Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет17/124
Дата03.11.2022
өлшемі1,66 Mb.
#47331
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   124
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

7. Натрий родизонаты Na2C6O6 қорғасын ионымен көк түсті Pb(C6O6)2 (OН) 2 - құрамды комплексті қосылыс түзеді. Бұл қосылыс әлсіз қышқылдық ортада (рН = 2,8; тартратты буферлі қоспа қатысында) түсін қызыл түске өзгертеді:

Реакция өте сезгіш: анықтау минимумы 0,1 мкг тең, шекті концентрациясы 2∙10-6 г/мл, шекті сұйылтуы 5 105 мл/г. Қорғасын катионының өте аз кон-центрациясында да анықтауға болады.
Реакцияны тамшылы әдіспен сүзгі қағазында жасайды.
Тәжірибе: Сүзгі қағазына 1 тамшы қорғасын нитратын және жаңа даярланған 0,2% натрий родизонаты ерітіндісін тамызады. Көк сақина немесе
көк дақ пайда болады. Көк даққа тартратты буферлі қоспаны тамызғанда дақ-тың түсі өзгереді.
Тәжірибенің жүру жағдайы:
1) иондары кедергі келтіреді.
Тартратты буферлі қоспаны даярлау: (рН = 2,8) 1 мл ерітіндіде 0,019 г натрий гидротартраты және 0,015 г шарап қышқылы болатындай етіп есеп-тейді.
8. Дифенилтиокарбазон (дитизон) қорғасын тұздарымен ішкі комплексті қосылыс түзеді де, қызыл кірпіш түс береді. Реакция сезімтал 1:1250000.




Р-ция теңдеуін жазу керек
[Hg2]2+ катионына сапалық реакция

Hg (I) тұзының ерітінділері мынандай топтықты сақтайды – Hg – Hg –дис-социация кезінде күрделі [Hg2]2+ катионын түзеді және бұл кезде сынап Hg+ тотығу дәрежесін көрсетеді. Бұл ионда сынаптың екі атомына, екі оң заряд сай келеді. Сынаптың барлық тұздары улы.


1. Cынап (І) хлорид-иондарымен HCl нашар еритін ақ тұнба түзеді:


Тәжірибе: Сынап (І) нитратының 1-2 тамшысына 1 тамшы НСl ерітіндісін қосады, сонда ақ Hg2Cl2 тұнбасы түзілгенін байқауға болады.
Hg2Cl2 аммиак ерітіндісімен әрекеттескенде димеркураммоний хлоридін түзеді, ол тұрақсыз болғандықтан аз еритін меркураммонийға және бос сынапқа дейін ыдырайды, ол қара түсті тұнба береді:
Hg2Cl2 + 2NH4OH→[Hg2NH2]Cl↓ + NH4Cl + 2H2О
[Hg2NH2]Cl → [NH2Hg]Cl + Hg↓
Осы реакция бойынша [Hg2]2+ катионын Ag+ күміс катионынан бөліп алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет