Ландшафтық гүлзарлар



Дата23.02.2022
өлшемі15,59 Mb.
#26204
Байланысты:
Ландшафт 4 апта

Ландшафтық гүлзарлар

Гүлзар

  • Гүлзар бау-бақша,саябақ,мекеме және тұрғын үй маңын,жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң.

Гүлзарда өсімдіктердің:

  • Биологиялық ерекшеліктері;
  • Гүлдің түсі пішіні;
  • Жапырақтарының үлкен кішілігі;
  • Сабағының ұзындығы;
  • Гүлдеу мерзімі,ұзақтығы
  • Үйлесімділігі

Топтар

  • Топтап отырғызу – гүлзарлық композицияның еңкең таралған түрі болып саналады. Олар біржылдық және көпжылдық өсімдіктерден құрылуы мүмкін. Топтап отырғызудың өлшемі мен пішінін сол жердің иесі өз қалауымен және талғамымен өзгерте алады. Сонымен бірге бақтың аумағын және сол жердегі сәндік және архитектуралық формасын білу керек. Топтар құрамына байланысты екі түрге бөлінеді. Егер топтап отырғызуда екпенің бір түрі бар болса, онда ол жәй деп аталып, аумаққа біртүсті жолақ береді. Аралас топтар гүлдеу уақыты әртүрлі, екі түрден тұратын өсімдіктерден тұрады. Көп бөлігі жуа тәрізді және кеш гүлдейтін өсімдіктерден тұрады. Топтап отырғызуда биік емес, көпжылдық және гүлдейтін бұталы өсімдіктер жақсы көрінеді.

Рабаткалар

  • Жол шетіндегі немесе аймақтағы, сонымен бірге көгалдағы көлемді (40см-ден 250 дейін) гүлзарларды рабатка деп атаймыз. Бордюрден айырмашылығы – өсімдіктердің көп болуында. Оның негізгі бөлімін аласа өсетін екпе құрайды.Рабаткаға өсімдіктен геометриялық жолақтар жасайды. Рабаткалар біржақты және екіжақты болуы мүмкін. Бірінші кезекте, біржақты рабаткалар бір қабаттан, бір биіктіктегі өсімдіктерден тұрады. Ал көпқабатты рабаткалар өте сәнді көрінеді. Рабатка екпенің бір түсті немесе түрлі түсті өсімдіктерден тұрады.

Миксбордерлер мен бордерлер

  • Бордер викториандық Англияда шыққан және ол күрделі көпжылдық гүлзрлар, біржылдық және көпжылдық өсімдіктерден тұрады. Гүлзарлық композицияның мұндай түрі көгалдар мен жолдарды сәндеу үшін қолданады. Гүлзардың ең басты түрі фон болып саналады.Бордюрдің ұзындығы 10м-ге дейін жетеді, ені 150-ден 450см-ге дейін болады. Өсімдіктері көбінесе қабатты болып орналасады. Бордерлердің ерекшелігі өсімдіктердің әр түрлі биіктікте өсіп, сонымен қатар өте аласалары жақсы көрініп тұруында. Миксбордердің бордерден айырмашылығы, онда шөптесін өсімдіктердің, жартылай бұталардың және бұталардың, мысалы, шәңкіш, акация, бөріқарақат, жұпаргүл, гортензия, итмұрын және т.б. болуында. Тағы бір ерекшелігі көпжылдық және біржылдық екпелерінің болуы. Миксбордер жалпақ және баспалдақты болуы мүмкін. Баспалдақты миксбордердің жоспарында өсімдіктерді биіктігіне байланысты орналасады:артқы жоспарда – биік өсетін, орта бөлімінде- орташа өсетін, ал алдында – аласа өсетіндер. Бордерлер мен миксбордерлер көбінесе жалпақ тастармен, өзендік құмдармен безендіріледі. Олар көбінесе су қоймалары мен альпі шоқысының жанында жақсы көрінеді. Уақытымен өсімдіктердің қураған және өліп қалған жерлерін алып тастап, топырақтарын қопсытып және суғару міндетті.

Жеке отырғызу

  • Жеке отырғызылған өсімдіктерді көбінесе ашық жерлерде, мысалы, көгал мен шалшық жерлерде отырғызады. Жеке өсетін өсімдік сыртқы көрнісімен, әдемі түрімен және өлшемімен ерекшеленеді. Ол мақсатқа жнту үшін, жәй сау көшірмелерді отырғызып, және күнделікті оларды күтіп – баптау керек. Жеке ағаштарға көбінесе лилия, гладиолус, астильба, кохия және т.б. сәндік өсімдіктер жатуы тиіс.

Клумба

  • Клумба гүлді және сәндік – жапырақты композицияның бір түрі болып табылады. Әр түрлі формалары бар. Олар: тікбұрышты, сопақ, домалақ, тік төртбұрышты және т.б. болады. Өсімдіктері бір түсті, әр түрлі және жолақты болуы мүмкін. Клумбаның дәл ортасына әдетте үлкен және ақшыл сәндік өсімдіктер, мысалы, таушымылдық, гладиолус, канна, георгина және бұтақты раушан гүлдер отырғызылады. Бордердің жан-жағына биік емес контраст беретін гүлдер отырғызады. Бұл рөльге флокс, барфат, алиссульдар өте жақсы сәйкес келеді. Өсімдіктерді клумбаның ортасына емес, жан – жағына тығыз отырғызса, онда гүлдердің орналасуы тиянақты болып шығады. Форма анық болады, ал екпелері жақсы және қолайлы жағдайда гүлдеп дами алады.

Қазақстанда Гүлзар өсіруде,көбінесе геометриялы және көркем сызықты-өрнектеу әдістері қолданылады.

Қазақстанда Гүлзар өсіруде,көбінесе геометриялы және көркем сызықты-өрнектеу әдістері қолданылады.

Әсіресе,қазақ халқының түс киіз,текемет оюларының нақышын келтіретін ұлттық ою-өрнектер(қошқар мүйіз,жас бұта,гүл,жапырақ)қызғалдақ,сарғалдақ,қалампыр,боз кілем т.б. Гүлдердің түрлерімен беріледі.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет