Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Аммоний тетрароданомеркураттың(ІІ) әсері



бет66/125
Дата15.12.2023
өлшемі1,44 Mb.
#139505
түріҚұрамы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   125
Байланысты:
АХТН Лаборатория

6. Аммоний тетрароданомеркураттың(ІІ) әсері
Кадмий катионы аммоний тетрароданомеркуратымен(ІІ) әрекеттескенде кадмийдің тетрароданомеркуратының ақ кристалды тұнбасын түзеді:

Реакция өте сезгіш: анықтау минимумы - 1 мкг, шекті сұйылтуы - 103 мл/г.


Со2+ катионының сапалық реакциялары

Со2+ катионының сулы ерітінділері ақшыл қызыл-күлгін түс береді, бірақ сулы ерітіндісін құрғатқанда көк түске өзгереді.


1. NH4OH әсері
Кобальт(ІІ) тұзы ерітіндісіне аммиак ерітіндісін қосқанда көк түсті негіздік кобальт тұзы түзіледі, тұнба реактивтің артық мөлшерінде еріп гексаммин-кобальт(ІІ) -катионын [Co(NH3)6]2+ (сары түсті ерітіндісі) түзеді:




Ауада [Co(NH3)6]Cl2 ерітіндісі қызыл-қоңыр түске ауысады, кобальт(ІІ) кобальт(ІІІ) дейін тотығып хлорпентаамминкобальт(ІІІ) -анионын түзеді:
[Co(NH3)6]Cl2 + О2 + 2Н2О → 2[Co(NH3)5Cl](OH)2 + 2NH3

Сутегі пероксиді және аммоний тұздары қатысында тотығу реакциясы тез жүреді:


[Co(NH3)6]Cl2 + Н2О2 + 2NH4Cl→ [Co(NH3)5Cl]Cl2 + 4NH3 + 2Н2O
Тәжірибе:
3-5 тамшы кобальт(ІІ) тұзы ерітіндісіне тамшылатып сұйылтылған аммиак ерітіндісін қосады, көк түсті негіздік кобальт тұзы түзіледі, аммиак ерітін-дісін қосуды жалғастырғанда тұнба еріп, ерітіндінің түсі сары түске ауысады, ауада біраз тұрғанда сары түстің кір-сары түске ауысқанын байқауға болады.
Басқа сынауыққа 3 тамшы кобальт(ІІ) хлоридін алып, оның үстіне 2 тамшы сутегі асқын тотығын және тамшылатып аммиак ерітіндісін қара-қоңыр кобальт(ІІІ) гидроксиді түзілгенше қосады. Осыған концентрлі аммиак ері-тіндісін қосқанда, тұнба еріп қызыл-қоңыр түс пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет