I. Өнер
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі
сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен
адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп,
түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық
құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де
адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің
мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық
тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи
жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары
мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем
образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық
келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің
ерекшеліктерін айқындайды.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша
формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру
немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар
бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”,
“Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар
берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай
оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп
біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай
өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де,
жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті
үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке
тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне,
интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық
мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер
туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан
өткізгендей
тебіреніске, кейіпкердің қуанышына
сүйінген,
қайғысына
күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше
көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде
көрініп,
адамдардың
санасына
жол
табады.
Адамның
көркем
шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері,
тектері, жанрлары ретінде таратылады.
Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту
үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол-адам өмірқамының
бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және көркемдік
тәжірибесімен өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық
құрылымында әсер етеді. Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара
әрекет барысында бейнелік ойлау құрылымын айқындайтын тұлға ұлт-
адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады. Өнер тұлғалық формаға
көркемдік идеяларды еге отырып, өз аудиториясына оқырмандарды,
көрермендерді, тыңдармандарды тартады. Және осыдан көркемдік
идеялардың инвариантты көпшілігі туындайды: бір ғана көркем идея әркім
де әр түрлі қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудің деңгейі ғана әр
түрлі. Өнерде болма иеленудің деңгейі де, мазмұны да әр түрлі: көркем
шығармада
берілген
әлеуметтік-тарихи
тәжірибені
адам
өзінің
индивидуалдық санасына көшіреді, нәтижесінде көтерілген мәселелер мен
шындыққа деген оның тұлғалық қатынасы қалыптасады. Өнерде тек суреткер
тұлғасы ғана талқыланбайды. Шығармада адамдардың жалпы бұқарасы үшін
маңызды, қажетті, тұрақты, нәрселерді бейнелей отырып , суреткер оған
формалық тұлға береді, яғни әлемді өзі арқылы ашады.Осылайша ,ол
халықты өзінің өмірлік тәжірибесін иеленуге мәжбүрлейді. Өнердің ұлттық
ерекшелігі автордың көркемдік ойлау ерекшелігінен көрінеді. Өнердің
төлтумалылығы ашу кілті де осында.
Ақындар, суретшілер,музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік
іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсатылықтағы, заңдылық
көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе
оның нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік бұл-алуантүрліліктің тұтастығы,
өінше құндылық еме,с, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың
өзінде үйлесілімдік те, ырғақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді. Алайда
мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы –бұл адамзат
мәдениетінің құбылысы.
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу,
мүсін, би, ән, графика, сәулет қолданбалы және декоративті өнер, цирк,
көркем фотогафия, кино, теледидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі-
шындықтың эстетикалық байлығына сүйенетін, әлемді көркемдік игеру
саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің алуан түрлілігі.
Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек
әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның
эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі,
сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды.
Сазгер табиғат картинасын естіп қабылдайды, ал суретші сол картинаны
дыбыспен емес, көз жанарымен қабылдайды, формалар сұлулығынан,
желілер ,жарық пен көлеңке ойынынан ләззәт алады.
Өнердің дамуы үшін оның әрқайсысы өз ерекшеліктеріне орай
бөлінуімен қатар, әрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын
музалардың өзара әрекеті де маңызды ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге,
қосылуға жақындығына қарамастан, олар осы өздерінің айрықша
ерекшеліктерін сақтай отырып, адамзаттың көркемдік мәдениетіне, әлемдік
эстетикалық игілікке жаңа, өзгеше үлестерін қосып отырады.
|