Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Сөз мағынасының тарылуын түсіндіріңіз



бет49/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   129
81 Сөз мағынасының тарылуын түсіндіріңіз
Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі.
Сөздің мағынасы әрқашан бірқалыпта тұрмайды. Тіл жүйесінің ішкі заңдылықтары және одан тыс ақиқат өмірдегі мәдени-тарихи, санадағы психологиялық өзгерістер сөздің лексикалық мағынасының мазмұнына әсер етіп отырады. Лексика дамуындағы тарихи кезеңдерде сөз мағынасы кеңейіп, тарылып, не жаңарып-жаңғырып, не қолданыстан шығып қалып отырады
Сөз мағынасының тарылуы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы; көне түркі тілінде тары- тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес», егін, астық, атаулыны білдірген. Тон тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге, тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен –саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.
Олай болса, ұғымның дәлденіп жіктелуіне байланысты мағынаның дерексіздіктен нақтылыққа, жалпылықтан жалқылыққа ауысуы сөз мағынасының тарылуы дейміз Р.Барлыбаев сөз мағынасы тарылуының мынадай жолдарын көрсетеді:
1. Сөз мағынасының дәстүрлі тілдік жолдармен тарылуы. Мысалы: Киік – «барлық жабайы аң» мағынасында қолданылып, қазір бұл сөздің мағынасы нақтыланып «айыр тұяқты, ешкі тұқымдас жабайы аң» деген мағынада жұмсалады. Осы сөздің негізінде туған киікоты (киік жейтін, иісті шөп), кісікиік (жалғыз жүретін адам), киіктің асығындай (кішкентай да сүйкімді,пысық, ширақ), киіктің лағындай, киіктің матауындай т.б. қазіргі тілдік қолданыста бар сөздер.
Б.Қалиев қарындас сөзінің жалпылықтан нақтылыққа қарай өту себебін былайша түсіндіреді: «Қарындас сөзінің әуелгі мағынасының өзгеруіне – тіліміздегі бауыр сөзі мағынасының өзгеруі түрткі болған сияқты. Олай дейтін себебіміз: бұрын ішкі ағзалардың ішіндегі – адам өміріне ең қажетті басты мүше ретінде – «адам мен жан-жануарлардың қан жасау, қан алмасу қызметін атқаратын мүшесі» мағынасында қолданылып келген бауыр сөзі кейіннен әркімнің жанына жақын, әрі ең жақын жанашыры – «бірге туған қандас, туыс адамы» деген мағынаны қосып алды да, бауыр сөзі осы мағынадағы қарындас сөзінің алғашқы мағынасын ығыстырып шығарған секілді. Қарындас сөзінің алғашқы мағынасы «бір қарыннан шыққан, бір туған» болса; екінші мағынасы «қыздың жасы үлкен ер ағайындарына туыстық қатынасы; үшінші мағынасы жасы үлкен ер адамдардың жасы кіші әйел балаға айтатын қаратпа сөз есебінде жұмсалуы. Бір жалпылаушы мағынаның орнына нақтылаушы екі мағына пайда болған.
2. Сөз мағынасының тарыла келе, көмекшіге айналуы. Қазақ тілінде алды, арты, асты, үсті, қасы, маңы, арасы, тұсы, іші, бойы сияқты көмекші есімдер бар. Бұлардың барлығы зерттеушілердің пікіріне қарағанда, ілгері заманда толық мағыналы сөздер болған. Мағыналары бірте-бірте тарылып, көмекші элементке айналған.
3. Сөз мағынасының тарыла келе, шылауға айналуы. Тілімізде тағы, да, та, мен, болмаса, кейін, сайын, арқылы, туралы, соң, және, бірақ, өйткені, сөйткені, таман, сияқты шылау сөздер бар. Дербес мағыналы сөздердің шылауында тұрып қана, сол сөздерді грамматикалық мағынасын айқындай түседі. Көмекші есімдер сияқты о баста дербес мағыналы сөз болып, қолданыла келе мағынасын, қызметін тарылтып, шылау сөздерге айналған.
4. Мағынаның толық тарылу нәтижесінде сөздің қосымшаға айналуы. Жұрнақтар мен жалғаулар тарихи жағынан алып қарағанда, ертерек кезде дербес мағыналы сөздер болған. Кейбір қосымшалардың төркінін табу қиын, өйткені олардың алғашқы негізі туралы ешқандай із қалмаған. Дегенмен –мен (-бен, -пен) көмектес септігінің бирлан шылауынан, -тын (-тін) жұрнағының тұрған есімшесінен, -ша жұрнағының шақ сөзінен шыққандығын түркологтар дәлелдеп берді. Бұлар мағынаның толық тарылғанына мысал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет