Байланысты: ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі
6. Hg2+ катионының тотықсыздануы Hg2+ катионының бос сынапқа дейін тотықсыздануын металл күйіндегі мыс арқылы жүргізуге болады.
Тәжірибе: Тазартылған мыс пластинкасына 1тамшы сынап(ІІ) тұзының ерітіндісін тамызады. Бірер минуттан соң дақты фильтр қағазымен сүрткенде жылтыр күміс түсті дақ металдық сынапты бақылауға болады.
Реакцияның жүру шарттары: 1) бұл реакцияның жүруіне Ag+, Bi3+, [Hg2]2+және Sb3+ иондары кедергі болады;
2) зерттелетін ерітіндінің құрамында Sb3+және Bi3+ бар болса, реакцияны анилин қатысында жүргізу керек.
Cd2+ катионының сапалық реакциялары
Сd2+катионының сулы ерітінділері түссіз болып келеді.
1. NH4OH әсері Кадмий тұзы ерітіндісіне аммиакты қосқанда ақ түсті кадмий гидроксиді түзіледі, реактивті артық қосқанда түссіз кадмий аммиакатын түзіп ериді: CdCl2 + 2NH4OH → Cd(OH)2↓ + 2NH4Cl Cd(OH)2↓ + 4NH4ОH → [Cd(NH3)4](OH)2 + 4H2О Тәжірибе: 3-5 тамшы кадмий тұзы ерітіндісіне тамшылатып сұйылтылған аммиак ерітіндісін қосады, ақ түсті кадмий гидроксиді түзіледі, аммиак ерітіндісін қосуды жалғастырғанда тұнбаның ерігенін, түссіз кадмий аммиакаты түзіл-генін байқауға болады.