Сu2+ катионының сапалық реакциялары
Сu2+ катионының сулы ерітінділері көк, көгілдір түсті болып келеді.
1. NH4OH әсері
Мыс (ІІ) тұзы ерітіндісіне аммиак ерітіндісін біртіндеп қосқанда бас-тапқыда көк-жасыл түсті негіздік мыс тұзының тұнбасы түзіледі:
2CuSО4 + 2NH4OH → (CuOH)2SО4↓ + (NH4)2SО4
Cu2+ + SO42- +2OH- → Cu(OH) 2SО4↓
CuСl2 + NH4OH → Cu(OH)Cl↓+ NH4Сl
Тұнба минералды қышқылдарда және реактивтің артық мөлшерінде еріп, қанық көк түсті мыс аммиакатын түзеді:
(CuOH)2SО4 + 8NH4OH →[Cu(NH3)4]SО4 +[Cu(NH3)4](OH)2+ 8H2О
Қышқылдық ортада тетрамминкүміс(ІІ)-катионының комплексі ыдырап, ерітінді түсі қанық көктен ашық көк түске өзгереді:
[Cu(NH3)4]Cl2 + 4HCl → CuCl2 + 4NH4Cl
[Cu(NH3)4]2+ + 4H3O+ → [Cu(H2O)4]2+ + 4NH4+
Тәжірибе: 3-5 тамшы мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісіне тамшылатып сұйытылған аммиак ерітіндісін қосады, көк-жасыл түсті негіздік мыс сульфаты түзіледі, аммиак ерітіндісін қосуды жалғастырғанда тұнбаның ерігенін және ақшыл-көк түсті мыс аммиакаты түзілгенін байқауға болады.
Тәжірибенің жүру жағдайы:
1) Co2+, Ni2+, Sn2+ иондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.
2. Сілтілердің әсері
NaOH, КОН ерітінділері Cu2+ катионымен әрекеттесіп, көгілдір түсті Cu(ОН)2 тұнбасын түзеді:
CuSО4+ 2КОН → Cu(OH)2↓ + K2SО4
Сu2+ + 2OH- → Cu(OH)2
Түзілген тұнба реактивтің артық мөлшерінде ерімейді, қыздырғанда қара түсті мыс (II) оксидін түзіп, ыдырайды:
Cu(OH)2↓ → СиО↓ + Н2О
Cu(OH)2↓ тұнбасы минералды қышқылдарда (HCl, HNО3, H2SО4), комп-лекстүзгіш органикалық қышқылдарда (лимон, шарап қышқылдары) және аммиактың артық мөлшерінде ериді:
Cu(OH)2 + 4NH4OH → [Cu(NH3)4](OH)2 + 4H2О
Тәжірибе: 3-4 тамшы мыс (ІІ) тұзы ерітіндісіне 1-2 тамшы NaOH немесе КОН ерітіндісін тамызады, көгілдір немесе көк-жасыл түсті мыс гидроксиді түзіледі, қоспаны абайлап қыздырып, тұнбаның қарайғанын байқауға болады.
3. Na2S2О3 натрий тиосульфатын қышқылданған мыс тұзы ерітіндісіне қосқанда, ерітінді түссізденеді. Алынған ерітіндіні қыздырғанда Cu2S мыс сульфидінің тұнбасы түзіледі. Cu2+ катионының реакциясы натрий тиосуль-фатымен реагент мөлшеріне қарай әр түрлі заттар түзілуі мүмкін.
Артық мөлшерде:
2CuSО4 + 2Na2S2O3 → Na2SO4 + Na2S4О6 + Cu2SO4
Cu2SО4 + Na2S2О3 → Na2SО4 + Cu2S2О3
Cu2S2О3 + Na2S2О3 → Na2 [Cu2(S2О3)2]
Na2[Cu2(S2О3)2] + Н2SО4 → Na2SО4 + H2 [Cu2(S2О3)2]
H2[Cu2(S2О3)2] → H2SО4 + SО2↑ + S↓ + Cu2S↓
2CuSО4 + 4Na2S2О3 → 3Na2SО4 + Na2S4О6 + S↓ + Cu2S↓ + SО2↑
2Cu2+ + 2S2О32- + 2H2O → Cu2S↓ + S↓ + 4H+ + 2SО42-
Эквиваленттік қатынаста немесе реагенттің аз мөлшерінде:
СuSО4 + Na2S2О3 → CuS2О3 + Na2SО4
CuS2О3 + H2О → CuS↓ + H2SО4
Тәжірибе: Сынауыққа 2-3 тамшы мыс сульфатының ерітіндісіне 4-5 там-шы су және күкірт қышқылы ерітіндісінің 2-3 тамшысын қосады, оған Na2S2О3 натрий тиосульфатының 2-3 түйіршігін салып, шыны таяқшамен араластырып, қыздырады. Күкірт және мыс (І) сульфидтерінің қою-коңыр түсті тұнбасы түзіледі. Бұл реакция Сu2+ катионын Cd2+ катионынан және Hg2+ катионынан бөліп алу үшін қолданады. (Cd2+ катионы натрий тиосуль-фатымен тұнбаға түспейді). CuS мыс сульфиді сұйытылған азот қышқылында ериді, ал HgS сынап сульфиді ерімейді. Мыс тұзының ерітіндісіне артық мөл-шердегі натрий тиосульфатын қосқанда, қоспа алдымен комплекс тұзы түзілуінің әсерінен түссізденеді. Қыздырғанда күкірт (І) сульфидіне Cu2S және күкіртке ыдырайды. Азот қышқылы қатысында, натрий тиосульфатын натрий сульфаты Na2SО4 мен бос күкіртке S дейін тотықтырады.
4. Металдардың әсері
Электрохимиялық кернеу қатарындағы мыстың сол жағында орналасқан металдар Cu(ІІ) ионын қызыл түсті металдық мысқа дейін тотықсызданды-рады:
Тәжірибе: Майсыз және тазаланған металл пластикасына (алюминий, темір, мырыш) күкірт қышқылымен қышқылданған мыс(ІІ) тұзы ерітіндісінің тамшысын тамызады. Бірнеше минуттан кейін мыстың қызыл дағы пайда болады.
Тәжірибені жүргізу шарттары:
1) реакцияны қышқыл ортада өткізген дұрыс, рН = 1 - 2 болуы керек.
2) азот қышқылы қатысында мыстың тұнбаға түсуі жүрмейді.
5. Калийдің гексациано(ІІІ) ферратының K4[Fe(CN)6] әсері
Cu2+ катионы калийдің гексациано(ІІ) ферратымен K4[Fe(CN)6] әлсіз қышқылдық ортада мыстың гексациано(ІІІ) ферратының қызыл-қоңыр тұнба-сын түзеді:
Мыстың гексациано(ІІІ) ферратының тұнбасы сұйытылған қышқылдарда ерімейді, бірақ 25% аммиак ерітіндісінде ериді:
Тәжірибе:
3-4 тамшы Cu(ІІ) тұзының ерітіндісіне 2-3 K4[Fe(CN)6] қосқанда мыс(ІІ) ферроцианидінің қызыл-қоңыр тұнбасын түзілгенін байқауға болады.
Осы реакцияны сүзгі қағазында да жасауға болады.
Тәжірибенің жүру жағдайы:
1) калийдің гексациано(ІІІ) ферратымен K3[Fe(CN)6] боялған қосылыс түзетін иондар (Fe3+, Co2+, Ni2+) кедергі келтіреді.
6. Жалынның боялуы
Мыстың тұздарын жаққанда жалынның түсі жасыл (изумрудты-жасыл) түске боялады.
Тәжірибе: Платина немесе нихром сымын тұз қалдықтарынан қыздыра отырып тазалау қажет. Ол үшін сымды концентрлі тұз қышқылына батырып, оны жалында ұстап қыздыру қажет, жалынның түсі өзгермей қалғанша бір-неше рет қайталау керек. Қызған сымның ұшын мыстың құрғақ тұздарына тигізіп, сымды жалында ұстайды, пайда болған жасыл түс мыс тұздарына тән.
7. Сu(ІІ) катионына тән тағы басқа да сапалық реакциялар
Тиоцианаттармен қара түсті Cu(CNS)2 тұнбасын түзеді, ол біртіндеп ақ түсті CuCNS ауысады; сульфид-иондармен қара түсті CuS түзеді; фосфат-тармен көгілдір Cu3(PO4)2 түзеді; сонымен қатар сары-жасыл түсті мыстың тетрароданомеркуратының Cu[Hg(CNS)4] кристалдары түзілетін микрокрис-таллоскопиялық реакциясын қолдануға болады.
Hg2+ катионының сапалық реакциялары
Нg2+ катионының сулы ерітінділері түссіз болып келеді. (Сынап тұздары өте улы).
1. NH4OH әсері
Сынап(ІІ) тұзына аммиак ерітіндісін тамшылатып қосқанда, егер бастапқы қосылыс сынап (ІІ) хлориді HgCl2 болса - [HgNH2]Cl↓ ақ түсті тұнбасы, ал бастапқы қосылыс сынап (ІІ) нитраты Hg(NО3)2 болса – [ОHg2 NH2]NО3↓ ақ тұнбасы түзіледі:
HgCl2 + 2NH3 →[HgNH2]Cl↓ + NH4Cl
2Hg(NО3)2 + 4NH3 + H2О → [ОHg2NH2]NО3↓ + 3NH4NO3
Түзілген тұнба аммоний тұздары қатысында реактивтің артық мөлшерінде еріп, түссіз тетрамминсынап(ІІ) катионын [Hg(NH3)4]2+ түзеді:
[HgNH2]Cl↓ + NH4Cl+ 2NH4OH → [Hg(NH3)4]Cl2 + 2Н2О
[ОHg2NH2]NО3↓ + 3NH4C l + 4NH3 + Н2О →2[Hg(NH3)4]NO3 + 3HCl + Н2О
[ОHg2NH2]NО3↓ + 3NH4+ + 4NH3 → 2[Hg(NH3)4]2+ + NO3- + Н2О
Тәжірибе: 3-5 тамшы сынап(ІІ) тұзы ерітіндісіне сұйытылған аммиак ері-тіндісін тамшылатып қосқанда ақ түсті тұнбаның түзілгенін байқауға болады. Cодан соң тұнбаға 3-4 тамшы аммоний тұзын (NH4Cl, NH4NO3) қосып, оның үстіне тамшылатып аммиак ерітіндісін қосып араластырғанда тұнба толығы-мен еріп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |