ХХ ғасырдың 80 жылдары А.А.Леонтьев, Н.А.Березевина, Я.Л.Коломинский, С.В.Кондратьев, В.А.Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынас ұғымын қарастырды.
В.А.Кан-Калик қарым-қатынастың психологиялық мазмұнын, құрылымын, стилін, кезеңдерін анықтады.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас-
бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау,коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.
Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттер түрінде жүзеге асады. Коммуникатвті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер.
А.А.Леонтьев коммуникативті міндетті проблемалық ситуацияларды бағыттау нәижесі деп анықтап, оның мақсаты серіктеске әсер ету дейді.
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер