Зерттеу мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын жинақтау және дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау;
Зерттеу міндеттері:
- Шығармашылық ұғымына теориялық сипаттама;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын жинақтау;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау;
-Мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тапсырмаларды қолданудағы әдіс-тәсілдеріне зерттеу әдістерін жүргізу;
Зерттеу нысаны: Шығармашылық қабілетті дамытуды ғылыми педагогикалық тұрғыда жинақтау.
Зерттеу пәні: Шығармашылық қабілетті дамытудың ғылыми педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қарастырып зерттеу.
Зерттеу әдістері: Негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс, талдау, жинақтау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау, тәжірибелік жұмыстар, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер, тұжырымдамалар.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан толықтай зерттеліп, практикалық жұмыс түрлері жаңа форматта ұйымдастырылса, онда оқушылардың сабаққа қызығушылығы оянып, танымдық қабілеттері артады, оқушының болашақтағы ғылыми – зерттеушілік қабілеттері дамиды, білімнің тәрбиелік маңыздылығы жоғарылайды.
Күтілетін нәтиже: Оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып, танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнің тарауларынан, практикалық бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
II ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТ-ТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды теориялық тұрғыда зерттеу
Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық -бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.
Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады[3] деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. Шығармашылық тұлға - әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері өте маңызды. Яғни,шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады,сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн. Ал өз күшіне сенімсіз, жасықтау адамдар ешқашанда өз беттерінше үлкен жаңалықтарға қол жеткізе алмайды. «Шығармашылық» ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашылық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын, шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда.
Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығарма-шылықтың мынандай түрлері ажыратылады:
- ғылыми шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі);
- көркем шығармашылық (жаңа көркем әдебиет туындылары);
- техиикалық шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар мен жаңа технологиялар);
- педагогикалық шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер т.б.)
Көптеген зерттеушілердің пікірінше шығармашылықтың жемісті болуына адамның сезім күштерінің әсері өте зор. Бір мәселені ұзақ зерттеу барысында адам өзінің, ішкі күштерін толық соған жұмылдырып, жүрсе де, тұрса да ойымен сол бағытта белсенді жұмыс істесе, шабытының шырқауы аркылы шығармашылық шыңына жетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |