Аналитикалық химияда реакцияға қатысушы бөлшектердің біреуі электрондарды беретін және екіншісі электрондарды қабылдап алумен ере жүретін тотығу - тотықсыздану реакцияларының маңызы зор. Кез - келген химиялық реакциялар сияқты тотығу - тотықсыздану реакциясы да қайтымды болып табылады. Тотығу - тотықсыздану реакцияларының жүру бағыты тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың нормальды электродтық потенциалдардың мәнімен анықталады. Тотығу - тотықсыздану реакциялары өзара әрекеттесуші элементтердің тотығу дәрежесі өзгеру арқылы жүреді. Элементтің немесе атомның тотығу дәрежесі өзгеруі бір атомнан немесе ионнан басқасына электронын беру нәтижесінде мүмкін болады.
Электронның алмасуы 2 түрлі әдіспен: химиялық және электрохимиялық жолмен жүзеге асады.
Химиялық әдістезаттар сапасының өзгерісін, олардың түсінің өзгеруі, газ тәрізді заттың немес түнба бөлінуі арқылы байқауға болады.
Электрохимиялық әдісте электронның алмасуы гальваникалық элемент жұмысы нәтижесінде, яғни тотықсыздандырғы электрондары өткізгіш бойымен тотықтырғышқа өтеді, жүйеде электр тогы немесе электр қозғаушы күш пайда болуы арқылы жүзеге асады.
Маңызды тотықсыздандырғыштар мен тотықтырғыштар
Тотықсыздандырғыштар
Тотықтырғыштар
Металдар Сутегі Көмір Көміртегі (ІІ) оксиді (СО) Сутекті күкірт (Н2S) Күкірт (ІV) оксиді (SO2) Күкіртті қышқыл H2SO3 және оның тұздары Сутекті галоген қышқылдары және оның тұздары Төменгі ТД-де болған металл катиондары SnCl2, FeCl2, MnSO4, Cr2 (SO4) 3 Азотты қышқыл (HNO2) Аммиак NH3 Азот (ІІ) оксиді (NO) Электролиз уақытында катод
Галогендер Калий пермаганаты (КМnO4) Калий манганаты (К2MnO4) Марганец (ІV) оксиді (МnO2) Калий бихроматы (K2Сr2O7) Калий хроматы (K2СrO4) Азот қышқылы (HNO3) Концентрленген күкірт қышқылы (H2SO4) Мыс (ІІ) оксиді (CuO) Қорғасын (ІV) оксиді (РвО2) Күміс оксиді (Ag2O) Сутекті пероксид (H2O2) Темір (ІІІ) хлорид (FeCl3) Бертолле тұзы (KСlO3) Электролиз уақытындағы анод