Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет86/124
Дата03.11.2022
өлшемі1,66 Mb.
#47331
түріҚұрамы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   124
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

1. Барий хлоридімен ВаСl2 натрий тиосульфаты әрекеттескенде ақ ұсақ кристалды BaS2О3 тұнбасы түзіледі:
Na2S2О3 + ВаСl2→ BaS2О3 + 2NaCl

BaS2О3 тұнбасы қышқылдарда бос күкірт түзе ериді:


BaS2О3 + 2HCl → ВаСl2 + S + SО2 + Н2О

Сондай-ақ BaS2О3 ыстық суда да ериді.


Тәжірибе:
Cынауыққа 2-3 тамшы натрий тиосульфатының ерітіндісін және 2-3 там-шы барий хлоридінің ерітіндісін алады. Барий тиосульфатының ақ тұнбасы түзіледі.
Реакцияның жүру жағдайы:
1) тұнба өте баяу түзіледі;
2) тұнбаның түзілуін жылдамдату үшін, сынауықтың ішкі қабырғасын шыны таяқшамен үйкейеді.
2. Күшті қышқылдармен тиосульфат-анионы S2О32- бар ерітіндіден тио-күкірт қышқылын (H2S2О3) бөліп шығарады. Тиокүкірт қышқылы тұрақсыз (рК1= 0,060; рК2= 1,72), ол ыдырап S, SО2 және су молекуласын түзеді. Күкірт тұнба түрінде түзілетіндіктен ерітінді лайланады:
Na2S2О3 + 2НСl → H2S2О3 + 2NaCl
H2S2О3 → SО2↑ + S↓ + H2О
Тәжірибе:
Сынауыққа 5-10 тамшы Na2S2О3 ерітіндісін алып, үстіне 5 тамшы 2н HCl ерітіндісін қосады. Реакция нәтижесінде SО2 газы бөлінеді және күкірт тұнбасы түзіліп, ерітінді лайланады. Бөлінген SO2 газын иісінен немесе йод және калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруінен біледі:
SO2+ J2 + 2Н2О → H24 + 2НJ
5SО2↑ + 2MnО4- + 2Н2О → 2Mn2+ + 5SО42- + 4Н+


3. Күміс нитраты AgNО3 натрий тиосульфатымен әрекеттесіп, ақ түсті Ag2S2O3 тұнбасын түзеді. Бұл тұнба ауада алдымен сарғаяды, содан кейін қоңыр-қара түсті күміс(I) сульфидіне Ag2S айналады:
Na2S2О3 + 2AgNО3 → Ag2S2О3 + 2NaNО3
Ag2S2О3 + H2О → Ag2S + H24
Тұнба тиосульфаттың артық мөлшерінде еріп, комплексті тұз натрийдің дитиосульфатоарсенатын(I) түзеді:
Na2S2О3 + Ag2S2О3→ 2 Na3[Ag(S2О3)2]
Ag2S2О3 + 3S2О32-→ 2[Ag(S2О3)2]3-
Тәжірибе: 3-5 тамшы натрий тиосульфатының ерітіндісіне 2-3 тамшы күміс нитратының ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі Тұнбаны екі сы-науыққа бөліп, оның біріншісіне - артық мөлшерде натрий тиосульфатының ерітіндісін қосып, тұнбаны ерітеді. Ал екінші бөлігін сақтап қояды, уақыт өте тұнба қоңыр-қара түске өтеді.
4. Йодтың бейтарап немесе әлсіз негіздік ерітінділерін тиосульфат-ионы түссіздендіреді, яғни йодты йодид-ионына J- дейін тотықсыздандырып, тетра-тионқышқылын түзеді:
2 Na2S2О3 + J2→ Na2S4О6 + 2NaJ
2 S2О32- + J2→ S4О6 + 2J-
Бұл реакция көлемдік титриметриялық анализде кеңінен қолданылды.
Тәжірибе:
Сынауыққа 5 тамшы йод ерітіндісін алып, үстіне ерітінді түсі жойылғанша тамшылата отырып натрий тиосульфатының ерітіндісінен қосады.
5. Мыс(II) катиондары Сu2+ тиосульфат-иондарымен әрекеттесіп қара түсті мыс(I) сульфидінің тұнбасын Cu2S түзеді:
2Cu2+ + 3S2О32- →Cu2S2О3 + S4О62-
Cu2S2О3 + H2О → Cu2S + Н24
Тәжірибе: 2-3 тамшы натрий тиосульфатының ерітіндісіне 2-3 тамшы мыс(ІІ) сульфатының CuSО4 ерітіндісін қосып, сынауықты абайлап қызды-рады. Қара түсті мыс(І) сульфидінің тұнбасы түзіледі.
Тиосульфат-ионның басқа реакциялары. Тиосульфат-ион күшті тотықтырғыштар қатысында оңай тотығады (H2O2,KMnO4,K2Cr2O7 т.б.); темір хлоридимен FeCl3 әрекеттесіп күлгін түсті тиосульфатты комплекс [Fe(S2O3)2]- түзеді (сулы ерітіндісінде жайлап ыдырайды); сынап(II) тұзымен – қара түсті тұнба - сынап(II) сульфидін HgS түзеді және т.б.
СО32- - карбонат ионының сапалық реакциялары


Карбонаттар – өте әлсіз, тұрақсыз көміртек қышқылы H2CO3 (pK1 = 6,35, pK2 = 10,32) аниондары, сулы ерітіндісінде тұрақсыз және көміртек диоксидін бөле ыдырайды:
H2СО3 СО2+ H2О

Көміртек оксиді 2 түрлі тұз түзеді: орта карбонаттар (немесе жай карбонаттар) СО3- анионы болатын және гидрокарбонаттар HСО3- анионы болатын. Аммоний, натрий, калий, рубидий, цезий карбонаттары суда ериді. Литий карбонаты мен басқа металдар карбонаттары суда аз ериді. Гидрокарбонаттары суда жаксы ериді.


Кабонат-иондардың судағы ерітіндісі түссіз, тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болмайды, кейбір металл катиондарымен лиганда ретінде әр түрлі карбонатты комплексттер түзуге бейім.
Карбонат-иондар сулы ерітінділерінде гидролизденуге бейім. Сілтілік металдардың гидрокарбонаттарының сулы ерітінділеріне фенолфталеин қосқанда боялмайды, осылай карбонаттар мен гидрокарбонаттарды ажыратуға болады.


1. ВаСl2 барий хлориді СО32- - анионын ақ түсті барий карбонаты түрінде тұнбаға түсіреді, ол күкірт қышқылынан басқа минералды қышқылдарда, сірке қышқылында ериді:
ВаСl2 + Na23 → 2NaCl + BaCО3
Ва2+ + СО32- → ВаСО3
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы натрий карбонаты Na2CO3 мен барий хлоридінің 2-3 тамшысын қосады. Барий карбонатының ақ тұнбасы түзіледі.
Тұнбаға жаймен тамшылатып HCl ерітіндісін қосқанда толық ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет