Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Көрген жан сол сәулені қалмас құры



бет52/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

Көрген жан сол сәулені қалмас құры. Махаббат сөзін айқындау үшін Құдай нұры тіркесімен фразеологиялық коннотация жасалған.
Метафора ойды әсерлі жеткізуде актив қолданылады. Метафораның бұл түрі көркем шығармаларда молынан кездеседі. Мысалы: Шөл кемесі - түйем де ешкімнен кем түспейді. Кең алқапта жер кемесі – комбайн гүрілдейді. Мұнда шөл кемесі, жер кемесі деп атау жалпыхалықтық сипатқа ие болып, тілге әбден сіңісіп, тілдік қолданыста сақталып қалған. Сондықтан ауыз екі сөйлеу стилінде де, көркем әдеби стильде де, публицистикалық стильде де қолданылады.
Ғылыми стильде образдылық, әсерлеу қолданылмайды, ал реси-іс қағаздар стилінде құттықтау хаттар да бірлі-жарым образды сөздер қолданылуы мүмкін.
Образды троптық және троптық емес деп бөлуді белгілі мәтін арқылы түсіндіру қолайлы.
Ей, жігітім, тұра тұр, дүрілдеме,
Түсірген бе жағаға жүріп кеме,
Шығыстау да бір түрлі үндемейді,
Үндемейді дала да бүгін неге?(Т. Молдағалиев).
Осы өлең жолдарында троптық емес түрінде қалыптасқаны шумақтың 1,2 тармағы болса, 3,4 тармағы тропты болып келеді. Сондықтан образдың көркем стильге тән екені бірден байқалады, басқа стильдерге оның ішінде ресми және ғылыми стильге тән емес, бірақ ғылыми стильде ара-тұра кездесіп отырады. Образды сөз ауызекі сөйлеуде көп кездеседі:үш тәрелкені алып қойдым(синекдоха), қызы бір алтын(метафора) т.б.
Сөз образдылығы бір сөз арқылы берілсе, троптың түрлері бір сөзде де, сөз тіркесінде де, сөйлемдерде де кездесіп отырады.
Образ – троп өзінің функциональдық стильдерде қолдану-қолданбау сипаты жағынан 2 түрлі қарастырылады: әдебиет теориясы бойынша көркем шығармада сөздің тура мағынасында қолданылатын автология деп аталынады, ал бейнелі, образды мәнде жұмсалуы металогия деп аталады.
Металогиялық сөз-образ көркемдік қуат танытуда ғана жарайды деген пікір жаңсақ пікір, жалпы көркем әдебиет стиліне тән екені о бастан белгілі, көркем шығармада метология образды емес сөздер де жалпы образдылық терминіне қызмет етеді. Сөз зергері кейде оны қолданбау немесе қолданудан бас тартуы авторлық шеберлік дәрежесі туралы айтуға негіз бола алмайды. Сөз образын қолдану контекске байланысты, кейде автор дәйексіз, жалған образдарға да бара алады. Бұл жұмыста сөз образдарын жеке стиль саласындағы өрісін анықтап, қай стиль түріне тән екендігін айқындау қажеттілігін көрсетеді, сөз-образ мәтінді құраудың эстетикалық мәнін көрсетеді, сондай-ақ, контекстегі авторлық көркемдік-бейнелік сипаты танытатын сөз-образына жетелейтін талап пен талғам әрі жеке стиль жүйесін анықтайтын образды сөздер шоғырына талдау жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет