Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет80/125
Дата15.12.2023
өлшемі1,44 Mb.
#139505
түріҚұрамы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   125
Байланысты:
АХТН Лаборатория

Pb2+ катионын анықтау
Тұнбаны ыстық дистилденген судың 6-8 тамшысымен жуып, центрифу-гаттап, содан кейін калий йодидін құйғанда сары тұнба түзілсе Pb2+ ионы бар болғаны.
Sb3+катионын анықтау
Sb3+ ионын тұнбаға түсіріп, бөліп алған соң тұз қышқылының 2н ерітін-дісінің 8-10 тамшысымен жуады. Центрифугатты басқа сынауыққа ауыс-тырып, оны бес көлем суда сұйылтады. Егер, тұнба түзілсе, 2 тамшы күкіртті сутегін қосып центрифугаттайды. Sb3+ катионы бар болса, қызғылт-сары түс пайда болады.
Ag+ және [Hg2]2+ катиондарын анықтау
Қорғасын хлоридін және сурьма гидроксидін бөлiп алғаннан соң [Нg]2+, Ag+ катиондарын өздеріне тән сапалық реакциялары арқылы анықтайды.
Ва2+, Sr2+, Са2+ және Pb2+ катиондарын анықтау
Бұл катиондарды Ag+, [Hg2]2+ катиондарын бөліп алғаннан кейін анықтау керек. Ол үшін тұнбаға аммиак ерітіндісін қосып, 4-5 тамшы дистилденген сумен 2 рет қайталап жуады. Тұнбаны ыстық 30% аммоний ацетаты ерітін-дісімен немесе меркураммоний хлоридімен Pb2+ катионы кеткенге дейін өң-деу керек. Pb2+ катионын және екінші топ катиондарын бөліп алғаннан кейін, тұнбаны зерттеуге болады. Центрифугаттан ерітіндіні бөліп алған соң бірін-ші, екінші, үшінші топ катиондарының қоспасын анықтау әдісі бойынша зерттеу жүргізеді.

Бірінші топ катиондарын NH4+, К+, Na+ анықтау

Центрифугаттан 1 мл алып (үшінші топ катиондарын бөлiп алғаннан кейін) әлсіз сілтілік орта көрсеткенге дейін концентрленген аммиак ерітіндісін және 5-6 тамшы аммоний карбонатын қосады. Қоспаны араластырып, центрифу-гаттап тұнбаны бөліп алады. Ерітінді құрғағанша кептіріп және NH4+ катио-ны толық ұшып кеткенге дейін қыздырады (Несслер реактиві арқылы байқап тұрады). Қыздырып құрғатылғаннан соң алынған тұнбаны 5-6 тамшы дис-тилденген суда ерітіп, одан К+ және Na+ катиондарын анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет