2.1 Қазақ халқының шығу тегіне қатысты мәліметтер Шежіре мәселесін тарих және этнология ғылымдары тұрғысынан ғылыми дәйекті әрі терең зерттеу-қазақ,сонымен бірге жалпы түрлі этнологиясын зерттеуді бірден-бір өзекті мәселе. Шежірені зерттеуді алғаш қолға алған-Шоқан Уәлиханов еді. Ол қазақ шежіресі туралы мақаласында дала мәдениетінде ерекше орын алатын далалық тарихи дәстүрді жан-жақты қарастырып, оның маңыздылығын ашты. Шоқанның анықтауынша, тарихи аңыздың ғылыми бағалы бір түрі-әрбір тайпаның қайдан тарағанын көрсететін тарихи шежірелер.
Ш.Уәлиханов бауырлас қырғыз, қазақ халқының шежіре дәстүрін терең зерттеген ғалым екені белгілі. Тарихи жыр дәстүріне көңіл қойып, оның ауызша үлгілерін жинастыру жолында заманында белгілі көптеген жыршылармен кездескен.
Шоқанның айтып кеткен ойларының күні бүгінге дейін маңыздылығы зор болып табылады. Бұл ойлар әсіресе әлемдік, берісі отандық ориенталистикада тұңғыш айтылуымен ғана назар аудармайды, сонымен бірге ғылыми дәйектілігіменде ден қойғызады. Мәселен, Шоқан ғұмыр кешкен кезеңде көптеген ғалымдар қырғыздардың ғана емес қазақтардыда Енесай өңірінеде келетін. Ал Шоқан болса тұңғыш рет бұл халықтардың мекен тұрағының орнықтылығын айтып кеткен.
Шығыс Түркістанға қатысты ой-тұжырымдары Шоқанның есімін дүниежүзіне мәжһүр етті. Осы орайда әлемдік ғылымда тұңғыш рет Шыңғыс Түркістанның сырттары - жаңа ұйғыр эпосының шығу тегі туралы ойлары назар аударарлық.
Өкінішке орай кейінгі кезеңде В.В.Радлов пен С.Е.Маловтың көшпелі ұйғырлар мен жаңа ұйғыр эпосын бірлікте қарастыруы бұл проблеманы біраз шатастырды. Бүгінгі ғылыми зерде Ш.Уәлиханов пікірінің шындыққа әлдеқайда жуық болғанын қазіргі ұйғырлар Шығыс Түркістанды отырықшы тайпалардың үрпақтары екенін дәлелдеп беріп отыр.
Шоқан Уәлихановтың еңбектері Н.А.Арисовтың зерттеулері жарық көргенге дейін әлемдік ғылымда өте маңыздылық деректері Н.А.Аристовтың бір табан игері болуына дес берді.
Қазақ халқының шығу тегіне, қатысты ғылыми танымның көш басында Шоқан тұруы дау тудырмайды. Ғасырдың ортасына дейінгі тарихнамада И.Витзен айтатын пікір бел алып жататын. Витзеннің ойынша қазақтар Енесай қырғыздарынан бөлініп шығыпты-мыс. П.И.Рычков қазақтарды «Алтай –қырғыздарынан» шықты десе, Н.О.Бичурин қазақтарды байырғы қаулылардың ұрпағы даген [33, 31-32 бб.].
Қазақ халқының шығу төркініне шолу жасаған «Қазақ шежіресі» еңбегінде тарихи аңыздардың жатырлық белгілері жөнінде: «...Бұл одақтың жеке тәуелсіз ел болып өмір сүре бастаған уақытын дәл анықтау өте қиын, тіпті мүмкін емес. Дегенмен халық аңыздары бұл жайында біршама дәл хабар береді, біріқ ол нақты тарихи дерек емес. Тұрмыс-тіршілік жайындағы халық аңыздары, әсіресе, тарихи аңыздар өте қызғылықты, бірақ маңызды деп айта алмаймын. Әйтсе де қазақ аңыздары қарапайым ұғымды әрі оқиға сыйынсыздық пен әлсіреушіліктің жоқтымен құрметті орынға лайық және олардың көпшілігі әділғазымен әсіресе, «Жамит ат-тауарихтағы» деректерден алшақтамайды», - деп түсініктеме береді [34, 64 б.].
Шоқанның «ақылға сыйымсыздық пен әсіреушіліктің жоқтығымен құрметті орынға лайық» деуі тарихи аңыздардың өзге жанрлардан – эпостық ертегілік шығармалардан ерекшелігі жайында болса, ал оның аңыздары «нақты тарихи дерек емес» деп тұжырымдалуы – бүгінгі фольклористикада фольклордың тарихи шындыққа қатысы жөнінде айтылатын пікірлердің ішінде әбден мойындалған орныққан пікір.
Осындай тарихи – аңыздардың бірі қазақ халқының шығу тегіне яғни этногенезіне байланысты құнды деректер келтірілген. «Қазақ немесе алаш елінің о бастағы шығу тегі қайдан деген сүраққа, халық арасындағы жыр-дастандардан қанағаттанарлық тәп-тәуір түсінік алуға болады. Егер Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы жорығы 1392ж. басталса сол жылы қазақтардың алғашқы ханы – Алаш пен оның балалары өлтірілсе шамамен мөлшерлеп Алаштың XIV ғасырдың орта шенінде ғұмыр кешкені анықталады».
«Ертеде Тұранда Абдулла атты хан өтіпті, оны Абдул-Әзиз-хан деседі. Сол ханның Алаша атты алапес ауруына шалдыққан ұлы болыпты. Ескіден келе жатқан салт бойынша хан, жүқпалы аурумен ауырған адамды елден аластауға тиіс екен. Әкесі сол ескі салтты бүзбай алапес баласын елден аластайды. Сол заманда, Абдулла ханның міседен асқан қаталдығына төзбеген аш-жалаңаш адамдар Сырдарияның солтүстігіндені далаға, Қарақұм мен Борсық құмдарына қашып барып қазақшылық құрады. Сол елден безгендердің ішінде ерекше ерліктерімен көзге түскен батырлардың саны үш жүзге жетеді олрдың байлықтарыда асып тасады. Біраз уақыт өткеннен соң еркін қазақтардың ордасы көршілерімен болған соғыстарда жеңіліс тауып , ел қатты күйзеледі. Еркіндіктің әсер еспесі қазақтардың арасында ала ауыздық туғызып бір-бірімен шабысады. Олардың осындай хал-ахуалын естіген Абдулла хан оларды жуасытып алшақ болады. Қазақтарды тосын бір санға ғана аман алып қалады. Осындай қиын қыстау шақта, үш жүздің батырдың арасында жатжұрттық Алаш атты дана пайда бола кетеді. Алаш қазақтарды жинап алып ұзақ сөйлейді , сөзі халықты қатты тербетеді. Сол жерде қазақтар Алашты өздеріне рубасы етіп сайлайды. Ал Абдулла ханның елден аласталған Алаша атты ұлын Алаш ақсақалдың кеңесімен бірауыздан хан көтереді. Осылайша дала кезбелері Алаша атты ханы, Алаш атты ел ағасы-биі бар салауатты, тәуелсіз жеке ұлт ретінде өздерінің жақсы қоғамын құрады» [27, 64-65 бб.].
«Қазақтардың шыққан тегі туралы аңыздың ендігі жалғасы нақтырақ болып келеді: Темір Тоқтамысқа қарсы бірінші жорығында кезбе қазақтардың мекені Қарақұм арқылы өтіп бара жатып, олардың ұлыстарын тасталқан етіп: Амет, Сәмет деген екі ханның дарға асып, өздеріне нағыз дінді уағыздатуға және шамандық ұғым-сенімнің тамырын кесуге арнайы ұстаз машайықтарды жіберді».
«Жоғарыдағы, Алаш жайлы аңызда Алаш ханның балаларын Темірлан өлтірген соң қазақтар қауымы ыдырады, сондай-ақ, дала Ордадан қуылған, ұрыстарда жеңіліс тапқан Жанзада-бектердің тұрағына айналды делінген».
«Қазақтардың аңызында, Алаша ханның балаларының басы кесілгеннен кейін хан Жәнібек дегенімен, ертедегі асыл сөздерде, Жошы әулетінен шыққан Жәнібекте қазақтың бірінші ханы болған деседі.Әбілғазы да Жошы балаларын қазақтардың ханы дейді. Жәнібек билік құрғанда, туыстас қазақтар мен ноғайлар бірге көшіп-қонған, ол кез қазақ жырларында алтын ғасыр деп аталады. Қазақтардың көптеген аңыз-дастандары да сол алтын ғасырға дөп келеді. Сондай-ақ Жиренше Шешеннің бірлік, тәлім-тәрбиелік нақылдары, әділ хан Әз-Жәнібек те, Ноғайлардың философ-данасы Асан қайғы да осы күнге дейін далалықтардың аузынан түспейді. Ескі аңыз желісінде – алтын ғасырдың соңында халықтың тоз-тозы шығып, оңтүсітктен солтүстікке қарай босу басталған. Босудың біріншісі – өзбек ханының бүкіл ордасымен лап қоюынан; екіншісі – жетелердің күшейіп алып, шекараларын Іле мен Балқашқа дейін кеңейтуінен басталса керек» [27, 66 б.].
Осы аңыздарға қарап «Алаш» этнонимінің мәнін ашуға болады. Алаш Алаша ханның нақты тарихи тұлға екендігіне көз жеткіземіз, яғни Алаша ханның есімі тарихта болған кездегі Темір мен Тоқтамыс сияқты сол кездегі саяси қайраткермен қатар аталады.
Бүгінгі күнде ғалымдар арасында Алаш этнониміне байланысты-көптеген түжырымдамалар бар. Тіпті кейбір ғалымдар Алашты б.з.д ІV ғасырда өмір сүрген деген тұжырым айтады. Сондықтанда халық жазған ауыз-жазба негізіндегі мақаласында Алаш этнонимің біраз қырын ашап көрсетеді.
Ш.Уәлихановтың еңбегінде орта ғасырлардағы Қазақстандағы және жалпы Орталық Азиядағы түркі және моңғол тайпаларының ағысы, этникалық процестер көрсетілген [35, 64 б.].
Қазақ деген ортақ атаудың аясындағы: қаңлы, шанышқылы, керейттер Есім ханның (шамамен 1630 жылдарда жасаған) өлімінен соң қазақтардан бөлініп кетеді. Уәли ханның тұсында (XIX ғасырдың бірінші ширегінде) Орта жүз қүрамынан бөлініген қоңыраттардың бір бөлігі қазіргі кезде Бұқара, Қоқан, Ташкент, әсіресе, көбі Қаратау атыраптары мен Талас бойындағы өзбек руларына жақын жерлерде көшіп-қонып жүр... қыпшақ, қаңлы, үйсін..., жалайыр, найман, керей, керейттердің ескідден келе жаьқан рулар екенін айтпасам да, Шыңғыс хан жорықтарынан аз-маз түсінігі барлар білуге тиіс. Қаңлы, қыпшақ сияқты тегеурінді руларын шығыс тарихшылары аты аңызға айналған, көне, сонау Оғыз заманымен байланыстырады. Қаңлы, Әбілғазының айтуынша, моңғол шапқыншылығына дейін Ыстықкөл жағасын, Шу, Талас өзендері бойын жайлаған. Ал қыпшақтар Оғыз заманынан Шыңғыс дәуіріне дейін төрт жүз жыл бойы Жайық пен Еділ, Дон аралықтарын мекендеген, сондықтан да ол жерлер Дешті Қыпшақ аталған. Константин Багрянародный түрік елін пацинактар - Атиль (Еділ), Гейк (Жайық) және Танаис (Дон) өзендері бойындағы ежелгі түрғындар: тіпті сол пацинактар, қыпшақтар, уздар (оғыздар) туыстас, бір тектес, Византиялықтарға ҮІІ ғасырдан-ақ мәлім. Ал көптеген оқымыстыларға куман атауымен белгілі қыпшақтар болса, 1078 жылдан бергі жазба деректерде кездеседі.
Бодандат хандық құрған кезде наймандар, жалайырлар мен керейлер моңғол ұлыстары – халқы санатында, шығыс тарихшыларының айтуынша, Шыңғысқа дейін-ақ, осы рулардың өз хандары – жеке-жеке билеушілері болған. Наймандардың мекен-жайы Қарақорым төңірегінде, жалайырлардың үлкен ордасы да, кіші ордасы да тұратын...
Әбілғазы шежіресінде: керейлер наймандармен көршілес, түркі тайпаларының ішіндегі ең мықтысы. Қоңыраттар – моңғолдар... Қияттар Шыңғыс ханның арғы тегімен туыстас, кезінде саяси одақтарға үйытқы болды. Дулаттар, суандар және үйсіндер (Рашид-ад-Диннің «Жылнамаларында») дүғлат, үйшин деп аталып, моңғолдың норун (қате кеткен болу керек: нирун деп жазылады) мен қияттан тарайтын 10 (қату кеткен болуы мүмкін: 16 болу керек) тайпасының қүрамына кіреді. Біздің жыл санауымыздан екі ғасыр бүрынғы Қытай деректері усуньдардың солтүстік-батыс шекаралардан қазіргі Іле округіне келіп қоныстанғанын айтады (қазіргі Ұлы жүз жері). Арғын руы, кейінгі деректерде, Шағатай үлысының қүрамындағы ел ретінде ұшырасады, Хулагудың әйелі осы арғын руынан [29, 31-32 бб.].
Уақ - керей атауы маған белгілі көне моңғол-түркі тайпаларының арасында ұшыраспайды. Бірақ «Едіге жырындағы» Тоқтамыс -хан бектерінің бірі уақ руының өкілі айтылады.
Күрлеуіттер (ертедегі моңғол тайпасы) қазіргі қазақ халқында қыпшақ руының бір тармағын құрайды. Моңғол құрамындағы күрлеуіттер түркі қыпшақтарына ұқсас энтикалық тарамымен таңдандырады.
Бүгінгі таңда тарих ғылымында қазақтарда этникалық сана-сезімінің оянғанын ХҮ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІ ғасырдың басында біріңғай «қазақ» атын қолданғандығы белгілі. Шоқан Уәлиханов та өзінің зетрттеуінде осы мәселені, яғни қазақ этнонимін мәнін ашуға тырысады:
«Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны және орыстардан шыққан «казактарға» тәнті болғаны күмән келтірмесе керек. Олай дейтін себебім, орыс жылнамалары (Псков жылнамалары) біздің сөзімізді растайды. Рязань казактарының 1444 жылы Москваны татарлар қоршағанда, көмекке келуі, ал Украинада 1517 жылы тарихшы Окольскийдің айтуынша: олар - казактар гетман Предислав Ланцкоранскийдің басшылығымен Белгородқа (Аккерман) шабуыл жасаған ... Ал татарларды (көшпелі түркілер) еркін өмірді аңсаушылық, шаһарларға шапқыншылық үйымдастыру орыс казактарына қарағанда ертерек болған. Ен далада рекін өмір сүру - Еуропа рыцарьларының серілігімен тең еді («Шайбанинамеде»: қазақ болып жүргенде, ана мырза мынандай ерлік жасапты, мына баһадүр анандай ерлік жасапты деген сөздер жиі кездеседі. Казак болған запорожецтердің өздерін рыцармыз деп атауы тегіннен тегін емес). Бөрі азығы жолда, ер азығы қолда деп еркіндік аңсаған сайыпқыран сарбаздардың орыстар жеріндегі алғаш мекені - Украина (Окраина) болды. Запорождық, дондық, орыс казактары аз уақыттың ішінде- ақ жеке халық болып қалыптаса бастаса, аласапыран кезде, Алтын Орданың ыдырауынан дүниеге келген ұсақ хандықтар арасындағы талас-тартыстың салдарынан ірі-ірі әртүрлі рулар далаға қоныс аударып, қазақ қауымдарын құра бастады. Сондай-ақ, орыс казактары да әр тектес тайпалардан одақ құрып, казактар деген атауға ие болды. Татар (түркілер) қазақтарының шыққан тегі Алаш, Алашамен байланыстыруында да тарихи шындық жатыр. Себебі, еркіндік аңсаған азиялықтардың да шартты түрде өз ханы, өздерінің саяси бірлестігі мемлекеті, әртүрлі тайпалар одағын ұстап тұратындай пірі-көсемі -сиынатындай ата-бабасы болуға тиіс еді. Қыпшақ пен Түркістан ордаларынан босқан халықтардың есімімен, қазақ одағының өсіп, нығаюы бірте-бірте, астыртын түрде болды. Тайпалар одағының қуаты мен санына байланысты – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деген ұғым қалыптасты. Көшпелі тұрмыс, жауынгершілікке бейімділік далалықтардың күнделікті тіршілігінде ізін қалдырды. «Шайбанинаме» деректеріне қарағанда, қазақ деген жаңа қауым адамдары құрметті, отырықшылардан рухани жоғары деген ұғымда баяндалады.
Қалада тұратын туыстары өзбек, ноғайлардан (татарлар), көшпенділер өздерінің жоғары санаған, еркіндіктің символы - қазақ деген атты мақтаныш тұтқан» [36, 31-33 бб.].
Оның ғылыми ізденісінің басты бағыты болып табылатын қазақ халқының шығу тегін зерттеген Шоқан моңғолдар тарихы және Қазақстандағы моңғол билігі тақырыбына оралады. Ғалым кез-келген халықтың да этногенезі ұзақ және күрделі процес екенін түсінген. Оның пікірінше қазақ халқының көне заманда басталған қалыптасу процесі моңғол дәуірінде оның құрамына найман, керей, жалайыр, дулат aрғын, және басқада моңғол тайпалары енген соң аяқталған. Уәлиханов «бұл халықтың XIV ғасырдан ерте емес, жошы ұлысы күйреген кезде қалыптасқанына күмәнім жоқ» деп санайды. Жасөспірім шағындағы «Профессор И.Н.Березин хатында» айтқан бұл пікірін Шоқан «Қазақ шежіресі» еңбегінде айқын көрсеткен. «Қазақтардың нағыз және шын мәніндегі күшеюі Алтын жәңе Шағатай ордаларында күрделі де қауіпті бұлғақтар басталған XV-ғасырға тиесілі», - дейді ғалым. Бірақ, қазақ халқының қалыптасуы аяқталған соң да оның құрамына жекелеген рулар мен тайпалар қосыла берген.
«Осының бәрі – олардың Алтын Орда мен Шағатай ұлысының ыдырауынан кейінгі әр түрлі рулардың бірігуінен пайда болған сауал екенін түсінеді. XV ғ. атамекенінен ауып,туыстық жағынан біріккен жақын рулар бас сауғалап жаңа жерлерге келіп қана қоймай өздерінің рулық-тайпалық патриалхалды әдет-ғұрпын ала келіп түрғын халықтармен майдай араласып ,әлсіздері әлді руларға қосылып, ірі-ірі жүз, ру, одақтар қүрылғаны байқалады. Хулагу әулеті деректеріне қарағанда,қазақтардың кейіннен түріктер мен моңғолдардың араласуынан,моңғол түп атасынан пайда болған қауым екенін ашып айтады» [27, 34-35 бб.]. Яғни Ш.Уәлиханов қазақты құрамы жағынан қырық рудан құрылған және әр түрлі түрік және моңғол тайпаларының араласуынан пайда болған халық деген пікір білдіреді. Оның заманындағы шығыстанушылық, тарихнамалық көзқарас тұрғысынан алғанда аталған мәселеге бұлайша баға беру таптаурын сүрлеуді түбірімен өзгертер, мүлдем жаңа байлам еді. Ең бастысы, ол А.И.Левшиннің қазақтардың ертеден келе жатқан халық екендігі туралы тарихнамада орныққан пікірін терістеп ,оның кейінірек қалыптасқандығын қуаттайды. Көптеген зерттеушілер өз халықтарының бір тамырдан өрбігені туралы болжамдарды расқа шығаруға тырысқанда, Ш.Уәлиханов өз замандастарымен ілгері озып ,қазақтардың қырық рудан құралғанын айтады. Зерттеушілердің әлемдегі барлық халықтардың түп-тамырын қусаң,қырық рудан қүрылғаны туралы пікірге келгені кейінгі уақытта ғана. Бұған қоса, оның моңғол тайпалары казақ халқының едәуір бөлігін құрайтын туралы пікірі моңғол шапқыншылығының этникалық үрдістердің дамуына әсерін анықтауға ұмтылыс болып табылады. Сол кездің шығыстану әдебиетінде Шоқанға дейін моңғол шапқыншылығының салдарын мұндай қырынан ешкім қарамаған. Ғалымның бір байламы XIV ғ. 1-жартысындағы ресми тарихнамада орныққан моңғол шапқыншылығының, олар басып алған халықтардың тарихи тағдырына кері әсері туралы көзқарас кереғар екені мәлім. Мәселені бұлайша қоюдың дұрыстығы және оның ғылыми негізділігі тек 19ғ. соңында белгілі шығыстанушы В.Бартольдің еңбегінде ғана берілген.
Моңғолдардың қазақ халқының құрылуында белгілі бір рөл атқарғанын мойындаумен қатар Ш.Уәлиханов қазақтардың моңғолдардан саяси және рухани мұралар алғанын мойындайды. Осы тезисті дамыта отырып ол «Сонау аласапыран заманда, Қазан Қырым, Астрахан хандықтары құрылар алдында, Алтын Орда мен Шағатай ұлыстары құрамындағы рулар өздерін сақтап қалу мақсатында, әр түрлі елдерге, әр түрлі жерлерге қоныс аударады. Бір-бірімен одақтасып ,барған жерлерінде Шыңғыс түқымдарын шақырып хан көтереді. Осындай шиеленіскен жағдайлардың нәтижесінде саяси қауымдар құрылып, қайтадан мемлекеттік сипат ала бастайды. Сарайшық қаласы төңірегінде – Ноғай елі, Ташкентте-Моғолстан, Сейхун солтүстік даласында – Қазақ хандығы құрылады. Осы пікірдің шындығына, қазақ руларының тамаша құрамы мысал бола алады. Қарақшылардың арасынан біз Алтын Орда қыпшақтарын да, Шағатай ұлысының арғындарын да, ұйғырлар мен жоңғарлардың көршілестері үйсіндерді де кездестіреміз».
Бұдан әрі Уәлиханов дала тайпаларының салтындағы өзара әрекеттесік туралы айта келіп «Олардың одағына өзінше дербес ғұмыр сыйлаған алғашқы қазақтанған батырлардың тікелей мұрагерлері болып көне моңғолдықтар заңына сүйенген кіші ордалықтар саналады. Олар қазақтардың арасында күні бүгінге дейін,күш-қуат пен маңызға ие, өйткені ата-анасының мүлігін, зат-бұйымдарына мұрагерлік құқығына кіші ұлы – Кенже ие» деп жазды [37, 97-98 бб.].
Қазақ аталатын халықтың шығу тегі туралы, оның үстіне олардың үш жүздің одағына кіріп бас құрағаны жөніндегі түсінігі де тым көмескі. Біреулер қазақтар Есіл даласында адасып қалған ноғайлардан шықты деседі. Енді біреулер олардың бабаларында не ру, не тайпа болған емес деп соғады, өзіне шетен (шегендік) деген дінсіз бір халықтан қалыңдық тауып, алып қашқанға шейін қыр кезіп жүрген ноғай еді дегенді айтады. Ал ноғайлар мұсылман болғанды әйелдері дінсіз болып отырған ғой. Демек, қазақ халқы қан араласудан, екі діндегілерің салт-сана, әдет-ғұрпының қосылуынан шыққан. Жалпы, бұл жұрттың аңыз-әңгімелерде түркістандықтардың әсер-ықпалы сайрап жатыр. Қазақтардың өзі де солардың айтқандарына арқа сүйейді. Біз әңгімелескен өзбектер де осыны айтады.
Тағы да бір аңыз мына тектес. Зайыры, мұнда Орта Азия мұсылмандарының діни ықпалы молырақ сияқты. Қазақтардың түп атасы Алланың өзі қалап алған Мұхамедтің серігі, бір сахаба еді дейді. Жәбірейіл әулиенің ашып айтуына қарағанда, пайғамбар бұл пәнимен қош айтысып, мәңгі тыным алғалы о дүниеге атттанғалы жатып, өз достары мен жолдастарын һәм сенімді серіктерін шақырып алып, бәз біреуіңді ренжіткен жерім болса, кешіріңдер деп бақұлдық сұрайды. Жиналғандардың барлығы «Алланың жақын досы, сен кімге жамандық жасаушы едің, ешқайсысымызды ренжіткен жоқсың» деп тағзым етіп, еңіреп қоя береді. Сонда Укаша атты бір ғана сахаба кінә артып, пайғамбардың бір қаланы алуға қоршаған кезде мұның өзін жазықсыздан жазықсыз арқадан салып қалғанын айтады.
Мұхаммед шынында да өз қателігін мойындап, есеңді алып қал деп сахабаға жон арқасын тосады. Әбу Бәкір, Ғүмар, Усман, Ғали және шадиярлар Укашаға орынсыз ренішіңді таста деп қолқа салады. Бірақ ол ешқайсысының сөзіне бақпай, халықтың қарғысын ести тұра, қолына қамшы алып, Алланың сүйіктісінің жанына келіп, жон арқасын жалаңаштауын талап етеді. Пайғамбар сырт киімін шешеді. Укашаға да керегі осы еді. Ол құдайдың қалаулы досының арқасында ернін тигізген өлгеннен кейін тозақ отына күймейтін таңба барын білетін-ді сондықтан ол жон арқадан жосылтып тартып жіберудің орнына еңкейіп барып, әлгі таңбаны бір сүйіп, кері шегініп кетеді. Алайда пайғамбардың көңілін қалдырып, жұрттың қарғысын арқалағандықтан оның ұрпақтарын Алла Тағала өмір-бақи көшіп-қонып жүруге бұйырады. Әйткенмен, бақ-дәулет, ырыс-берекеден кенде болмасын деп бата береді. Сол Укаша үйсіндердің және жалпы халықтың түп атасы еді деген сөз бар.
Ұлы жүз үйсіндердің қазақ үрім-бұтағының түп атасы деп Майқыдан әлдеқайда бұрын жасаған Төбе би деген біреуді атады. Аңызға қарағанда, Төбе бидің Қойалдыр, Мекрен, Майқы және Қоғам деген төрт ұлы болған сияқты. Қойалдырдан қатағандар тарайды. Олар кейін ХV-ХVІ ғасырларда өзбек атты жаңа халықтың құрамына кіріп, солардың басты руы болады. Қоғам – қаңлылардың түп атасы. Майқының баласы Абақтың бәйбішесінен Бәйдібек туады. Тоқалынан ... Бәйдібектің үлкен ұлы Сары... екінші ұлы - тоқалынан туған Жарықшақ. Осы екінші әйелі қазақтың наным-сеніміне қарағанда киелі, әулие адам болған көрінеді. Жарықшақтан Албан, Дулат, Суан туады. Албаннан - албандар, Дулаттан – дулаттар, Суаннан – суандар тарайды. Мекреннің Шуманақ, Сырманақ деген екі болады. Албаннан Сары, Шыбыл деген екі ұл. Сарыдан Сүйерқұл, Тайбазар туады. Шыбылдың да балалары бар...
Майқы балалары Абақ деген жалпы атпен әйгілі. Үйсін деген атау жалпы Ұлы жүзге ортақ болғанмен, көп жағдайда үйсіндерге қатысты айтылады, алайда аңыз оны қалай болса солай оңды-солды қолдануға жібермейді ғой. Ұлы жүз аңыздарына бақсақ, моңғолдарға дейін үйсіндер өз алдына бөлек ел болып түрған. Олардың басшысы Майқы би Шыңғысты хан көтеруге қатысқан.
Үйсіндердің қазақ халқының құрамына кіруін олар былай баяндайды. Алтын орда мен Шағатай ұлысы құлап, ыдырағаннан кейін ішкі дүрдараздық тайпалардың бірлігін бұзып, қауымның қамын ойлап, билікті уысында ұстар ешкім шықпаған соң әрбір ру өз жайын ойлап, Есіл даласына тоғысқан халыққа барып қосылған.
Қариялар ноғай қырда көшіп-қонып жүрген татарлардың отырықшылардан айырмақ үшін алған атағы дейді. Отырықшы ноғайлылар мен өзбектерден ажырату үшін оларды әдейі ноғай атаған.
Ноғай немесе ноқай «ит» деген сөз. Шынында да Өзбек ханның түсында Алтын Орда, Шағатай ұлысында Тарма-Шырын ханның кезінде мүсылмандықты қабылдаған қандастары баяғы наным-сенімі мен әдет-ғұрпынан айрылмаған ағайындарын ит деп атады деген сөздің жаны бар сияқты.
Қырғыздар мен наймандарды және қырым ноғайларында пұтқа табынатын мәжусиліктің сарқыншақтары күні бүгінге дейін күшінде еді. Уақыт оны бізге дейін түгел құртып үлгерген жоқ. Бұл халықтың бұдан кейінгі тарихи тағдыры жөнінде аңыз былай дейді. Есегей бойлы ер Есімге дейін бүкіл жүз бірігіп, бір ғана ханға бағынған. Шу бойының үйсіндері хандардың сарайына көршілес болып, тікелей ханның төңірегінде жүрген. Қатағанның ханы Тұрсынның тұсында онымен бірігіп, олар Ташкентті басып алған» [33, 65-66 бб.].
Іле бойының қазақтары Ташкент өктемдігінің ықпалында басқалардан әлдеқайда көп болды. Оның үстіне өз алдына тәуелсіз халық қырғыздармен жақын, көрші отырғандықтан олармен ұдайы шайқасып тұруға тура келді. Іле өңіріндегі ежелгі обалар мен қорғандар бұлаймақты байырғы бір халықтардың мекен еткенін айғақтайды. Осынау өлкені үйсін, ұйғыр, жоңғар халықтары бірінен кейін бірі билеп-төстеген тәрізді. Жоңғарларды 1755 жылы қытайлар басып алғаннан кейін бұл халықтың иелігіндегі бүкіл жерін Қытай империясы өзіне қосып әкетті.
Таласты бойлап, Ташкентке дейін көшіп-қонып жүрген Ұлы жүз Абылай ханның басшылығымен шығысқа қарай шеру тартып, ұзаққа созылған сәтті шайқастардан кейін қытайларды ығыстырып, Кіші Алатаудың сыртына дейін түріп тастап, өзінің баяғы байырғы мекеніне орнықты. Сөйтіп, бұл жерлер қазақтардың айтуына қарағанда, қалмақтардан тартып алынып, Ұлы жүзге қайтарылды. Демек, қытайлардың бұл өңірге көз алартып, біздікі деп таласуы әділдік емес. Өйткені ежелгі тұрғындары қайта оралып, бұл аймақ тәуелсіз ел болды. Орыс әскерлері қырдың бұл бөлігіне келгенше Ұлы жүз 1824 жылдан бастап Ресейдің қамқорлық аясында деп саналды. Алайда қытайлар 1840 жыллға дейін Іле аумағына азын-аулақ зекет жинау үшін өз жасақтарын Тереңөзек сайында жергілікті шапыраштылардан өлердей соққы жеп, күйрей жеңілді.
Сол кезеңде Ұлы жүзді билеп-төстеу үшін өңмеңдеп батыстан діні бір қоқандықтар кіріп зекет жинай бастады. Ал бұл ауыр соғып, қазақтарды ашындырғаны қай жағынан болсын андағайлап көрініп тұрды. Қоқандықтарға да қырлықтарды өз еркімен зекет төлеуге көндіру оңайға соққан жоқ. Сондықтан да олар әскери күш қолданды. Сондай-ақ қоқандықтар сәскери күшімен Алатау қырғыздарын зекет төлеуге көндірмек болды. Алайда қырғыздар қатты қарсыласты. Адам аяғы жетпейтін биік таулы аймақты мекендегендіктен де олар тәуелсіз болып қалды. Мен бұл арада Ыстықкөлдің жоғарғы жағында көшіп-қонып жүретін қырғыздар жөнінде айтып отырмын [27, 30-33 бб.].
Ташкенттің атақты әрі ақылды әмірі Күшбек сан мың жасақ алып, Ұлы жүз бен қырғыздарға қарсы өзі аттанды. Ол бірнеше бекіністер салғызды. Айтқандай, оған дейін де Іле өңірінде Қаскелең өзенінің маңында Ташкент мыңбасысы 1778 жылы бекініс-қорған түрғызған болатын. Алайда осы аймақтағы атақты қандықол сұлтан Рүстем барлық әскерлерді қойдай қырып, күл-талқан ғып қорғанды құлатып тастады. Сол қорғандардың жұрты Іле өңірінде әлі күнге дейін жатыр.
Кейінірек жалғыз ғана Тойшыбек бекінісі қалды. Оны да қалпына бертін келтіріп, сол арқылы жұрттан зекет жинап түрды. Алайда оны да 1851 жылы казак полковнигі Карбышев бастаған орыс әскерлері тас-талқан етті. Бұдан кейін зекетті қарулы жасақтар ел аралап жүріп жинайттын болды. Оның өзінде де Шу бойынан ғана жинады.
Тойшыбек қыстағы талқандалғанға дейін онда елу сарт тұрақты тұрып жатты. Олар өз тыныштығын қорғаумен бірге керуен талауды да міндетім деп білді.
Іленің арғы бетіндегі мекендерге 1853 жылы орыстардың толық орнығуына орай бүл аймақта бейберекет бейбастық басталды. Қашқарға, Құлжаға тау қырғыздарына баратын ең маңызды жолдың бойындағы ел тынышталды деуге келеді. Сөйтіп, олар таяу уақытта сауда-саттықты үдетіп, байи бастайды деп кәміл сенуге болады».
Ш.Уәлиханов болса тұңғаш рет тарихи еңбектер мен қазақтың шығу тегі туралы аңыз-әңгімелерді шендестіре отырып, этногенез процесіне ғылыми тұжырымның сәулесін түсірді. Осы тұста В.В.Вельяминов Зерновтың да өз бетінше жүргізген зерттеулерінің Шоқан ойымен үндесіп жатқанын айта кеткен жөн. «Мен жинақтаған деректердің бәрі де, - деп жазды Шоқан Уәлиханов, - қазақ халқының Фирдоуси жазғандай көне халық емес екенін... Бердібек өлген соң «1359» іле-шала ру тартыстары кезінде түркі және моңғол тайпаларының одақтасуы арқылы пайда болғанын көрсетеді» [27, 34-35 бб.]. Яғни, Шоқан қазақ этносының тарих санасында тұлға танытуын этногенез процесінің шыңдалу кезеңімен, дәлірек айтсақ қазақ халқының саяси организм ретінде қалыптасу кезеңімен байланыстырады. Осы орайда, этногенездің шыңдалу кезеңінде әрбір этнос өзінің төл мемлекеттік және саяси түлғасын танытуға ұмтылады деген Ю.В.Павленконың ойы еске түседі. Бұл орайда да Шоқанның ұшқыр ойы өз заманынан мойын оздырып, бүгінгі күннің озық теориялық тұжырымдарымен тіл табысып жатқанын көреміз.
Тұңғыш рет орыс тарихнамасында Ш.Уәлиханов ғажайып көрегендік танытып, көшпелілердің өмір салтында толтума этникалық процестің болатынын айта білді. Бүгінгі таңдағы теориялық ізденістер қазақ ғалымының бүл ойларын тамаша түжырымдамалар мен яғни этногенез процесі міндетті түрде тіршілік қүрған ортаға бейімделген шаруашылық-мәдени болмыстың аясында жүзеге асады.
Шоқанның нақтылы-тарихи ой-жасақтарында қазақ халқының этникалық тарихына қатысты тығырыққа тірелетін тұстарыда аз болмаған. Бұл түсінікті ғой, ол кезде қазіргі жинақталған тарихи, археологиялық, этнографиялық деректердің жүзінің бірі де жоқ еді. Соған қарамастан, Шоқан қазақ этногенезінің бір қыртысы ретінде маңғыттарды айтуы, сонан соң қазақ халқының қалыптасу процесі XV ғ. толық аяқталды деген тұ жырымға келуі ғажайып ғылыми кемелдіктің айғағы еді. Мұндай ғылыми ұшқыр ойлардың салмағын өз заманында танып-түсінудің өзі қиын. Шоқанның бұл ойлары уақыт өткен сайын ғылымның парқын білетіндерді табындыра, талсандыра түседі. Сондықтанда әлемдік тарихи-этнографиялық ғылымда Шоқан мәңгілік алдыңғы шекте болуға тиіс.
Шоқан Уәлиханов аңыздар мен әпсаналар негізінде жазған «Қазақтың Ұлы жүзі» шығармасында мынадай мәліметтер беріледі: «Ұлы жүздің қазақтары өздерін арғы тегін ежелгі моңғол халқының үйсіндерінен шығарады және түп атасын Шыңғыс ханның замандасы Майқы би деп санайды [27, 60-61 бб.].
Ұлы жүз құрамы туралы Ш.Уәлихановтың келтіргені де толық емес. Қазақ ғалымы өзінің Ұлы жүз қырғыз-қайсақ ордасы туралы аңыз бен әпсана мақаласында Ұлы жүз ежелгі моңғол халқының үйсінінен шығып, өздері Шыңғыс ханның замандасы Майқы биден тарайды деп жазады. Одан әрі ол Ұлы жүздің құрамына Жалайыр, Дулат, Албан мен Суан еніп Дулат руынан бөлінетін, Сарыүйсінге тірелетін Үйсін болып келеді деп көрсетеді. Ш.Уәлиханов бұл орайда бірнеше дәйексіздік танытады. Біріншіден, Үйсіндер моңғол халқы емес, екіншіден, Сарыүйсіндер ешқашан Дулат құрамына енбеген. Ш.Уәлиханов келтірген қазақ шежіресіндегі Ұлы жүздің арғы тегі Майқы би деген Рашид ад-Дин дерегіне сай, онда Майқы Үйсін руынан екені көрсетіледі. Алайда, Ұлы жүзді тек бір кісіден, оның ішінде Майқы биден тарады деу халық аңызы болып есептелінеді. Шоқан көптеген аңыздар мен қазақ шежіресін салыстыра отырып, Ұлы жүздің ата-тегін түгендеп, Үйсіннен ежелгі рулар: Қатаған, Жалайыр, Қаңлы, Ысты, Шапырашты, Ошақты, Сарыүйсін, Албан, Суан мен Дулат тарайтынын нақтылап кетеді. Ол қүрастырған шежіреде Төбейден – Үйсін, Үйсіннен – Қойылдыр, Майқы; Албаннан – Сары және Шыбыл т.б. Ұлы жүздің басқа аталары туралы Ш.Уәлиханов бүндай мәлімет бермейді.Бірақ, бүл қазақ ғалымының 19 ғ. ортасындағы үзік деректері соңғы жылдардағы зерттеушілердің мәліметтері мен біздің күндердің куәларының айтқанымен молыға түседі [38, 31-14 бб.].
Сондай-ақ Шоқан Уәлихановтың қалдырған деректерінде Ұлы жүз қазақтарының шығу тегі ғана емес, сонымен Ұлы жүздің тарихи географиясы және ХҮІІІ ғ. аяғы мен XIX ғасырдың ортасындағы саяси жағдайы жайлы мәлімет берілген [39, 98-90 бб.]. Оларға қысқаша тоқталсақ:
«Іле өңірін Ұлы жүздің басты-басты екі руы албандар мен дулаттар және өмір бойы осы арадан өзеннің оң жағалуы шықпаған шапыраштылардың бір бөлігі алып жатыр. Албандар қонысының батыс шекарасы Түрген өзені. Олар тіпті болмашы ғана алым-салық төлеп, Қытай иелігіндегі жерлерге де көшіп барып жүреді. Албандардың батыс жағында, яғни Түргеннен бастап дулаттар мен шапыраштылар аралас көшіп-қонып, Шу өзенінің бастауы дейін барады. Одан кейін Талас өзені арққылы Ташкент қаласы мен бекіністер кетеді.
Дулат қазақтары саны жағынан да, жауынгерлігі мен байлығы жағынан да Ұлы жүздің басқа руларының барлығынан басым. Ұлы жүздің кішігірім өзге руларын атамағанда олар албандардан бес есе, жалайырлардан үш есе көп. Дулаттар мен албандардың кейбір әулеттері мен шапыраштылардың үлкен бір бөлігі тіпті Іленің оң жағын ала көшіп жүреді. Бұл екі рудың екеуі де бірнеше әулет пен аталарға бөлінеді.
Іле алқабы Ұлы жүздің албан, дулат атты екі негізгі рулары және қоныстары өзеннің сол жағымен ғана шектелетін шапырашты руының біраз бөлігі мекендейді. Іле алқабынын. шығысын, ішінара қырғыздың бұғы руы жайлайды, бірақ олардың нетізгі қоныстары Ыстықкөлдің оңтүстік-шығысы болып саналады. Ал Ыстықкөлдің батысын — солты, сары-бағыштар мекен еткенімен, олар көлдің оңтүстік-батысын, Пішпек маңын (Шудың арғы бетіндегі бекіністер ташкенттіктердікі) да жайлайды. Албан қоныстарыың батыстағы аяғына дейін дулаттар мен шапыраштылар аралас көшіп-қонып, оларға болымсыз салық төлеп тұрады. Албандардың батысында, демек, Түрген өзенінен былай Шудың басынан аяғына дейін дулаттар мен шапыраштылар аралас көшіп-қонып жүреді, ал одан ары қарай – Талас өзенінің арғы жағы Ташкент құрамындағы шаһарлар мел бекіністер.
Дулат қазақтары Ұлы жүздің басқа руларына қарағанда, саны жағынан да, жаугершілігі ме байлығы жағынан да ең қуаттысы. Олар албандардан бес есе, жалайырлардан үш есе көп, қалган кіш-гірім Ұлы жүз руларын атамағанда... Дулат, албан руларыйың кейбір аталары мен шапырашты руының басым бөлігі Іленің оң жағында көшіп-қонып жүреді. Осы екі ру да бірталай үрім-бұтақтарға тарамданады [27, 45 бб.].
Іле алқабын мекендейтіл қазақтар басқаларға қарағаңда, көбінесе Ташкент ықпалында болды. Тәуелсіз, жеке халық қырғыздармен көршілес болғандықтан, олармен куресуге мәжбүр болып келді. Қырғыздар орыс әскерлері бұл өлкеге келгеніне дейін, осы Іле жақты бас сауғалайтын мекен етіп, жаза қолданудан шет қалып отырды. Өздерінің әр түрлі қылмыстары үшін қудаланған осы асау тайпалар, Іле алқабын мекен еткеннен бері, қазір тыныштық бейбіт өмірге көшті.
Іле өңіріндегі ескі замандардан бері келе жатқан обалар мен қорғандар, бұл жерлерде ертеден бір халықтыц мекен еткенін көрсетеді. Бұл өлкеде үйсін, ұйғыр, жоңғар халықтарының билігі бірін-бірі алмастырып отырған [38, 64 б.]. Жоңғар халқын 1755 жылы қытайлап жаулап алған, ол халықтың иелігіндегі (Балқашқа дейін) жерлерді Қытай империясы өз күрамына енгізіп алды.
Абылай ханның қарамағындағы, Талас жағасы мен Ташкентке дейін көшіп-қонып жүрген Ұлы жүз шығысқа қарай жылжып, қыттайларды Кіші Алатайдан асыра қуып,өзінің байырғы мекендеріне оралды. Сонымен, қазақтардың айтуынша Ұлы жүз осы өңірді қалмақтардан қайтарыл алған, сондықтан да қытайлардың бұл жерлерге көз алартуы дұрыс емес, байырғы тұрғындардың қайіта оралуына байланысты, енді бұл жұрт тәуелсіз болып саналады. Олай болса, даланың Ұлы жүз мекендейтін бұл бөлігіне орыс әскерінің келгеніне дейін, 1824 жылдам бастап Ресейдің, қол астына енгені, демек 1840 жылға дейін қытайлар Іле өңіріне болмашы алым-салық жинаушы отрядтарын жіберуден бір танбай келді, соның салдарынан қытайлар Тереңөзек сайында осы жердің шапыраштыларыан оңбай таяқ жеп, масқара боп жеңілді де...
Үш мың, қытайдан тұратын отряд, салық жинай отырып, Ташкент ұлықтарымен келіссөз жүргіземіз деген мақсатпен осы өңірден өтпекші болады, Сол соққы қытайлардың есінен кетпейді, әлі күнте дейін қазақтардың шапырашты деген тайпасынан жеген таяғы бармағын тістетеді.
Сол кезде, Ұлы жүзді билеп-төстеу мақсатында, олардың діндестері орданы батысынан талан-таражға салған қоқандықтар да зекет жинай бастайды. Баса-көктеп, салық жинаушылардың көбеюі Ұлы жүз елін ашындырса керек, сол себептен де, қоқандықтарға қазақтардың өз еркімен зекет беруі оңайға түспегенін, осы өңірдің сол кездегі әлеуметтік жғдайынан байқау қиын емес, соңдықтан да қанаушылар мен тонаушылар әскери күш қолданғап. Қоқандықтар Алатау қырғыздарына әскери күш қолданып, заң жүзімен зекет төлеттірмек болған, бірақ олар қатты қарсылық керсеткен, сондықтан да зекетшілердің билігі таулы аймақтарға қанат жая алмаған, сонымен таулы аймақтар тәуелсіз күйінде қала берген.
Ташкенттің атақты да, ақылды әміршісі Құшбек кезінде Ұлы жүз бен қырғыздарға үлкен қолмен барған. Ол бірнеше бекіністер де салғызды, алайда оған дейін де Қаскелең өзенінің жағасына 1774 жылы Ташкент мыңбасысы салдырған бөкініс-қорған бар еді, бірақ осы өңірдегі белгілі баукеспе Рустем сұлтан деген, бекіністегі барлық әскерді сатқындықпен бауыздап, қорғанды бұздырды. Іле өңіріндегі сол қорған-бекіністің қалдығы әлі күнге дейін бар.
Кейіннен тек Тойшыбек бекінісі ғана қалды. Зекет жинаушылар жаңа заманда қалпына келтірілген сол Тойшьгбек бекінісі арқылы Істерін жүзеге асыратынды, бірақ ол қорған да 1851 жылы казак-орыс полковнигі Карбышев басшылық, еткен орыс әскерлерінін күшімен талқандалды. Осыдан соң зекетті қарулы отряд Шу маңынаң ғана жинайтын болды.
Жапы алғанда Шоқан Уәлихановтың Қазақ аталатын халықтың шығу тегі туралы, оның үстіне олардың үш жүздің одағына кіріп бас құрағаны жөніндегі түсінігі, қазақ ру-тайпалары туралы мәліметтері де тым көмескі.Сондықтан да бұл тақырып әлі де үлкен зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі деуге болады.