Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр- XXғасырдың басы).
Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы.
Оқумақсаты
Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу
Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін «депортация», «арнайы қоныс аударылғандар», «полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат»,
«интернационализм» ұғымдарын пайдалану
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдеріне зерттеу жүргізеді
«Депортация», «арнайы қоныс аударылғандар»,
«полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат»,
«интернационализм» ұғымдарын пайдаланып Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіреді
Ойлау дағдыларыныңдеңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма Деректерді пайдаланып XVIII – XX ғасырдың басындағы Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруін зерттеңіз.
Дала өңірінде Ақмола облысы орыс ұлт өкілдерімен неғұрлым көп қоныстандырылды. Орыстар бұл аймақта халықтардың арасында басым үлеске (58%) ие болып отыр, ал 1897 жылы бұл облыс қырғыз даласының әлі де елсіз өңірі болып, бұл жерде орыс халқының үлесі 33%-дан асып түспеген еді; орыс қоныстанушылардың жер аударылуы жағынан, бірінші кезекте Торғай облысы орналасқан. Мұнда орыс ұлт өкілдерінің саны 1897 жылы 35.028 адамнан 1911 ж. таман 225.480 адамға дейін, яғни 14 жылдың ішінде 7 есе арта түскенін байқауға болады
дерек
(ПрошлоеКазахстанависточникахиматериалах: (СборникI. (Vв.дон.э.-XVIIIв.н.э.))/ Подред.проф. АсфендияроваС.Д. ипроф.КунтеП.А.– А.:Казакстан,1997.-383 с.с.292).2- 1881 жылдан бастап 1894 жылға дейін Жетісуға бұрын Қытай жерін мекен еткен таранча мен дүнген ұлттары қоныс аударылды. Жетісуда 45 373 адамнан құралатын 9572 таранчи отбасы және де 4682 адамды құрайтын 1147 дүнген отбасысы мекендеді. 1897 жылғы санақ бойынша таранчи мен дүнгендер саны 71 091 адамды құрады (55 815 ұйғыр мен 15 276 дүнген)