Iii. Оқу жұмысына ынталандыру, негізгі талқыланатын тапсырмалармен таныстыру Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелердің жоспарлануы мен құрылысы



бет1/4
Дата08.09.2023
өлшемі219,5 Kb.
#106674
  1   2   3   4
Байланысты:
2 ЛЕК-.07.09.2023




ІІ. Үй тапсырмасына шолу. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың заңнамалық және құқықтық нормалары. Жалпы қауіпсіздік талаптары


III.Оқу жұмысына ынталандыру, негізгі талқыланатын тапсырмалармен таныстыру
Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелердің жоспарлануы мен құрылысы
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Жалпы типтегі мектепке дейінгі балалар мекемелері
2. Денешынықтыру алаңы
3. Балалар мекемелерінің ауа-жылуымен қамтамасыз етілу тәртібінің гигиенасы

Мектепке дейінгі мекемелердің құрамына мектепке дейінгі жастардағы балалардың күндізгі уақытта және тәулік бойы болатын жалпы типтегі (бала бақшалар, балалар яслиі, балалар үйі, мектепке дейінгі балалар үйі) мекемелері, ақыл-ой және дене бітімі дамуында ауытқулары бар арнайы мектепке дейінгі мекемелер, аурушаң балаларды салауаттандыруға арналған жазғы демалыс орындары кіреді.


Жалпы типтегі мектепке дейінгі балалар мекемелері тұрғын мекеннен алыстығы 300 м көп емес, шуылы, ластануы жоғары магистралды көшелерден, өндіріс орындарынан, жәрмеңке-базарлардан, автобазалар мен гараждардан аулақта өзіне арнап бөлінген, жер учаскесінде орналасуы керек.
Жер учаскесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Әрбір мектепке дейінгі мекемелердің жыл мезгілінің барлық уақыттарында ойындар мен серуендер өткізуге арналған жер учаскесі болуы керек. Жер учаскесі жылдың барлық мезгілінде пайдаланылатын, балалардың әр түрлі іс-әрекеттеріне арналған мекеме ғимаратының жалғасы ретінде қаралады және мұнда төмендегідей фукционалдық алаңдар болуы тиіс: топтық алаңшалар, жалпы дене шынықтыру алаңы, бау-бақша алаңы, шаруашылық алаңы және көгалдандыру алаңы.
Жер учаскесінің ауданы, 90 орындық бала бақшалар үшін 1 орынға 40м2 , басқаларында – 35м2, Бала бақша кешендерінде – 30м2есебінен алынады. Кейбір жағдайларда учаске ауданын біршама кішірейтуге рұқсат етіледі: реконструкция жағдайында – 20% , бала бақшаның орналасатын территориясы 200-қа ылдилау болып келсе - 10%, ІА, ІБ, ІГ және ІІА климаттық аудандарда 1 орынға 25м2 дейін рұқсат етуге болады.
Сәбилерге арналған топтық алаңшалардың жері шөптесін өсімдіктермен көгалдандырылуы тиіс, ал мектеп жасына дейінгі топтарда одан басқа, ауданы 60 м2 дейін тапталған жер болуы керек. Топтық алаңдар балалардың жасына қарай, манежбен, тақтай-төсеулермен, әткеншектермен, баспалдақтармен, төбешіктермен және т.б. қажетті жабдықтармен жабдықталынады.
Балабақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуының маңызы өте зор. Көгалдандырылған жер көлемі қанша болса, оның маңайында соншама жер “салауаттандырылатыны” (шаң-тозаң азаяды, ауа ылғалдылығын жақсартып, жеңіл иондармен қанықтырады т.с.с.) анықталған. Сондықтан бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы 50% кем болмауы керек. Көгалдарды бала-бақшаның ғимаратына күн сәулесінің түсуіне кедергі келтірмейтіндей, көлеңкелері арқылы табиғи жарықтың төмендеуіне әсерін тигізбейтіндей етіп орналастыру қажет. Осы мақсатқа сәйкес, биік ағаштарды ғимарат терезелерінен 10м қашықтықта, ал аласа бұталарды 5м қашықтықта отырғызу керек. Белгілі есеппен рационалды отырғызылған ағаштар топтық алаңшалар мен ғимаратты күн көзінің тікелей түсуінен, тым ысып кетуден сақтайды. Көгалдандыру үшін тікенекті, жемістері улы өсімдіктер отырғызбауды қадағалау қажет. Учаскеде мектепке дейінгі топтар үшін бір балаға 0,6м2 есебінен бау-бақша орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет