8.10.5. Екінші және үшінші аналитикалық топ аниондарының қоспасын анықтау
Екінші аналитикалық топ аниондарын анықтау Алдын ала екінші аналитикалық топ аниондары бар екенін анықтайды. Зерттейтін ерітіндінің 2-3 тамшысына 2н азот қышқылының 3-4 тамшысын және күміс нитратының 2-3 тамшысын, яғни топтық реагентін тамызады. Егер тұнба түсетін болса екінші аналитикалық топтың аниондары бар екенін білдіреді. Егер тұнба қара түсті болса, онда S2- сульфид ионының бар бол-ғаны. Тұнба толық түскеннен соң, тұнбаны центрифугаттап дистилденген сумен жуады.
Сl-хлорид ионын анықтау және күміс хлоридін еріту AgCl, AgBr, AgJ және Ag2S қосылыстары тұнба құрамында болуы мүмкін, оны 12%-тік аммоний карбонатының (NH4)2CО3 1-2 мл ерітіндісімен немесе сондай көлемдегі Фаургольт реактивімен өңдейді. Бұл кезде күміс хлориді, диаминкүмісхлоридінің комплексті тұзының [Ag(NH3)2]Cl ерітіндісіне көше-ді. Тұнбаны центрифугат арқылы бөліп, содан соң центрифугатты екіге бөле-ді. Бірінші бөлігіне бірнеше тамшы азот қышқылын, екіншісіне калий йоди-дін қосады. Біріншісі бұлыңғырланса, ал екіншісінде қарқынды түрде тұнба түсе бастаса хлорид-ионының бар екенін көрсетеді.
Бромид және йодид-иондарын анықтау, күміс бромиді мен йодидін еріту Хлорид ионын тұнбадан бөліп алғаннан кейін, оған 2н күкірт қышқы-лының 4-5 тамшысын және аздаған мырыш тозаңын (ұнтағын) қосады. Сына-уықтан газ толығымен шығып біткенше қыздырады. Тұнбаны центрифугат-тайды (артық мырыш пен бос күмісті бөліп aлy үшін). Ценрифугат құра-мындағы бромид және йодид иондарына бірнеше тамшы хлор суын және бензол қосыңдар. Қоспаны шайқап ерітіндінің түр-түсінің өзгеруіне байла-нысты, бромид және йодид иондарының бар-жоғы туралы қорытынды жасау-ға болады.
Үшінші аналитикалық топ аниондарын анықтау
Зерттелінетін ерітіндіде S2-сульфид-ионыбар болса, оны алдын ала мырыш сульфатымен ZnSО4 бөліп aлy қажет.