Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет76/124
Дата03.11.2022
өлшемі1,66 Mb.
#47331
түріҚұрамы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   124
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

Тұнбаның анализі.
Mg2+ катионын анықтау.
Тұнбаны бірнеше рет сумен жуады, оған 1 мл концентрлі NH4OH және NH4Cl ерітіндісін қосады. Магний ионы толық ерітіндіге өткенше тұнбаны осылай бірнеше рет өңдейді де, ерітіндіні тұнбадан бөліп алады. Ерітіндіге өткен магний катионын Na2HPО4 арқылы ашады. Mg2+ ионынан бөліп алын-ған тұнбаға сұйылтылған HNO3 ерітіндісін қосып, Fе(IIІ), Ві(ІІІ) гидроксид-терін ерітеді, ерітіндіден Fе3+, Ві3+ иондарын анықтайды.
3+ катионын анықтау.
Үш сынауыққа ерітіндіден 2-3 тамшы алып, біріншісіне KSCN, екіншісіне CH3COONa, үшіншісіне K4[Fe(CN)6] қосады, байқалған өзгерістер бойынша Fe3+ катионының бар немесе жоқ екеніне қорытынды жасайды.
Ві3+ катионын анықтау.
2-3 тамшы ерітіндіге калий станиті ерітіндісін қосады, нәтижесінде Ві(ІІІ) бар болса металдық висмуттың қара тұнбасы түзіледі:
Мn2+ катионын анықтау.
Mapганец (IV) гидроксиді тұнбасын концентрлі HNО3 ерітіндісін қосып ерітеді және Н2О2 ерітіндісін қосып, қайнатып Мn(ІІ) қосылысына ауысты-рып Мn2+ ионына тән сапалық реакциялары арқылы анықтайды.
VI аналитикалық топ катиондарының комплексті косылыстары ерітіндісінің анализі.
Ерітіндіде VI аналитикалық топ катиондарының комплексті қосылыстары болады: [Cu(NH3)4]2+, [Cd(NH3)4]2+, [Hg(NH3)4]2+, [Co(NH3)6]2+, [Ni(NH3)6]2+.
Комплекстерді бұзу үшін күкірт қышқылы ерітіндісін қосады, содан соң қара-қоңыр тұнба түзілгенше Na2S2О3 ерітіндісін қосады. Тұнбада мыс және сынап сульфидтері, ал ерітіндіде кобальт, никель және кадмий иондары болады.
CuS (Cu2S+S) тұнбасын азот қышқылында ерітеді, ерітіндіде Cu2+ иондары болады, ал тұнбада HgS қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет