Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет111/124
Дата03.11.2022
өлшемі1,66 Mb.
#47331
түріҚұрамы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   124
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

СН3СОО- ацетат-ионының сапалық реакциялары

СН3СОО- ацетат-ион бір негізді CH3COOH әлсіз қышқылдың (pK = 4,76) анионы, сулы ерітінділері түссіз болып келеді, гидролизге ұшырайды. Қышқыл ортада спиртермен реакциясында күрделі эфирлер түзеді. Ацетат-ион лиганд ретінде көптеген металдармен комплексті қосылыстар түзеді.
Аммоний ацетаты, сілтілік және басқа да металдар ацетаттары суда жақсы ериді.

  1. Күкірт қышқылы ацетаттармен әрекеттесе отырып олардан бос сірке қышқылын ығыстырып шығарады. Сірке қышқылын қыздырған кезде бөлі-нетін өзіне тән иісі арқылы анықтайды.

CH3COO- + Н+CH3COOH


Тәжірибе: Сынауыққа 4-5 тамшы натрий ацетаты ерітіндісін құйып, 2 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызады. Жайлап қыздыру керек. Сірке қышқылын иісі арқылы анықтауға болады.
Тәжірибе жүргізу шарттары:
1) NO2-, S2-, S2O32- - иондары кедергі келтіреді.
2. Спирттер күкірт қышқылды ортада (H24конц.) ацетат ерітінділерімен әрекеттескенде иісі арқылы анықталатын күрделі эфирлер түзеді. Мысалы, этанолмен әрекеттескенде этилацетат CH3COOC2H5 түзіледі:
2CH3COONa + H24 → Na24 + 2СН3СООН
CH3COOH + С5Н11ОН ⇄ СН3СООС5Н11 + Н2О
Тәжірибе:
Ацетат ерітіндісінің бірнеше тамшысына (немесе құрғақ натрий ацетатына) 3-4 тамшы концентрлі күкірт қышқылын және соншама мөлшерде амил спиртін С5Н11ОН, 1-2 тамшы күміс нитратын қосады. Қоспаны су моншасында қыздырып, содан соң сынауықтағы сұйықтықты суық су құйылған стақанға аудару керек. Өзіне тән иісі бар амилацетаты пайда болады.
Тәжірибе жасау шарттары:
1) өткір иісті амил спиртін көп мөлшерде алмау керек, себебі, алмұрттық эссенция амилацетатының иісін анықтауға кедергі жасайды;
2) қоспаны 4-5 мин шамасында ғана қыздыруды қажет (амилацетаты түзіл-генге дейін);
3) реакцияны тездету үшін катализатор ретінде күміс нитраты пайдаланылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет