4. Аммоний тетрароданомеркуратының (II) (NH4)2[Hg(SCN)4) әсері Со2+ катионы аммоний тетрароданомеркуратымен(II) көк түсті Co[Hg(SCN)4]↓ комплексті тұзының тұнбасын түзеді:
Тұнбаның түсуі мырыш катионының қатысында тез жүреді, көгілдір тұнба түзіледі:
Жалпы алғанда мырыш және кобальттың аралас тиоцианатты комплексті тұзы түзіледі деп, қысқаша төмендегі теңдеу арқылы көрсетуге болады:
Тәжірибе: а) Кобальт(ІІ) тұзының 3-4 тамшысына 1 тамшы мырыш сульфатын және 2-3 тамшы (NH4)2[Hg(SCN) ерітіндісін қосқанда ашық-көк түсті тұнба түзі-леді.
Осы реакцияны микрокристаллоскопиялық жолмен жасаса да болады.
ә) 1тамшы кобальт(ІІ) тұзының ерітіндісін шыны әйнекке тамызып булан-дырады да үстіне 1 тамшы мырыш тұзы ерітіндісін және 2 тамшы (NH4)2[Hg(SCN) ерітіндісін тамызады. Бірнеше минуттан кейін көк кристал-дар түзілгенін микроскоптың көмегімен байқауға болады.