Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы



бет93/148
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#143344
түріҚұрамы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б. қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден; т.б.
6. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:
а) жай бөлшек: оннан бес, тоғыздан үш, үштің бірі, т.б.
ә) ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір, жеті бүтін төрт ондық, (7, 04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10, 269), т.б.
Зерттегендер: А.БАйтұрсыноұлы «Тіл құрал»
Ә.Кеңесбаев «Сан есімдер жүйесі»
А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»
Н.Сауранбаев «Сан есім. Оның түрлері»
Н.Оралбаеваның “Қазіргі казак тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі”
98. Күрделі етістіктердің күрделі сөздерден айырмашылығын нақты мысалдармен көрсетіңіз
Күрделі сөздер- кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөздер. Оның 4 түрі бар: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз. Біріккен сөз-екі немесе одан көп сөз бірігіп бір сұраққа жауап беретін сөз. М:тасбақа, қарақұрт.
Кіріккен сөз- құрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысы өзгертіп біріккен сөз.М: бұл жыл-биыл, қарлығаш- қара ала құс, апар – алып бер, білезік-білек жүзік.
Қос сөз – сөзің қосарланып немесе қайталанып айтылуына жасалған сөз. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама, қосарлама. Қайталама қос сөз- сыңарлары бір түбірден жасалатын қос сөз.М:тау-тау,көре-көре,көзбе-көз,өз-өзінен. Қайталама қос сөздің 4 жасалу жолы бар.
1.Қосымшасыз бір түбірден: қора-қора.
2.Қосымшалы бір түбірден: бара-бара.
3.Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап: кісі-місі,шай-пай,сатыр-сұтыр.
4.Бір сыңары ықшамдалып: жап-жасыл.
Қосарлама қос сөз- сыңарлары әр түрлі түбірен жасалатын қос сөз: бала-шаға, алыс-жақын, үлкен-кіші. Қосарлама қос сөздің 5 жасалу жолы бар. 1.Сыңарлары синонимдес: зәре-құт, өнер-білім, қазан-ошақ.
2.Сыңарлары анонимдес:оңды-солды,әрі-бері.
3.Бір сыңары мағынасыз: арық-түрық, бала-шаға,емін-еркін.
4.Екі сыңары да мағынасыз болып келеді:ығы-жығы,алба-жұлба. 5.Сыңарлары әртүрлі сөздер:саяси-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік.
Қысқарған сөз – күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. Қ.с. жасалуының 4түрі бар.
1.Күрделі атаудың құрамында әрбір сөздің бірінші дыбыстары қысқарған: ТМД, БҰҰ,АҚШ.
2.Құрамындағы әрбір сөздің бірінші буыны мен соңғы сөздердің бірінші дыбыстарынан бастап қысқарған:ҚазМҰУ.
3.Құрамындағы әрбір сөздердің бірінші буындары: ұжымшар,физмат. 4.Алғашқы сөздің бірінші буыны келесі сөздің түбір күйінде: пединститут, медколледж.
5. Өлшем бірліктерінің қысқаруы: см, кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет