Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет118/124
Дата18.12.2022
өлшемі1,38 Mb.
#57962
түріҚұрамы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   124
Байланысты:
Сапалық анализ. Лаб. (1)

СО32- - карбонат-ионын зерттелінетін ерітіндінің жеке бөлігін пайдалана отырып жеке реакциямен ашады. Егер ерітінді құрамында SО32- анион болса, оны алдын-ала SО42- анионына тотықтыру керек, себебі ол СО32- анионының ашылуына кедергі жасайды. Ол үшін ерітіндіге 8% сутегінің асқын тотығын
құйып, су моншасында қыздырады. Содан кейін ғана ерітіндіні СО32- анио-нына сынауға болады.
SiО32- - силикат ионын ерітіндінің жеке бөлігінен аммоний хлориді немесе тұз қышқылының ерітіндісімен әсер ету арқылы анықтайды.
РО43- - фосфат ионын магнезиялық қоспа немесе молибден сұйығын зерт-телінетін ерітіндінің бір бөлігіне қосу арқылы анықтауға болады. Егер ері-тіндіде екінші топ аниондары мен SiО32- ионы болатын болса, фосфат ионын РО43- анықтауды келесі жолмен жүргізеді:
5-6 тамшы зерттелетін ерітіндіге осыншама мөлшерде барий хлоридінің ерітіндісін құяды, тұнбаны центрифугалап, сумен жуып, 2н тұз қышқылында ерітеді. Алынған тұз қышқылды ерітіндіні аммиакпен рН=7-8-ге дейін бей-тараптайды. Оған бірнеше аммоний хлоридінің кристалдарын қосып, сәл ғана қыздырады. Егер поликремний қышқылының тұнбасы пайда болса, сүзіп, РО43- фосфат ионын магнезиялық қоспа немесе молибден сұйығымен анық-тайды.
S2- - сульфид ионын ерітіндінің жеке бөлігінен қорғасын ацетатымен немесе оны бос күкіртке дейін тотықтырып ашады. S2- ионы хлор, бром, йод иондарының ашылуына бөгет болады, сондықтан олардан ерітіндіні тазарту қажет. Ол үшін 5-6 тамшы мөлшердегі бейтарап немесе әлсіз сілтілі ерітін-діге (рН=7-9) ZnSО4 ерітіндісін қосып қыздырады. Пайда болған мырыш сульфидін ZnS бөліп, центрифугаттан Сl-, Br-, J- иондарын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет