8.9.1. Барлық алты аналитикалық топтың катиондарының
қоспасын анықтау
Барлық катиондардың қоспасын анализ жасаған кезде оның түр-түсіне көңіл аудару қажет. Егер, қоспа түссіз болатын болса, ерітіндіде Cr3+, Fe3+, Сu2+, Со2+, Ni2+ катиондары жоқ деп болжам жасауға болады. Кейбір алдын-ала байқауларды ерітіндінің рН ортасын анықтап та айтуға болады. Егер, ерітінді ортасы рН = 2 - 4 болса және қоспа тұнбасыз болса, онда Sn2+, Sn4+, Sb3+, Sb5+, Bi3+, Hg2+, Fe3+ катиондары жоқ, өйткені рН мұндай көрсеткішінде олар гидролизге түсіп, қоспа тұнбалы болар еді.
Анализ жасайтын ерітінідіні үшке бөліп алады. Біріншісінінен жеке бай-қаулар жасайды, екіншісінен жүйелі анализдер жасайды, үшіншісін қайта анықтаулар жасау қажет болған жағдайға сақтап қояды.
Жеке байқауда күкірт қышқылы әсерінен қоспада тұнба түспесе Pb2+, Sr2+, Ba2+ және Са2+ катиондарының жоқ болғаны. Тұз қышқылымен әсер еткенде тұнба түспеген жағдайда Ag+, [Hg2]2+ және Pb2+ катиондары жоқ деп қоры-тынды жасауға болады. Зерттелінетін ерітіндінің бірнеше тамшысына NaOH ерітіндісімен және SnCl2 қалайы хлоридін қосқанда қара тұнба түспесе Ві3+, Hg2+, [Hg2]2+ катиондары жоқ деп болжам жасауға болады. Сондай-ақ сутегі асқын тотығы H2O2 қатысында натрий гидроксидімен NaOH әсер етіп IV-Vтоп катиондарын, 25% NH4OH аммиак ерітіндісімен VI топ катиондарын байқауға болады. Сонымен қатар кейбір катиондарды жеке байқаудан бірден анықтауға болады: Fe2+, Fe3+, Cr3+, Cu2+ және І топ катиондарын.
Зерттелінетін ерітінді тұнбалы және тұнбасыз болуы мүмкін. Барлық катиондар қоспасын анализ жасағанда тұнбаны бөліп және бөлмей жасауға болады.
Барлық алты аналитикалық топ катиондарының қоспасының тұнба-сын бөліп анықтау
Зерттейтін қоспаны тұнбасымен қосып араластырып 2-3 мл алып, центри-фугаттап, тұнбасын бөліп алады да, одан тұнбада жүретін ІІ, ІІІ топ катион-дарына (РbС12, PbSО4, AgCl, Нg2Сl2, BaSО4, SrSО4, CaSО4) және Sb3+, Sb5+, Bi3+ иондарына анализ жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |