3.Қан тасымалдау, гуморальдық, жылу реттеу, қорғаныш қызметтерін атқарады
4.Құрамында 90-92% су, 7-8% нәруыздар, 2% глюкоза, майлар, минералды тұздар, т.б. болады.
5.Эритроциттер оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайды.
6. Организмді ауру тудыратын бактериялардың, бөгде денелердің енуінен қорғау.
7. 1908 жылы И.И.Мечниковке осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығы берілді.
8. Қанның ұюы және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысу.

Білу
(3 мин)



«Ой қозғау»
Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында «Қан топтары» бейнекөрінісі көрсетіледі.

  1. Адам организміндегі қанның жалпы мөлшері қанша?

  2. Қан топтары қаншаға бөлінетінін білесіңдер ме?

  3. Қандай жағдайда адамға қан құяды?

Жаңа сабақ: Қан топтары және қан құю



Оқушылар «Қан топтары» бейне көрінісін тамашалап, сұрақтарға жауап береді.

  1. Адам организмінде 5 л қан болады.

  2. Адамда 4 қан тобы бар.

  3. Адам көп мөлшерде қан жоғалтқанда қан құяды.

Түсіну
(6 мин)

«Шеңбер» стратегиясы бойынша мәтінмен жұмыс жасау
І-топ: Қан құю
ІІ-топ: Қан топтары
ІІІ-топ: Резус-фактор
ІY-топ: Қан топтарын анықтау

«Шеңбер» стратегиясы бойынша оқулық мәтінімен танысып, өз топтарына кезекпен түсіндіреді.

Қолдану
(12 мин)

Оқулық мәтінін және қосымша интернет материалдарын пайдаланып, әр топ өз тапсырмаларын постерге түсіріп, оны қорғайды.
І-топ: Қан құю
ІІ-топ: Қан топтары
ІІІ-топ: Резус-фактор
ІY-топ: Қан топтарын анықтау
1.https://wordwall.net/ru/resource/25619363/%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82-%D2%9B%D0%B0%D0%BD-%D1%82%D0%BE%D0%B1%D1%8B
2.https://quizizz.com/admin/quiz/60351498e1ed0f001bb7a00b/%D2%9B%D0%B0%D0%BD-%D1%82%D0%BE%D0%BF%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B



Оқушылар оқулық мәтінін және қосымша интернет материалдарын пайдаланып, әр топ өз тапсырмаларын постерге түсіріп, оны қорғайды.
І-топ: Қан құю
ІІ-топ: Қан топтары
ІІІ-топ: Резус-фактор
ІY-топ: Қан топтарын анықтау

Талдау
(7 мин)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет