Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет27/125
Дата15.12.2023
өлшемі1,44 Mb.
#139505
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   125
Байланысты:
АХТН Лаборатория

3. Карбонаттардың әсері
Барий тұзының ерітінділері бейтарап ортада карбонаттармен минералды қышқылдарда және сірке қышқылында еритін ақ түсті тұнбасын түзеді:



Тәжірибе: 2-3 тамшы барий тұзының ерітіндісіне сондай көлемді амоний карбонатының ерітіндісін қосып, ақ түсті тұнбаның түзілгенін және тұнба-ның сірке қышқылында ерігіштігін бақылайды.
4. Натрий гидрофосфаты барий катионымен қышқылдарында еритін ақ түсті гидрофосфаттар түзеді:


Сілтілік ортада NaOH, KOH, NH4OH гидроксидтері қатысында ақ түсті аморфты тұнба түзіледі:


Тәжірибе: 1-2 тамшы барий тұзының ерітіндісіне 1 тамшы аммоний гид-роксиді ерітіндісін және 1-2 тамшы натрий гидроф осфаты ерітіндісін қосады, ақ түсті амморфты тұнбаның түзілгенін байқайды.
Тәжірибені жүргізу жағдайлары:
1) реакция ортасы рН = 5 – 6 болғанда гидрофосфаттар, ал рН > 7 болғанда ортофосфаттар түзіледі.
5. Натрий родизонаты барий ионымен бейтарап ортада қызыл–қоңыр түсті барий родизонатын түзеді:



Түзілген барий родизонатына НСl қосса оның түсі қызыл-қоңырдан ашық-қызыл түске, яғни барийдың гидрородизонатына ауысады.
Реакцияны тамшылы әдіспен сүзгі қазағында жасайды.
Тәжірибе: Сүзгі қағазына ерітіндісінен 1 тамшы тамызады, үстіне жаңа дайындалған 0,2% натрий родизонаты ерітіндісінен 1 тамшы тамызып, қызыл-қоңыр түсті тұнба түзілгенін байқайды. Осы тұбаға 1-2 тамшы 2н НСl ерітіндісін тамызып, дақтың ашық-қызыл түске айналғанын бақылауға болады.
6. Жалынның боялуы
Барийдың ұшқыш тұздарын жаққанда түссіз жалынды сары-жасыл түске бояйды.
Платина немесе нихром сымын тұз қалдықтарынан НСl ерітіндісімен қыз-дыра отырып тазалау қажет. Тазартылған сымның ұшын тұз қышқылына, со-дан кейін барийдың құрғақ тұзына батырып сымды жалында ұстайды, жа-лынның боялғанын бақылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет