Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Алтыншы аналитикалық топ катиондарының сапалақ реакция-лары және олардың қоспасының анализі



бет59/124
Дата18.12.2022
өлшемі1,38 Mb.
#57962
түріҚұрамы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   124
Байланысты:
Сапалық анализ. Лаб. (1)

8.7.1. Алтыншы аналитикалық топ катиондарының сапалақ реакция-лары және олардың қоспасының анализі

Алтыншы аналитикалық топқа Cu2+, Hg2+, Cd2+, Со2+, Ni2+ катиондары жатады.


Бұл элементтер Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде әр түрлі топтарда орналасқан, мыс бірінші, кадмий мен сынап екінші, кобальт пен никель сегізінші, бірақ бұл катиондардың барлығы да комплекс түзгіштер. Олардың гидроксидтері артық мөлшердегі аммиак ерітіндісінде еріп, әртүрлі құрамды аминді комплекстер түзеді.
Алтыншы топ катиондарының топтық реагенті - артық мөлшердегі аммо-ний гидроксиді NH4OH. Кобальттың, никельдік және мыс тұзының ерітін-ділері боялған, яғни түрлі - түсті ал кадмий мен сынаптікі (ІІ) түссіз болып келеді.
Cu2+, Cd2+, Nі2+ катиондары ерітінділері сілтілермен КОН, NaOH сәйкес гидроксидтерінің аморфты тұнбасын түзеді. Hg2+ катионымен оксидтер, ал Со2+ катионымен негіздік тұздар түзеді:
CuCl2 + 2KOH→Cu(OH)2↓+2KCl
Cu2+ +2OH- → Cu(OH)2
CdCl2+ 2КОН → Cd(OH)2↓ + 2KCl
Cd2++2OH- → Cd(OH)2
NiCl2+ 2KOH → Ni(OH)2↓ + 2KCl
Ni2+ + 2OH- → Ni(OH)2
HgCl2 + 2KOH → HgO↓+ 2KCl + H2O
Hg2+ + 2OH- → HgO + H2O
CoCl2+ KOH → CoOHCl↓+ KC1
Co2+ + OH- + Cl- → CoOHCl↓
Барлық бұл тұнбалар қышқылдарда (HCl, НNО3, H24) және аммиактың артық мөлшерінде ериді, Hg2+ (II)-қосылысы 25%-тік аммиак ерітіндісінде ериді.
Тәжірибе: 5 сынауыққа сәйкес тұздардың ерітінділерінен 3 тамшыдан құйып, оған сілті ерітіндісінен 3 тамшысын қосып шыны таяқшамен аралас-тырып, түскен тұнбаның түсіне, сипатына көңіл бөлу қажет. Содан кейін әр сынауыққа хлор қышқылының 8 тамшысын құйып, шыны таяқшамен аралас-тырып, түскен тұнбаның түсі мен ерігіштігіне көңіл бөлу керек. Аммиак ерітіндісі алтыншы топ катиондарымен әрекеттесіп әр түрлі қоспалар түзеді:
2CuSО4+2NH4OH→(CuOH)24↓+(NH4)24
2Cu2+ +2SО42+ +2ОH- →(CuOH)24↓+ SО42-
CdCl2+ 2NH4OH → Cd(OH)2↓+ 2NH4Cl
Cd2++2ОH- → Cd(OH)2
HgCl2+2NH4OH → [NH2Hg]CІ↓ +NH4Cl +2H2О
Hg2+ + 2Cl-+2NH4++ 2ОH- →[NH2Hg]Cl+NH4Сl +2H2О
NiCI2+NH4OH → NiOHCl↓ + NH4Cl
Ni2+ +2Cl- +OH-→NiOHCl +Cl-
CoCI2+NH4OH → CoOHCl ↓ +NH4Cl
Co2++2Cl-+OH-→CoOHCl +Cl-
Артық мөлшердегі концентрлі аммиак ерітіндісімен ерігіш келетін комп-лексті тұздарын түзеді:
CuSО4 + 4N4OH → [Cu(NH3)4]SО4 + 4Н2О
Сu2++ 4NH4OH →[Cu(N H3)4]2+ + 4H2O
HgCl2 + 4NH4OH → [Hg(NH3)4]Cl2 + 4H2O
Hg2+ + 4NH4OH → [Hg(NH3)4]2+ + 4H2O
CdCl2 + 4NH4OH → [Cd(NH3)4]Cl2 + 4H2O
Cd2+ + 4NH4OH →[Cd(NH3)4]2+ + 4H2O
NiCI2 + 6NH4OH → [Ni(NH3)6]Cl2 + 6H20
Ni2++ 6NH4OH → [Ni(NH3)6]2+ + 6H2O
CoCl2 + 6NH4OH → [Co(NH3)6]Cl2 + 6H2O
Co2+ + 6NH4OH → [Co(NH3)6]2+ + 6H2O
Кобальт және сынап аммиакаттары қыздырғанда және қоспаға NH4C1 аммоний хлоридінің тұзын қосқанда түзіледі. (NH4+ катионының артық мөл-шері реакцияның бағытын оңға қарай ығыстырады). Аммиакат ерітінділері әжептеуір тұрақты, кобальт аммиакатынан басқасы, ол ауадағы оттегінің әсе-рінен шие-қызыл түсті аммиакат кобальтатына (III) айналады. Тотықтыр-ғыштың қатысында реакция тез жүреді.
Тәжірибе:
Бес сынауық алып, әрқайсысына мыс, сынап, кадмий, никель және кобальт тұздары ерітінділерінен үш тамшыдан құйып 25% аммиак ерітіндісінің 3 тамшысын қосып шыны таяқшамен араластырады. Түзілген тұнбаның түсіне көңіл аудару керек, әр сынауыққа концентрлі аммиак ерітіндісінен 6 тамшы-сын қосып, қайтадан шыны таяқшамен араластырып, Hg2+ және Со2+ катион-дары бар ерітіндіге NH4Cl аммоний хлоридінің бірнеше кристалдарын қоса-ды. Тұнбалардың түсін комплекс тұздары ерітінділерінің түсуімен салыстыру керек.
Күкіртті сутек бейтарап ерітінділерден алтыншы аналитикалық топ ка-тиондарын сульфит түрінде тұнбаға түсіреді. Мыс (II), сынап (II), никель және кобальт сульфидтері қара, ал кадмий сульфиді сары түсті болып келеді.
Кобальт және никель сульфидтері қышқыл ерітінділерде тұнбаға түспейді. Кадмий сульфиді тұнбаға әлсіз қышқыл (сірке қышқыл) ортада, ал сынап сульфиді тұнбаға тұз және күкірт қышқылдары қатысында түседі, бірақ сұйытылған азот қышқылымен қыздырғанда тұнба еріп кетеді, сынап суль-фиді сұйытылған қышқылдарда ерімейді, бірақ патша арағы мен концентрлі
азот қышқылы қатысында қыздырған кезде еріп кетеді.
(Күкіртті сутек H2S улы.Тартпа шкаф астында жұмыс жасау керек.)
Тәжірибе:
Бес сынауық алып, әрқайсысына 3-4 тамшы мыс (II), сынап (II) кадмий, никель және кобальт тұздары ерітінділерін құйып және 6-8 тамшы күкіртті сутек суын қосады. Тұнбаны еріту үшін 6-7 тамшы қышқыл қосып, шыны таяқшамен мұқият араластырады. Тұнбаның ерігенін бақылау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет