Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Ұйқас, оның түрлерін таратып айтыңыз



бет120/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

41. Ұйқас, оның түрлерін таратып айтыңыз
Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуін өлең ұйқасы деп атайды. Академик Қ. Жұмалиев қазақ поэзиясындағы ұйқастардың түрін төмендегідей көрсеткен:
1. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
2. Шұбырпалы ұйқас (а, а, а, а)
3. Ерікті ұйқас (а, б, в, г, б)
4. Кезекті ұйқас (а, б, а, б)
5. Егіз ұйқас (а, а, б, б)
6. Аралас ұйқас (а, а, б, в, б, в, б, б, б)
7. Шалыс ұйқас (а, б, а, б, в, г, д, г, ж, д)
1.Қара өлең ұйқасы.Бұл - бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ,бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қара өлең ұйқасының өзінше ерекшелігі 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады. Жаңағы Абайдан келтірген үзінді осыған жатады. Бұлай ұйқасу жалғыз он бір буынды өлеңдерде ғана емес, 7,8 буынды өлеңдерде де бола береді. Мысалы:
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
Надан жөндіге жөн келмес,
Білер қайдағы шәргезді. (Абай)
Бұл да жоғарыдағы Абайдан келтірген үзіндіміз тәрізді. 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы бос қалады. Айырмасы жалғыз-ақ буын санында.
2. Шұбыртпалы ұйқас.Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетін ұйқастың бір түрі - шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары да ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі аяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен келеді.Мысалы:
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебіңгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебіңгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?! (Махамбет)
Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді.
3. Ерікті ұйқас
Қара өлең ұйқасы не шұбыртпалы ұйқас, не төменде айтылмақ ұйқастардың қай-қайсысын алсақ та, алдыңғы бір шумағының жолдары қалай ұйқасса, шумақтың басқа жолдары да сол ережеге бағынады. Белгілі бір тәртіптен аспайды. Бірақ өлеңнің бәрі бірдей белгілі тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастары бірде олай, бірде бұлай болып келетін өлеңдер де бар. Бұлар көбіне жырларда кездеседі. Мысалы:
Сіздер кейін тұрыңыз, Бірге туған ит еді,
Барайын жалғыз мен деді. Жалғыз өзім барайын.
Әуелі алла анайым, Мінген аты ала еді,
Хақ жаратқан құдайым, Атасы әйел демесең
Мал шыдамас жауырға, Қарлыға қыз да ер еді.
Ер шыдамас бауырға,
(«Қобыланды» жырынан)
Бұнда ұйқас бар. Бірақ белгілі тәртіппен шығып отырмайды. Мына келтірген үзіндіні алсақ, 1-мен 2-жолы бос қалады. 3-мен 4-жол, 5-мен 6-жолы бір ұйқасады. 7-жол алдыңғы 2-жолмен ұйқасады. 8-жолдың ұйқасы 4-жолға келеді. 9-жолдың ұйқасы 2-ге келеді. 10-жол бос қалады. 11-жол тағы 2-жолдың ұйқасымен бір. Осы сықылды бірде олай, бірде бұлай, ой толқынына қарап, керекті жерінде ұйқастыра салушылықты ерікті ұйқас дейді.
Есте болатын бір нәрсе алдыңғы бір шумақ жоғарғы айтқанымыздай болып ұйқасады екен, енді келесі шумақтың тағы солай ұйқасуы шарт емес. Мүлде басқашаболып ұйқасуы да мүмкін. Сондықтан да ерікті ұйқас атанады.
Ескі жырлардың көбі-ақ осы ерікті ұйқастан құралған. Ерікті ұйқастың түрі біздің бүгінгі әдебиетімізде де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет