ІII тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары /9-сынып/
«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойыншажиынтық бағалау №1
Оқу мақсаты:
9.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды
тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу.
9.4.2.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.
Бағалау критерийі
Білім алушы
-Мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді анықтайды;
-салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратады, түрлендіріп қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары, қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Кез келген мемлекеттің дамуына халық саны ықпал етеді. Ендеше, еліміздегі демографиялық жағдай қандай деген сауалға мәтін ақпараттарын салыстыра отырып, жауап іздеп көріңіз.
Берілген салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазыңыз.
Халық саны біресе көбейеді, біресе азаяды. 2. Не отбасын құруды, не болмаса үй алуды жоспарлап жүр. 3. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. 4. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. 5. Мұның басты себебі мынау: халық саны жылдан-жылға артып келеді.
Түсіндірмелі салалас
Талғаулы салалас құрмалас
Кезектес салалас құрмалас
Бағалау критерийі
тапсырма
Дескриптор
Балл
Мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді анықтайды;
1
-мәтін құрылымын сақтайды;
-мәтіндердегі деректерді салыстырады;
-маңызды тұстарын анықтап жазады
2
2
2
Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратады, түрлендіріп қолданады.