Ii оқушы бойындағы шығармашылықты қалыптастырудың педагогикалық негіздері


Оқу тәрбие процесінде оқушыларға шығармашылық қабілетті дамытудың шарттары



бет5/8
Дата13.06.2023
өлшемі69,82 Kb.
#100942
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
защита пед Гулзия (копия) (копия)

1.4.Оқу тәрбие процесінде оқушыларға шығармашылық қабілетті дамытудың шарттары
Шығармашылдық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзін тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмір дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес жаратушы да. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру - білімнің басты мақсаты. Бұл - үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге енуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнын енгізген М.Жұмабаев болатын.
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, В.А.Крутецкий, Б.М. Тепловтың өз республикамыздың көрнекті ғалымдары Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов, Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясының және практикасының алтын қоры деп білеміз. Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы: 1930-40 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы - социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер, Б.М.Теплов бейнелеу өнеріне деген қабілеттер, В.И.Киреенко әдеби қабілеттер, В.П.Ягункова математикалық қабілеттер, В.А.Крутецкий педагогикалық қабілеттер Н.В.Кузьмина сияқты зерттеулер. Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, О.С.Газман еңбектерінде қарастырылады. Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В.Д.Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы - оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, М.Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды. [8] Аталған зерттеулер сөз жоқ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту сияқты күрделі мәселеге қосылған зор үлес деп білеміз.
Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайда бейімдей, жетілдіріп отырып барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізді. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылықтың қабілеттер басты нысаны болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан-алуан қиыншылықтарды шешу, тек шығармашыл адамдар қолынанан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын мектептің алар орны ерекше. Өйткені мектеп:

  • оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытып, қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға;

  • жеке адамдық сенімдерін қалыптастыруға;

  • ұжымдық және жеке іс-әрекеттер тәсілдерін үйренуге;

  • баланың еркін шығармашылықпен ойлануына, дербестігінің болуына жағдай жасауы керек.[16]

Мектеп оқушыларының оқи алуға, ол арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға психологиялық және физиологиялық жағынан да мол мүмкіндіктері бар екені ғылымда дәлелденіп отыр. Биологтардың соңғы зерттеулеріне қарағанда адам миында болатын 15 млрд. клетканың белсенді түрде тек 3-4 % ғана жұмыс істейді екен. Сондай-ақ тек белсенді ой еңбегі арқылы клеткалар бір-бірімен байланыса-тын бай нейрондар құрай алатындығы белгілі. Өз халқымыздың "... баланы 5 жасқа дейін піріңдей күт, 5 жастан 15 жасқа дейін құлыңдай тұт, деген даналық сөзі де баланың қандай еңбекпен де айналысатын кезі бала шақ екенін, сол шақты ұтымды пайдалану керектігін еске салғандай. Алайда, оқытудың шығармашылық сипатын күшейтіп, сол арқылы баланың қабілетінің дамуына жүйелі басшылық жасау, мақсатты бағыт-бағдар беру, педагогикалық ықпал ету негізінен күн тәртібінде тұрғанымен оқу бағдарламалары мен оқулықтарда оның ішкі мазмұны ашылмай көмескі күйінде қалып келеді. Сондықтан да қазіргі қолданылып жүрген оқулықтардың басым көпшілігіндегі оқу тапсырмаларының баланың даму деңгейінен әлдеқайда төмен екендігі көзге ұрынып тұрады. Көп жағдайда, бала тек дайын үлгі бойынша берілге білімді қайталап беруге қабілетті объект ретінде қабылданады. Пәндердің мазмұнына сәйкес шығармашылық тапсырмалар жүйесінің болмау себебінен, оқушыларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты тапсырмалар беріле бермейді. Оқылатын пәндердің оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы мүмкіндіктері де толық анықталмаған. Арнайы әдістеменің жоқтығынан, мұғалімдердің бұл саладағы дайындық деңгейі төмен. Педагогика ғылымында бастауыш мектеп оқушыларының оқыту барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша арнайы зерттеу жүргізілмеген. Кейбір зерттеушілердің қабілеттер мәселесін қарастыруда талантты, дарынды балалармен шектелуі де мектеп жұмыстарына көмегін тигізе қоймайды. Оқушының қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Қабілет ұғымын ғылымға алғаш енгізген Платонның да, оның ізбасарларының да бұл ұғым жайлы түсініктері таптық көзқарастарға негізделген болатын. Олар адам туғаннан бастап бірі басқарушылар, бірі жауынгер, бірі жер игерушілер болып туады дегенді уағыздады. Қабілеттерге байланысты адамдар арасындағы иеңсіздік осы кездерден басталса керек.
Платонның шәкірті Аристотель қабілеттерді адамның ішкі ашылмаған мүмкіндіктері деп қарастырады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ бала бойында болатын қабілеттерге ерекше мән берген. Ол өз оқушыларының қабілеттерінің дамуына үнемі қамқорлық жасап отырғандығын оларға ешқандай дайын ұсыныстар бермей, ақиқатқа жетуді өздеріне тапсырғанынан байқауға болады. Бұл әдіс сократтық әдіс деп аталған. Испандық дәрігер Хуан Уарте адам қабілеттерінің шектеулі екенін, сол себепті ол әр түрлі әрекеттерді бірдей нәтижелі орындауы мүмкін еместігін айтса, бұған керісінше чехтық педагог-гуманист Я.А.Коменский оқыту арқылы балада әртүрлі қабілеттерді қалыптастыруға болады деген идеяны ұсынады.[17] Өз заманындағы сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп Баласағұн өзінің Құтты білік атты дидактикалық дастанында жан-жақты дамыған адамды, барлық қабілеттері дамыған кісіні толық пішімді адам дей келе, оған жетудің жолы білім, ғылым екенін атап көрсеткен. [11] Адамның ақыл-парасаты барлық нәрсенің мән-мағынасын түсінуге қабілетті деген пікір айтқан Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше еңбектер арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби, қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізе алмайтындығына, оларды бағыттау, тәрбиелеу, дамыту керек екендігіне тоқталған. [9]
Ал тұтас бір халықтың ұстазы ұлы Абай ... жан қуаты әуелден кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам ол қуатын зорайтады, ескерусіз қалса, ол қуаттар жоғалады, не аз-мәз нәрсеге болмаса, үлкен ешнәрсеге жарамайтын болады. Адам ішіп-жеп тән қуатын ғана ойламай, жан қуатын да жетілдіруі үшін қам жеуі керек, - деп тұжырымдайд. Бар өмірін ағарту, тәлім-тәрбие саласына сарп еткен, осы қызметті өз өмірінің негізгі арқауы деп санаған үлкен жүректі ұстаз Ыбырай Алтынсарин арнайы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған кісі. Әйтсе де оның алуан ойға толы шығармаларынан әлеуметтік, балалар және педагогикалық-психологиялық мәселелерге орайлас айтылған әр түрлі қызықты деректер кездеседі. Мысалы Бақша ағаштары әңгімесіндегі әкенің балаға айтқан ақылы, адамның тағдыры туысынан белгіленбейтіндігін, адамдық қасиеттердің, қабілет-тердің қалыптасар жері - өмір талқысы, әрекет ету екенін ескертеді. Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеледі деген қорытындыға келеміз. Баланың шығарма-шылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. [18]
Оқушының шығармашылық іс — әрекетінің қалыптасуының негізгі кезеңдері:
Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
Уақытша мәселені қозғамау.
Интуицияны ояту.
Нәтижені жан – жақты тексеру.[20]
Оқушы үшін ғалым А.Н.Лук ұсынған осы бес кезеңді басшылыққа аламын. Осындай шығармашылық қабілеттің қалыптасу барысында мұғалім оқушы қажетті жағдайдың болуын, қорқыныш, жалқаулық, өзін — өзі бағалау сияқты психикалық кедергілердің болмауын қамтамасыз етуі, бақылауы керек.
Шығармашылық әрекеттің еркіндігі.
Пәнге үйретудің еркіндігі.
Білім кеңістігінің әр бағыттарда – мазмұндылық, шығармашылық, жан жақтылық болуы.
Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстары.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.
Ондай кедергілер:
Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.
Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын – ала анықтау керек.
Қорыта келгенде, әр баланың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған жұмыстар оның ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне дейін жету керек. Күн өткен сайын ол деңгей биіктей береді де, жүйелі, жұмыс нәтижесінде оның дамуы жоғары дәрежеге жетеді.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дарынды, талапты оқушыны көбейтуге әсерін тигізеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін — өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюге, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін — өзі тануына көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін — өзі шынайы болмысын абастайтын жол іздеу керек. [13] Адам өзін — өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс.сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады деп көрсетілген.
Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын
және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттерін Б.Г.Юдин мына
түрде қарастырады:
1. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде
талап етілуі: оқушылардың ғылыми практикалық конференциясы
жыл соңындағы шығармашылық емтихан жылдық мектептік көрмеге
қорытынды жұмыс тапсыру, т.б.
2. Оқушының шығармашылық әрекетінің пайда болуының жан-
жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім икемділіктерін
Қолдана білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу,
шешімдерінің баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне
қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу. 3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі.
4. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.
5. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзінің белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді , бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа
қосымшалар да болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдардың
шығармашылық қабілеттердің белгілері. Осы орайда А.Н.Лук
өз еңбегінде «адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты», -деген пікір айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет