Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Педагогика факультеті
Ғылыми зерттеу жұмысы
Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Ғылыми зерттеу жұмысының авторы:
Байниязова Сауле Едиловна
«6В01601-Тарих» білім беру бағдарламасының
1-курс студенті
Ғылыми жетекші:
БҚИТУ аға оқытушысы, тарих
магистрі Дауесова Айжан Жангазиевна
Орал, 2023 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .......................................................................................................................4
I тарау. Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ КӨЗҚАРАСТАРЫ
1.1 Ш.Ш. Уәлихановтың өмір жолы және тарихи көзқарастарының қалыптасуы.................................................................................................................9
1.2 Ш.Ш. Уәлихановтың ортағасырлар тарихына байланысты жазған еңбектеріне жалпы сипаттама ................................................................................13
II тарау. Ш.Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫНА ЖӘНЕ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕҢБЕКТЕРІ
2.1 Қазақ халқының шығу тегіне қатысты мәліметтер..........................................20
Қорытынды .............................................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ............................................................................33
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы, қазақ халқының тарихи даму жолына тек жаңа көзқарастар туғызып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұзақ жылдар бойы тоталитарлық режимге бет ұстап, тек саяси және таптық тұрғыда талдау жасап, теріс бағытталынып келген тарихымыздың көптеген мәселелерін, соның ішінде халық мұрасының жан-жақты және терең зерттеуіне, сондай-ақ әділ бағалауға өте қолайлы жағдайлар туғызды. Кезінде Ш.Ш.Уәлиханов бастаған халық мұрасының, туған елінің тарихын зерттеудің көкейкесті мәселелерін М.Тынышпаев, С.Асфендияров, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов сынды қазақ зиялылары одан әрі дамытқан еді. Алайда, сол 30-шы жылдары қазақ зиялыларының өздері қуғын-сүргінге ұшырады. Көп ұзамай халық мұрасынан қомақты орын алған Едіге, Абылай, Кенесары т.б. аттары баспадан түгелдей алынып тасталды.
Сондай-ақ олар туралы халықтың ғасырлар бойы шығарған жырлары мен аңыздары, яғни мұраларына тиым салынды. Қанша тоталитарлық режим болса да, Ш.Ш.Уәлихановтың еңбектерін басып шығаруға қиянат жасалмаған сияқты еді. Ал, шындығында олай болмады. Оның барлық ғылыми еңбектері жарық көрген жоқ, себебі, кейбір ғылыми еңбектеріне тыйым салынды.
Міне, қазір егемендіктің арқасында Ш.Ш.Уәлихановтың шығармаларына да жаңа көзқарас қалыптасты. Еліміздің тарихындағы ірі тұлғалар: Едіге, Абылай, Кенесары және т.б. жан-жақты зерттеулер басылып қана қойған жоқ, сондай-ақ олар туралы халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келген асыл мұралары жарық көріп жатыр.
Осы тұрғыдан қарағанда, Ш.Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасын кеңінен қарау бұл күндегі егеменді Қазақстанның тарих, жалпы қоғамдық ғылымдағы көкейкесті мәселе.
Ш.Ш.Уәлиханов қазақ халық мұрасын алғаш рет жинап, зерттеп және қазақ халық поэзиясына түңғыш рет анықтама берген ғалым. Осындай ұлы ғалымның рухани мұрасын зерттеуге арналған еңбектердің терең түрде саралап, жүйеге келтіруі бұл күндегі қазақ тарихы ғылымының өзекті мәселесі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |