Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығын талдаңыз



бет127/148
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#143344
түріҚұрамы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

29 XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығын талдаңыз
Қазақ ақын- жазушыларының бүкіл шығармашылығы Абай атты ұлы арнадан бастау алады. Сондықтан ХХ ғасыр басындағы әдебиетті сөз еткенде, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды ұлы тұлғалар поэзиядағы Абай салған дәстүрдің сан қырын ашып, жаңашылдықпен жалғастырғанын атап өту ләзім. Онсыз сол кездегі поэзияның даму барысын, көтерілген биігін аша алмаймыз.
Абай дәстүрін жалғастырушылар ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды біртуар дарындар еді. Бұлардың бәрі өз кезегінде Абай ұлылығын тануға ұмтылып, ақындығын бағалауға тырысқан болатын. Осы орайда Абай ақындығын бағалаудағы олардың ұлы ақынға берген атаулары да әрі қызық, әрі ой саларлық. Ең жақын шәкірті Шәкәрім “Ұлы ұстаз” тұтса, Ахмет “Қазақтың бас ақыны” деп біледі, Мағжан үшін “Ақындар хакімі” болса, Сұлтанмахмұт “Ақындар пайғамбары” көреді.
Абай ұлылығын тани біліп, ақындығына табынған осынау “оқушылар” ұлы ақын дәстүрінің әр қырын, әр бағытын өз шығармашылық мүмкіндігіне, ұстанған мақсатына орай дамытып, жаңғыртып әкетті.
Шәкәрім Абайдың қоғам туралы толғамын, адам болмысын танудағы ізденісін, адамның адам болып қалу жолындағы имандылықты, ар-ұяты, адамгершілікті уағыздау өнегесін, білім мен өнер шашпақ үлгісін, теңіздей терең ойшылдығын ұлы ұстаз дәстүрін сақтай отырып, жаңаша жаңғыртып, жасампаздықпен дамытты. «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр».
Ахмет бас ақынға қоғамның ең көкейкесті мәселелерін қозғаған ой- толғаныс, отарлық уысындағы ұлттың қамын ойлаған тұстан үндесіп, азаматтық ұстанымнан туындаған азаттық сарынды алға тартуымен жаңаша жол тапты. «Маса», «Қырық мысал»
Міржақып өлең өнерінің Абай таныған құдіретін мойындау арқылы оны ұлттың санасын азаттық күреске оятудың күшті құралы деп біліп өз поэзиясына азатшылдықты арқау етуі негізінде Абаймен іштей үндесіп, өлең өлкесіне өзіндік өршіл рух септі. «Оян, қазақ», «Шағым», «Жастарға».
Мағжан “ақынның ақыны” ретінде “Хакім Абайдың” сыр мен сезімге толы көңіл күй лирикасын, адамның ішкі болмысына терең бойлаған сыршылдығын, жан тебіренткен сезімнің терең иірімдерін жүрекке дөп жеткізер сезімшілдігін, жансызға жан бітірер суреткерлігін шебер игеріп, оны “европалық әшекеймен” үлбіретіп, өзіндік үлгі тауып, өзгеше өріспен ұштастырды. «Мен жастарға сенемін», «Қазағым», «Қазақ азаматы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет