Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Қазақ Совет энциклопедиясының 4-томында



бет40/148
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#143344
түріҚұрамы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Қазақ Совет энциклопедиясының 4-томында: «Зар заман» — XIX ғасырда Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталып, патша үкіметі бұрынғы ел басқару тəртібін жойып, 1867–1868 жылдары қазақтарды басқару жөніндегі ереже бойынша жаңа тəртіп орнатқан кезде туған ағым. Алғаш... ақын Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» атты зарлы өлең шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін де сол кезеңде басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды» [1], — деп көрсетілген.
М. Әуезов: “Зар-заман деген – 19 ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі іргелі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сары- нын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір бәуірде бір сарын- мен өлең айтқан ақындардың барлығына “зар- заман” ақындары деген ат қойдық. ...Зар-заман ақындарының алғашқы буыны Абылай зама- нынан басталса, арты, Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар-заман дәуірі толық жүз жылға созылады” (Auezov, 1991) – деп анықтама береді.
Дулат Бабатайұлы
Әдебиетші, профессор М. Мырзахметов Дулат ақынның толғауларына арқау болған мәселелердің басын былай ашып көрсетеді: “Дулат ақындығы XIX ғасырдың алғашқы жартысында дамып, қалыптасып сол кезеңнің тарихи-әлеуметтік шындығы ақын өлеңдеріне арқау болып өріліп жатты. Дулат творчествасының басты ой сарыны мен өзекті тақырыптары сол кезеңнің саяси-әлеуметтік өмір шындығына тікелей байланысты туындап жатқан құбылыстар болатын-ды”, (Babatayuly, 1993: 56).
Дулат ақындық құрған заманда хандық құрылыс жойылып, 1822 жыл мен 1867-1868 жылдар аралығында ел билеудің отаршылдық негіздегі аға сұлтандық жүйесі орнағын, ел билеудегі жаңа терминдік атаулар дүниеге келді, осыған орай қазақ атқамінерлерінің жаңа тобы қалыптасты. Дулат өлеңдеріндегі өткір сын нысанасына алынатын, қазақ атқамінерлерінің жаңадан пайда болған типтері де дәл аға сұлтандық жүйе тудырған, билікке орай туын- даған құбылыстар екенін айна-қатесіз танимыз.
Дулат Бабатайұлы халқының патша әкімшілігі тарапынан көрген зорлық-зомбылығымен қоса, жергілікті атқамінер ел билеушілерінің қысым көрсетіп қорлауы, яғни екі елдің екі жақты қаналуы, кіріптарлық күйі мен оның бойында осы саясатқа деген өшпенділік сезімін тудырды.
Жауға шабар ерің жоқ
Сақадай болып сайланып...
Жеріңнің алды шұрайын
Дуан салып жайланып
Датыңды айтсаң орысқа,
Сібірге кеттің айдалып.
Бұл толғау үзіндісінен байқайтынымыз,ақын орыс отаршылдығы қазақтың жерін емін- еркін иемденіп, қожалық еткеніне кектенеді. Оның “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, “Айтпа- сымды айтқыздың”, “Ақжайлау мен Сандықтас” жырлары мен би-болыс, байлардың ісін сынап айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға” атты арнау өлеңдері бар.
Жоғары дамыған поэзияның басты белгілерінің бірі - поэтик. образдар жүйесінің әр сипатты, алуан түрлі болып келетіндігі. Поэтик., образдар жасаудың тілдік механизмі, яғни образдың тіл арқылы берілуі де Дулатта дағдыдан тыс, жаңа түрлерімен көрінеді. Мысалы, мағыналары жағынан бір-бірімен тіркеспейтін сөздер болады. Айталық, дерексіз (абстракт) ұғым атауы мен деректі (нақты) заттардың немесе адам мен жан-жануарларға тән сын-сипат пен іс-қимыл атаулары бір-біріне жуыспауы керек. Ал көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде образ жасау үстінде мұндай мағыналық кереғар сездерді тіркестіру - ұтымды көркемдеуші амалдардың бірі болып саналады. Әсіресе Дулат өлеңдерінен әділетке шөлдеу, жырмен жуыну, арманды төгу, «жетімдіктің белі», «көңілдің құтысы» сияқты тіркестердің сонылығы осылар қатысқан өлең жолдарының экспрессиясын (әсерін) күшейтіп, бұрын айтылмаған тың образдар жасап түр. Мысалы, «Әкеңнің айтқан аз сөзін «Құтысына көңіліңнің Төгіп алма, дәлдеп құй» деген жолдарында ақын «көңілдің құтысы, ақылды құтыға құю» деген тіркестерді ұтымды қолданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет