5. Микрокристаллоскопиялық реакция. Құрамында нитрат ионы NO3- бар ерітіндінің бір тамшысына 5% сірке қышқылындағы 10% нитрон C20H16N4 ерітіндісінің тамшысымен әсер ету керек. Нәтижесінде нитрат нитронға тән ине шоғырлары пайда болады.
Тәжірибе жүргізудің шарттары: 1) реакцияның жүруіне нитрит және йодид-иондары NO2-,I-, кедергі келтіреді, себебі олар да кристалды тұнбалар түзеді.
2) реакцияны жүргізу үшін жаңадан дайындалған нитрон ерітіндісі қажет.
NO2-нитрит-ионының сапалық реакциялары
Жоғарыда айтылған реакциялар NO3-анионмен қатар NO2-анионға да тән. NO2- анионын NO3- анионынан келесі реакциялар арқылы ажыратуға болады:
1. Қышқылдарбарлық нитриттерді азот тотықтарының бөлінуімен ыды-ратады:
2NaNO2 + H2SО4 → Na2SО4 + 2HNО3 2HNO3 → NО2↑ + NO↑ + H2О Тәжірибе: Фарфор ыдысқа немесе таза құрғақ шыны пластинкаға 3-4 тамшы дифениламинді концентрлі күкірт қышқылына және натрий нитратының NaNO2 тамшысына (немесе кристаллын)қосады.
2. Калий йодиді KJсұйытылған күкірт қышқылы қатысында нитрит-термен бос йодқа дейін тотығады:
2J- + 2NO-2 + 4Н+ → J2 + 2Н2О + 2NO↑ Тәжірибе: 4-5 тамшы күкірт қышқылымен қышқылданған нитриттар ерітіндісіне 4-5 тамшы калий йодидінің ерітіндісін құяды. Крахмалданған қағаздың көгеруі арқылы бөлініп жатқан бос йодты анықтайды.
Тәжірибенің жүргізілу шарттары: 1) йодид-ионының тотығуының шарттарына сәйкес.