2. Сілтілердің әсері NaOH, КОН ерітінділері Cd2+катионымен әрекеттесіп, ақ түсті Cd(OH)2 тұнбасын түзеді: CdCl2 + 2КOН → Cd(OH)2↓ + 2KC1 Cd2+ + 2OH- → Cd(OH)2↓ Тәжірибе: 3-4 тамшы кадмий тұзы ерітіндісіне 1-2 тамшы NaOH немесе КОНері-тіндісін тамызады, ақ түсті тұнбаның түзілгенін бақылайды. Түзілген тұнба реактивтің артық мөлшерінде ерімейді, бірақ қышқылдарда, аммиак ерітіндісінде, цианидтерде ериді: Cd(OH)2↓ + 2НСl → CdСl2 + 2H2О 3. Күкіртті сутектің әсері Cd2+ катионы күкіртті сутекпен сірке қышқылдық ортада кадмий суль-фидінің сары тұнбасын береді:
H2S + CdCl2→ 2HCl + CdS↓ S2- + Cd2+ → CdS↓ CdS↓ тұнбасы сілтілерде ерімейді, шамалы натрий хлоридінде еріп кадмийдің хлорлы комплексін [CdCl4]2- түзеді:
Кадмий сульфиді тұз қышқылынан басқа қышқылдарда ерімейді:
Тәжірибе: 2-3 тамшы кадмий хлориді ерітіндісіне тамшылатып натрий сульфиді ерітіндісін қосады, сары-қоңыр түсті тұнбаның түзілгенін бақылайды. Қоспадан Cd2+ катионын сульфид-ионымен анықтауға алтыншы топ катиондары кедергі келтіретін болғандықтан реакцияны келесі жолмен жүр-гізу керек.
Тәжірибе: Cd2+ катионы бар ерітіндінің 3-4 тамшысын сынауыққа құйып, 6 тамшы күкірт қышқылын қосып және натрий тиосульфатының кристалдарынан 2-3 түйір салып, су моншасында 2-3 минут қыздырады. Осы кезде сынап суль-фиді HgS және мыс сульфиді CuS тұнбаға түседі. Ерітіндіде Со2+, Ni2+, Cd2+ катиондары қалады. Тұнбаны ерітіндісінен бөліп алады. Бөлек сынауыққа күкіртті сутектің 5-6 тамшысын құйып, оған 2-3 тамшы фильтрат құяды. Cd2+ катионы бар болса, CdS кадмий сульфидінің сары тұнбасы түзіледі. Тұн-баның тұз және сірке қышқылдарында ерігіштігін тексеру керек.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1) кадмий сульфидінің түзілу реакциясын сірке қышқылдық ортада жүргізу керек;
2) реакцияның жүруіне тотықтырғыштар кедергі жасайды;