Ii. Өнертанудың тарихы III. Эстетикалық өнер



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата30.09.2023
өлшемі145,85 Kb.
#111994
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-80802

II. Өнертанудың тарихы 
Өнер теориясы дәуір талабын, эстетикалық талғам-тілекті ескере отырып, 
қоғамның пластикалық өнер және оның жеке түрлері жөніндегі әлеуметтік-
филос. көзқарастарды қорытып, әрі дамытып отырады. Ол өнердің идеялық 
мазмұны, танымдық мәні, көркемдік тәсілі, көркемдік формалары, бейнелеу 
құралы, өнер техникасы мен технологиясы, түр мен жанр ерекшелігі, т.б. 
мәселелерді өзара байланысты күйінде алып зерттейді. Көркем сын заманауи 
көркем өнер құбылыстарын, қазіргі өнердің жанрлары мен түрлерін, 
бағытын, өнер шеберлерінің шығармалары мен туындыларын талдайды әрі 
бағалайды.
Өнер сыны, тарихы, теориясы бір-бірімен және эстетикамен тығыз 
байланысты болып табылады. Қазба жұмыстарын жүргізу және экспедлар 
шығару арқылы қалпына келтіру, өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру, 
ескерткіштерді анықтау, оларды тіркеу және жүйеге түсіру, суреткер мен 
шығармалар жөнінде мәліметтер жинау, мұражайлық және көркемдік ғыл. 
каталогтар, өмірбаяндық, т.б. анықтамалар жасау, суреткердің әдеби 
мұраларын, естеліктерін, хаттары мен мақалаларын бастырып шығару сияқты 
жұмыстар Өнертану ғылымының ғылымының өрісін кеңейте түседі. 
Ортағасырлық Еуропада өнер теориясы теологиялық көзқарастың бір 
бөлігіне айналды. Өнертану ілімінің дербес ғыл. ретінде қалыптасуы Қайта 
өркендеу дәуірімен тығыз байланысты. Қайта өркендеу дәуірінің шарықтау 
шегінде Леонардо да Винчи кескіндеме және оның ғыл. негіздері мен 
мүмкіндіктері туралы терең ой-пікірлер айтты.
Венецияда П.Аретино суреткерлер мен көрермендерге көркем сынның 
көшбасшысы есебінде танылды. 
17 ғ-да Еуропада өнер мәселелеріне арналған әдебиеттер көптеп шығып, 
кең көлемде тарай бастады.18 ғ-дағы Ағартушылық дәуірінде Өнертану 
өзінің негізгі үш саласы бойынша дербес ғылымының есебінде біртіндеп 
қалыптасып, философия және тарихи негізделді. Өнертану19 ғасырда өз 
алдына ғылым болып қалыптасты. 
Оның дамуында Ұлы француз революциясы, И.Кант, Ф.В.Шеллинг, 
ағайынды 
А. 
және 
Ф.Шлегельдер, 
әсіресе, Г.Гегельдің эстетик. 
тұжырымдары елеулі рөл атқарды. Қазақ топырағынан шыққан данышпан 
ғалым Әбу Наср әл-Фарабидің «Музыканың ұлы кітабы» атты еңбегі 
дүниежүз. музыкатану іліміндегі бұрын-соңды жазылған озық туындылардың 
бірінен саналады. Ш.Ш.Уәлиханов еңбектерінде Қазақстан аумағындағы 
кейбір балбалдар мен кемпіртастар және таңбалы тастар жөніндегі келелі 
пікірлер кездеседі. Қазақ Өнертану ғылымы, оның ішінде әдебиеттану 
ғылымының алғашқы белгілері 20 ғ-дың басында көрініс берді. 


Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан 
құбылыстарын дәп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан 
да өнерді "мәдениеттің айнасы" деп анықтауға негіз бар. Нақты тарихи 
жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер 
арқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз. Өнер 
— мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша 
адамның дүниені игеруі барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет 
туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және т.б. негізделген өнер түрлері 
қалыптасады. Өнер — адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына 
әсер етіп, оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық 
үлгісі. Өнер — адами ақикат, адамдандырылған "екінші әлем" тудыратын 
күш. Сұлулық, әсемдік, әдемілік сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына 
негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамның еркіндік туралы 
түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рақаты өзінде, еш 
нәрсеге тәуелсіз "мақсатсыз" мақсаткездегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл 
сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды.Бұл 
тұста таза өнер мен кәсіби өнерді ажырата білген абзал. Мысалы, неміс 
философы И.Кант таза өнер мен кәсіби өнерді ажыратып қарастырады да, 
біріншісін — еркін өнер, екіншісін — табыс үшін жасалатын өнер дейді. 
Кант бұл жерде еркін өнер деп адамның өзінің рухани болмысынан шыққан 
бейнелі шешімдермен байланысты өнерді айтып отыр. Ал табыс үшін, сауда-
саттық мақсатында жасалған өнер өзіне емес, өзгеге ұнау үшін, сатып алушы 
талғамына, сұранысына ыңғайластырып жасалынады. Өнердің жекелеген 
түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу, ажырату адамзатты 
ежелден бері толғандырып келеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет