Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Екінші және үшінші аналитикалық топ аниондарының



бет116/125
Дата15.12.2023
өлшемі1,44 Mb.
#139505
түріҚұрамы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   125
Байланысты:
АХТН Лаборатория

8.10.5. Екінші және үшінші аналитикалық топ аниондарының
қоспасын анықтау


Екінші аналитикалық топ аниондарын анықтау
Алдын ала екінші аналитикалық топ аниондары бар екенін анықтайды. Зерттейтін ерітіндінің 2-3 тамшысына 2н азот қышқылының 3-4 тамшысын және күміс нитратының 2-3 тамшысын, яғни топтық реагентін тамызады. Егер тұнба түсетін болса екінші аналитикалық топтың аниондары бар екенін білдіреді. Егер тұнба қара түсті болса, онда S2- сульфид ионының бар бол-ғаны. Тұнба толық түскеннен соң, тұнбаны центрифугаттап дистилденген сумен жуады.
Сl- хлорид ионын анықтау және күміс хлоридін еріту
AgCl, AgBr, AgJ және Ag2S қосылыстары тұнба құрамында болуы мүмкін, оны 12%-тік аммоний карбонатының (NH4)23 1-2 мл ерітіндісімен немесе сондай көлемдегі Фаургольт реактивімен өңдейді. Бұл кезде күміс хлориді, диаминкүмісхлоридінің комплексті тұзының [Ag(NH3)2]Cl ерітіндісіне көше-ді. Тұнбаны центрифугат арқылы бөліп, содан соң центрифугатты екіге бөле-ді. Бірінші бөлігіне бірнеше тамшы азот қышқылын, екіншісіне калий йоди-дін қосады. Біріншісі бұлыңғырланса, ал екіншісінде қарқынды түрде тұнба түсе бастаса хлорид-ионының бар екенін көрсетеді.
Бромид және йодид-иондарын анықтау, күміс бромиді мен йодидін еріту
Хлорид ионын тұнбадан бөліп алғаннан кейін, оған 2н күкірт қышқы-лының 4-5 тамшысын және аздаған мырыш тозаңын (ұнтағын) қосады. Сына-уықтан газ толығымен шығып біткенше қыздырады. Тұнбаны центрифугат-тайды (артық мырыш пен бос күмісті бөліп aлy үшін). Ценрифугат құра-мындағы бромид және йодид иондарына бірнеше тамшы хлор суын және бензол қосыңдар. Қоспаны шайқап ерітіндінің түр-түсінің өзгеруіне байла-нысты, бромид және йодид иондарының бар-жоғы туралы қорытынды жасау-ға болады.

Үшінші аналитикалық топ аниондарын анықтау

Зерттелінетін ерітіндіде S2- сульфид-ионы бар болса, оны алдын ала мырыш сульфатымен ZnSО4 бөліп aлy қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет