Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Гексацианоферраттың(III) қасиеттері



бет106/124
Дата18.12.2022
өлшемі1,38 Mb.
#57962
түріҚұрамы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   124
Байланысты:
Сапалық анализ. Лаб. (1)

Гексацианоферраттың(III) қасиеттері. K3[Fe(CN)6]-ның сулы ерітіндісі бейтарап ортаны көрсетеді. Сілтілік және сілтілік жер металдардың гексациа-ноферраттары суда гексацианоферраттан(II) да жақсы ериді. Әдетте басқа тұздары суда да, сұйытылған минералды қышқылдарда да ерімейді.
Гексацианоферраттар(III) гексацианоферрат (II) түзіп, оңай тотықсызда-нады:
2[Fe(CN)6]3- + 2J-→ 2[Fe(CN)6]4- + J2
Гексацианоферраттар да (III) [Ag(NH3)2]+ (Е°=0,37В); Ag2О (Е°=0,344В) сияқты күшті тотықтырғыш. [Fe(CN)6]3 -пен тотығу бейтарап немесе сілтілік ортада жүреді.
Турунбұл көгінің пайда болуы. [Fe(CN)6]3--ні Fе2+-мен әрекеттескенде турунбұл көгінің тұнбасы пайда болады.
Тәжірибе:
Сынауыққа немесе фарфор шынысына 1-2 тамшы темір (II) тұзының ерітіндісінен тамызады, оған 1-2 тамшы гексацианоферрат (III) тамызғанда турунбул көгі пайда болады:
3Fe2+ + 2[Fe(CN)6]3- → Fe3[Fe(CN)6]2


Реакцияның жүру шарты.
1) реакцияны рН = 2-де жүргізу қажет.
2) Fе3+ ионы K3[Fe(CN)6]-мeн тұнбаға түспейді, сондықтан Fe2+ ионын анықтауға кедергі келтірмейді. Тотықтырғыштар Fe2+-ионын Fe3+-ке тотық-тыратын және тотықсыздандырғыштар [Fе(СN)6]3-ті [Fe(CN)6]4+-ке дейін тотықсыздандыратын реакцияға кедергі келтіреді.
8.10.4. ІІІ-аналитикалық топ аниондарының жалпы сипаттамасы

ІІІ-ші топ аниондардың аналитикалық тобына нитрат -ионы 3- нитрит ионы NO2-, ацетат-ионы СН3СОО- кіреді. Ва2+, Ag+ катиондары осы топ аниондарымен тұнба түзбейді. ІІІ-і топ аниондарының топтық реагенті жоқ. Үшінші топ аниондарының сулы ерітінділері түссіз болып келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет