Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Дифенилтиокарбазон (дитизон)



бет39/124
Дата03.11.2022
өлшемі1,66 Mb.
#47331
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

8. Дифенилтиокарбазон (дитизон) ерітіндісі Zn2+ катионымен қызыл түсті ішкі комплексті қосылыс – мырыш дитизонатын түзеді:

тионды түрі
немесе

тиольды түрі

Бұл тұз сілтілік ортада хлороформ қабатын ғана емес, жоғары сулы қаба-тының да түсін өзгертеді. Осы реакция арқылы басқа катиондар қатысында мырышты анықтауға болады.


Тәжірибе: 3-4 тамшы ZnCl2 ерітіндісіне біртіндеп бірнеше тамшы NaOH натрий гидроксидін бастапқы түзілген тұнба ерігенше қосып, оның үстіне 5 тамшы дитизонның хлороформды ерітіндісін қосады. Қатты сілкілеп аралас-тырғанда хлороформ қабаты қызыл түске боялады.
Реакцияның жүру жағдайы:
1) реакцияның жүруіне Cd2+, Sn2+, Ag+, Cu2+, Ві3+, Pb2+ иондары кедергі келтіреді. Бұл жағдайда осы иондарды комплексті қосылыстарға айналдыру үшін 4-5 тамшы 1н натрий тиосульфаты Na2S2О3 ерітіндісін қосу керек.
9. Кобальт нитратының Co(NO3)2 әсері
Сұйылтылған Co(NО3)2 ерітіндісі Zn2+ катионымен әрекеттесіп жасыл түсті кобальт цинкатын CoZnО2 түзеді, түзілген қосылыс «Ринман жасылы» деп аталады:
Zn(NO3)2 + Co(NO3)2 → CoZnO2 + 4NO2↑ + O2
Тәжірибе: Сынауықта немесе тигельде 5 тамшы мырыш нитратын Zn(NO3)2 және 5 тамшы кобальт нитраты Co(NО3)2 ерітіндісін араластырып, 1 минуттай қайнатады. Осы ыстық ерітіндімен сүзгі қағазын ылғалдандырып, кептіріп, тигельде жағады. Мырыш катионы қатысында жасыл түсті күл қалады.


Sn2+ катионының сапалық реакциялары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет