2. Бор қышқылының спирттермен реакциясы. Борат-ионы немесе бор қышқылы этанолмен C2H5ОH күкірт қышқылы қатысында күрделі бор қышқылының этил эфирін (C2H5О)3B түзеді:
В4О72- + 2H+ + 5H2O ⇄ 4H3BO3
Н3ВО3 + 3C2H5ОH → (С2Н5О)3В + 3Н3О
Реакцияны фарфор ыдыста немесе тигельде орындау қажет. Реакцияны құрғақ затпен жасайды, ал егер ерітіндісі берілген болса, оны құрғағанша буландырып кептіру керек. Құрғақ зерттейтін затқа аздаған спирт және кон-центрленген күкірт қышқылын құяды. Қоспаны шыны таяқшамен аралас-тырып өртейді. ВО33- -ионы бар болса, жалын жасыл түске боялады. Бораттар және бор қышқылы күкіртті қышқылдық ортада спирттермен бор қышқы-лының эфирін түзеді.
Бор қышқылының эфирлері ұшқыш келеді, түссіз жалынды жасыл түске бояйды.
Тәжірибе:
Бор қышқылы (немесе бураны) мен күкірт қышқылының қоспасын абайлап ботқа тәрізді қоюланғанша буландырып қыздырады, содан соң суытып спирт
немесе глицерин тамызып ылғандандырады. Осы дайын болған затты плати-на сымымен алып, отқа ұстағанда жалын ашық-жасыл түске боялады.
3. Жалынның боялу реакциясы
Бордың қосылыстарының көбі ұшқыш емес, оларды ұшқыш тұзына айнал-дыру үшін кальций фторидінің ұнтағымен және күкірт қышқылымен ара-ластырады. Сонда бордың ұшқыш қосылысы ВF3 пайда болады:
CaF2 + H2SО4 →CaSО4 + H2F2
Na2B4О7 + H2SО4 → Na2SО4 + H2B4О7 (H2О + 2B2О3-)
B2О3 + 3H2F2 → 2BF3↑ + 3H2О
Бордың фторидтері түссіз жалынды жасыл түске бояйды.
Тәжірибе:
Құрғақ анықтайтын затты тигельде кальций фторидінің ұнтағымен аралас-тырып, оған бірнеше тамшы күкірт қышқылын тамызу керек. Шыны таяқ-шамен жалынға ұстаса, жасыл түс пайда болады. Барийдің және мыстың тұз-дары да жалынның түсін жасыл түске бояйды, бірақ бор фториді өте ұшқыш болғандықтан, сол сәтте жасыл түс пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |