Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет3/124
Дата18.12.2022
өлшемі1,38 Mb.
#57962
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Байланысты:
Сапалық анализ. Лаб. (1)

Топ

Катиондар

Топтық реагенті

Алынатын қосылыстардың сипаттамасы

І

Na+, K+, NH4+;

Жоқ

Қосылыстары ерімтал

ІІ

Li+, Mg2+, Ва2+, Са2+, Sr2+, Mn2+, *
Fe2+, Fe3+, Al3+, Ві3+, Cr3+; **



Аммиак ерітіндісі қатысында (25%) (NH4)2НРО4;

* – фосфаттары сірке қыш-қылында СН3СООН ериді;
** – фосфаттары сірке қыш-қылында СН3СООН ерімейді;



ІІІ

Ni2+, Со2+, Zn2+, Сu2+, Cd2+, Hg2+;



(NH4)2НРО4;

Фосфаттары сулы аммиак ері-тіндісінде еріп, [Me(NH3)n]2+ типті аммиакаттар түзеді. Ам-моний гидроксидімен тұнба түзеді, артық мөлшерінде еріп кетеді.

IV

Sb3+, Sb5+, Sn2+, Sn4+, As3+, As5+;

НNО3;

Метақалайы және метасурьма қышқылының тұнбаларын түзе-ді;
Мышьяк азот қышқылымен қыздырғанда мышьяк қышқы-лына дейін тотығады.

V

Ag+, Pb2+, Hg22+;

НСl;

Нашар еритін хлоридтер түзеді.

Анықталатын катиондар санымен салыстырғанда аммиакты-фосфатты жүйелік талдау қышқылдық-негіздік жүйемен бірдей, бірақ анықтау әдісіне қарай күрделірек және анализ жылдамдығын арттыратын даралап анықтау реакцияларының санымен де шектеулі.


Катиондар анализінің қышқылдық-негіздік әдісі
Катиондардың қышқылдық-негіздік анализ жүйесі педагогикалық оқу орындарында тәжірибеге (практикаға) енгізген Д.Бесков және А.Слизовская. Бұл жүйе бойынша металдар катиондары тұз және күкірт қышқылына, сілтілер мен аммиак ерітіндісіне қатынастарына қарай алты аналитикалық топқа жіктеледі. Аталған әдіс бойынша катиондарды топтарға бөлу 3-кестеде келтірілген.
Кесте 3. Катиондардың қышқылды-негіздік жіктелуі

Топ

Катиондар

Топтық реагенті

Алынатын қосылыстардың сипаттамасы

І

Li+, Na+, K+, NH4+;

Жоқ

Хлоридтері,сульфаттары және гидрооксидтер суда ериді;

ІІ

Ag+, Pb2+, Hg22+;



НСl ерітіндісі;

Тұз қышқылымен тұнбаға түседі. Хлоридтері суда және сұйы-тылған қышқылдарда ерімейді;

ІІІ

Ва2+, Са2+, Sr2+,



H24 ерітіндісі;

Сульфаттар түрінде тұнбаға түсе-ді. Сульфаттары суда және қыш-қылдарда ерімейді;

IV

Al3+, Zn2+, Sn2+, Sn4+, As3+, As5+; Cr3+;

NаОН, КОН артық мөлшері (Н2О2 қатысында)

Гидроксидтері амфотерлі, сілтінің артық мөлшерінде ериді;

V

Mg2+, Mn2+, Fe2+, Fe3+, Ві3+, Sb3+, Sb5+,

NаОН, КОН

Гидроксидтері сілтінің артық мөлшерінде ерімейді;



Ni2+, Со2+, Сu2+, Cd2+, Hg2+;



NH4ОН (25%)

Аммоний гидроксидінің аз мөл-шерінде тұнбаға түседі, артық мөлшерінде (NH4ОН, 25%) еріп кетеді.



Жүйенің артықшылығы: қышқылдық-негіздік анализ жүйесінде элемент-тердің негізгі қасиеттеріне қатынасы қолданылған, олардың қышқылдар мен сілтілерге қатынасы, гидроксидтерінің амфотерлілігін, комплексті қосы-лыстар түзуге икемдігін ескерген. Аналитикалық топтағы көптеген катион-дардың Д.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орындарына сәйкес болуы.
Зертханалық сабақтарға жұмсалатын уақыттың күкіртсутектік жүйемен салыстырғанда 30-40% азаюы.
Кемшіліктеріне тоқталатын болсақ, бұл жүйедегі катиондардың санының шектеулі болуы. Біз бұл оқулықта катиондардың қышқылдық-негіздік анализ әдісі бойынша зертханалық жұмыстарды ұсынып отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет