1. ВаСl2барийхлориді SО32-- анионымен BaSО3ақ тұнбасын түзеді:
Na2SО3 + ВаС12 → BaSО3↓ + 2NaCl Ва2+ + SO32- → BaSО3 BaSО3↓ сұйытылған НСl және H2SО4 қышқылдарында күкірт диоксидін түзіп ериді:
BaSО3 + 2HCl → SO2 + BaCl2 + H2O Тәжірибе: 2-3 тамшы натрий сульфитына 2-3 тамшы барий хлоридін қосқанда ВаSO4↓ барий сульфитының ақ тұнбасы түзіледі. HCl ерітіндісін тамшы-латып қосып, тұнбаның ерігіштігін бақылау керек.
2. AgNО3күміс нитраты SO32-- анионымен Ag2SO3↓ күміс сульфидінің ақ тұнбасын түзеді:
2AgNО3 + Na2SО3 → Ag2SО3↓ + 2NaNО3 2Ag+ + SО32- → Ag2SО3↓ Түзілген тұнба натрий сульфитінің артық мөлшерінде еріп, дисульфито-аргентат(I)-ионын [Ag(SO3)2]3- түзеді (кейде [Ag(S2O3)2]3-):
Ag2SО3 + 3Na2SO3 → 2Na3[Ag(SO3)2]
Ag2SО3 тұнбасы қыздырғанда күміс(І) оксиді түзілетіндіктен ақ тұнба қараяды:
Тәжірибе: 2-3 тамшы натрий сульфиті ерітіндісіне тамшылатып күміс нитратының ерітіндісін ақ тұнба түзілгенше қосады. Түзілген тұнбаға натрий сульфитінің ерітіндісін тұнба еріп кеткенше қосып, тұнбаның ерігіштігін бақылайды. Келесі сынауықта күміс сульфитінің қыздырғанда ыдырайтындығын бақы-лайды.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1) натрий сульфитінің ерітіндісі концентрленген (10-15%) және жаңадан дайындалған болуы шарт.
2) cульфит-ионын анықтауға тотықсыздандырғыштар кері әсерін тигізеді.